Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh (1).docx
Скачиваний:
714
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
361.22 Кб
Скачать

30.ХyiiIғ басындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайы

Жауабы: сопымен , Қазақстанның 18 ғ 30 ж бас кезіндегі ішкі ж/е сыртқы саяси жағдайы жоғарыда айтылғандай өте қыйын жағдайда болады. әбілхайыр ханға Тәуке кезінде басталған Ресей мемлекетімен қатынас жасау саясаты: жалғастырып қазақ хандығының күресу саясаты өз күшімен сыртқы жауларды түпкілікті сақтанып қалу қалу мүмкіндігін жеткіліксіз екенін көрсетті. Сондықтан да қажет күшті тіректі солтүстік батыстағы көршісі – Ресей мемлекетінен іздеуге мәжбір болды. әбілхайырдың Түркістаннан ырғыз жағына кетіп қалуы, кіші жүз жеріне тынымсыз шабуылдарын күшейтті.

  1. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі.— қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25).[1] Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 ж. орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек құю технологиясын меңгерді. 1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып (қолбасшысы Қалдан Серен), Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі (қонтайшы Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып (Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан) қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Бұл деректі Шәкәрім Құдайбердіұлы да қостайды. Қорғануға мұршасы келмеген ел әсіресе Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өзендері бойында көп қырылды. Тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл жоғары өткелден өтіп Ходжент, Самарқан иеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып, («Сайран айналған») Бұқараға ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұм ішіне сіңді. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген қазақ жеріне Еділ бойы қалмақтары (торғауыттар), Жайықтың казак-орысы, Орал башқұрттары, Қоқан бектері, Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды.«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы майдан ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында, Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды.

32. Кіші және Орта жүздің Ресей бодандығын қабылдауы.Кіші жүздің Россия құрамына енуі туралы мәселені шешу кезінде Кіші жүз ханы Әбілқайыр бастаған хан партиясы елеулі роль атқарды. Ол қазақ хандықтары тап болған күрделі ішкі және халықаралық жағдайда қырдағы басқа топтардан гөрі дұрыс бағалап, бірінші кезекте Кіші жүзде Россия құрамына қосқан жағдайда Россияның көмегімен ғана Жоңғария, сондай-ақ Цин империясы тарапынан төнген қауіп-қатерді жоюға және ішкі алауыздықтарды тоқтатуға болатынын басқалардан бұрынырақ түсіне білді.XVIII ғасырдың 20-жылдарына дейін султан болып жүрген кезінде Әбілқайыр орыстың дипломатиялық топтарына едәуір белгілі болатын. «Ақылы жеткілікті және қулықтан да ада емес адам» — деп ол жөнінде А.И.Тевкелев осындай пікір айтқан. Ол ең алдымен қазақ мемлекеттілігінің стратегиялық мүдделерін басшылыққа алып, екінші жағынан Россия әкімшілігіне сүйене отырып, өзінің басқа бәсекелестерінен жоғары болуға, оларды саяси аренадан ығыстырып шығаруға ұмтылды, атақты Тәуке ханның заманында болғанындай, өзі билеген хандықтың жеке-дара басшысы болу мақсатымен, халыққа қасіретті зардабын тигізетін жоңғар басқыншылығына жол бермеу үшін күш пен мүмкіндікті біріктіруге тырысты. Осы міндеттерді іс жүзіне асыруға ұмтылған Әбілқайыр 1730 жылдың жазында Уфа наместниктігі арқылы Петербургке елші жібереді.1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың Сейтқұл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келіп жетті. Олар әйел патша Анна Иоанновнаға Кіші жүзді Россия империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. «Біз Әбілқайыр хан,- деп көрсетілді жолдамада,- маған карасты Орта жүз бен Кіші жүздің көптеген …халқымен сіздің алдыңызға күлліміз бас иеміз… Сіздің қамқорлығыңызда болсақ дейміз». Әбілқайыр өз жолдамасында қазақтар мен башқұрттар арасында қалыптасқан тым шиеленіскен қарым – қатынасты баса айтты. Хан Кіші жүзді Россия құрамына қосу бұл қарама қайшылықтарды жояды деп есептеді.1731 жылғы 19 февральда императрица Анна Иоанновна Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына олардың Россия қоластына ерікті түрде қабылданғандығы туралы грамотаға қол қойды. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірде Кіші жүзге А.И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. Олармен бірге Петроградка жіберілген қазақ елшілері де оралды.Кіші жүз қазақтарының Россия қоластына қабылдануында атақты Бөгенбай батыр елеулі роль атқарды. 1731 жылғы 10 қазанда Тевкелевті қазақ ру басыларының жиналысына шақырды, онда Әбілқайыр, содан соң Бөгенбай батыр, Есет, оның тумасы Құдайназар мырза, ал олардан кейін тағы да 27 білікті қазақ феодалдары Кіші жүздіңРоссияға өз еркімен қосылуы туралы юридикалық актіге қол қойды.Орта жүздің Россия бодандығын қабылдау 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке Россия империясының құрамына кіретінін білдіріп, ант беріп, «өзінің мөрін басты».Россия патшасының Кіші жүзді қоластына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатан батыр, Бөлек батыр әйел патша Анна Иоанновнаға хат жазып, Ұлы жүзді де өз қоластына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бұл хатты Петроградқа Қангелді батыр жеткізді. Мұның өзі Россия құрамына енуге Ұлы жүз тарапынан жасалған алғашқы әрекет болды.1734 жылы 10 тамызда Россия патшасы Ұлы жүзді Россия құрамына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойып, Ұлы жүз хандығына “ Сіздерді қоластымызға Әбілқайырды алған шарттар бойынша аламыз”. –деген қағаз жіберді. Алайда Ұлы жүздің Россиядан шалғайлығы сондай-ақ оның Жоңғариямен мейлінше күрделі әрі шиелініскен қарым – қатынас қазақ жерлерінің Россия құрамына енуін іс жүзінде асыруға кедергі келтірді. Оның үстіне Ұлы жүздің Россияға қосылуын белсене жақтаушылардың бірі Жолбарыс хан 1740 жылдың 5 сәуірінде опасыздықпен өлтірілді.1740 жылы Орынбор экспедициясынің бастығы генерал – лейтенант князь В.А.Урусов Орынборға елшілік тапсырмамен келіп, 19 мамыр және қыркүйек аралығында Нуралы, Ералы султандармен, Жәнібек, Бөгенбай және Есет батырлар кейінрек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай султанмен келіссөздер жүргізді.Келіссөздердің барысында 22 тамызда Нуралы, Ералы султандармен Жәнібек батырға ере келген 106 ру басы Россияға қарайтыны туралы ант берді, ал 28 тамызда 1740 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай султан Россияға қарайтыны жөніндегі шартқа қол қойды. Сөйтіп, 1740 жылғы тамыздың аяғында Кіші жүздің барлығы 399 өкілі Россияға қарайтыны туралы шарттың міндеттемелер қабылдады.Сонымен Кіші және Орта жүздерінің бір топ султандары мен ру басыларының 1740 жылы ант беруі Россияға Орта жүздің тек 1 бөлігінің ғана қосылуын қамтамасыз етті. Ал Солтүстік – шығыс және Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары империя құрамына тек XIX ғасырдың20-40 жылдыры ғана патша өкіметінің әскери-саяси акциялары салдарынан қосылды.

33.ХҮІІІ ғ. Қазақстандағы Ресей империясының отарлау саясаты.Патша өкіметі Қазақстан жеріндгі отарлау саясатын біртіндеп жүзеге асырды. Оның 1742 ж 19 қазандағы жарлығы бойынша Жайық өзені жағасының қамалдар маңында қазақтардың көшіп қонуына тыйым салынды, сонымен қатар олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп қонып жүрген жерлері шектелді. Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер құрылысын тездетіп салу және түрақты казак –орыс мекендерін құру жолымен, екіншіден, саяси әкімшіік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі құру, басқарудың дистанциялық жұмыс түрімен, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата қосу. Отарлаудың әскери-әкімшілік кезеңінде патша өкіметінің тірек пункттері ретінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. 1744 жылы Орынбор қаласы, 1752 ж Петропавл қаласы салынды. 1752 ж бастап Оңтүсік Алтайдың, Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, Бұқтырма және Нарым бойындағы жерлердің Ресейге қосылғандығы туралы ресми жарияланды . 1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет өлгеннен кейін хан болып сайланған Абылайдың Ресей бодандығын сақтай отырып, Қытай империясы өкімет билігін де қабылдауға мәжбүр етті. 1781 жылы Абылай қайтыс болғаннан кейін Орта жүздәі ханы болып оның баласы Уәли сайланды. 1815 жылы Орта жүз ішіндегі Уәлидің билігін әлсірету үшін Патша өкіметі екінші хан етіп Бөкейді тағайындады. Орта жүздің хандары Бөкей 1817 жылы, Уәли хан 1819 жылы қайтыс болған соң, патша өкіметі жаңа хан сайлатпай , Орта жүзді бірнеше әкімшілік аймаққа бөліп, оларды басқарып-бақылауға патша әкімдерін қойды. 1822 жылы орыстың белгілі мемлекет қайраткері М.М.Сперанскийдің басшылығымен «Сібір қырғыздары туралы жарғы», 1824 жылы «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»-деген құжат негізінде патша үкіметі қазақ жерін басқару жөніндегі заң шығарды. Осы заң бойынша Орта жүзбен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік-саяси басқару жүйесі қалыптасты. Ал орта жүзде «аға сұлтан » деген атқарушы қызмет атқарылды. Орта және Ұлы жүздердің қосылған территорияларында Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиополь (Аягөз), Лепсі, Верный бекіністері салынды. Қазақ елі негізінен мал өсіруші өлке еді. Егіншілік шаруашылық айналымына енді енді еніп келе жатты. 19 ғасырдың 30-60 жылдары Қазақстанда небәрі 29 мың десятина егін егілді. Егінші қазақтарды жатақтар деп атады. Қазақстанда табиғат байлықтарының мол қоры болды. 19 ғасырдың ортасына қарай көптеген кен орндары ашылып, мыс, қорғасын, күміс, көмір өндіру қолға алынды. Кен балқытатын, өндіретін, өңдейтін кәсіпорындар салына бастады. 18 ғасырдың соңы мен 19 ғаырдың баында Ресеймен шекаралық сауда орталықтарында Қазақстаннан тек бір жыл ішінде 1,5 млн нан астам мүйізді ірі қара мал және 100 мыңнан астам жылқы сатылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]