Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh (1).docx
Скачиваний:
714
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
361.22 Кб
Скачать

45. ХХғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайы.

1905 – 1907 жж. бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері. Қазақстан еңбекшілерінің 1905–1907 жыл­дардағы ереуілдері орыс халқының ре­волю­ци­ялық күресімен тығыз бай­ла­ныс­ты еді. 1905 жы­лы ақпан­да Орал, Пе­ровск, Түркістан, Шалқар теміржол­шы­лары өздерінің эко­номи­калық жағдай­ла­рын жақсар­ту та­лабын қойған ереуіл жа­сады. 1904 жы­лы пай­да болған Сібір со­ци­ал-де­мок­ра­ти­ялық одағы, оның Ом­бы, Орын­бор, Са­ратов ко­митет­тері Қазақстан жерінде ре­волю­ци­ялық жұмыс­ты күшей­те түсті. 1905 жыл Қазан айын­дағы Бүкілре­сейлік ереуілдің әсерімен Қазақстан­ның бар­лық қала­ларын­да ше­рулер, ми­тингілер мен жи­налыс­тар бо­лып өтті. Пе­ровскідегі, Орал­дағы, Қарқара­лыдағы, Пав­ло­дар­дағы ма­нифес­та­ци­ялар неғұрлым ірі бол­ды. Олар­ды орыс­тар ара­сынан және қазақтар­дан шыққан жергілікті зи­ялы­лар ұйым­дастыр­ды. Қарқара­лыдағы 1905 жылғы 15 қара­шадағы үлкен са­яси ми­тинг­ке қазақтар­дан, та­тар­лардан, орыс­тардан және басқала­рынан тұра­тын 400-дей адам қатыс­ты. Олар пат­ша өкіметіне қар­сы бірқатар та­лап­тар қой­ды, отар­шы­лық әкімшілікке қар­сы күре­суге шақыр­ды. Кейіннен Қарқара­лы оқиғасы­ның бас­шы­лары қуғынға ұшы­рады. А. Байтұрсы­нов Орын­борға, Ж. Ақба­ев Яку­тияға жер ауда­рыл­ды. Пат­ша өкіметі 1905 жы­лы 17 қазан­да ел­дегі ре­волю­ци­ялық қозғалыс­ты ба­су мақса­тын­да ар­найы ма­нифест қабыл­да­ды. Бірақ бұл жоғары мәрте­белі ма­нифест жұмыс­шы қозғалы­сын бәсеңдет­кен жоқ, қай­та кейбір жер­лерде күшей­те түсті. Қазақ жұмыс­шы­лары мен ша­ру­ала­ры пат­ша өкіметіне орыс жұмыс­шы­лары­мен және қоныс­танған ша­ру­алар­мен қол ұста­са оты­рып қар­сы шықты. Қазақ ша­ру­ала­ры ең ал­ды­мен жер, су үшін, теңдік, бос­тандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жы­лы жаз­да Се­мей, Торғай және Орал об­лыста­рын­да жер үшін толқулар бол­ды. Мәске­удегі жел­тоқсан қару­лы көтерілісінің әсерімен 1905 жыл 11 жел­тоқсан­да Ус­пен руд­нигіндегі жұмыс­шы­лар­дың ірі ереуілі өтті. Ереуіл ба­рысын­да орыс жұмыс­кері Петр То­пор­нин мен қазақ жұмыс­шы­сы Әлімжан Бай­шағыров басқарған «Орыс-қырғыз одағы» құрыл­ды. Жұмыс­шы­лар өздерінің жал­пы жи­налы­сын­да қабыл­даған та­лап­та­рын «Пе­тиция» ретінде руд­ник бас­шы­сы Н. Фелль­ге тап­сырды. Оның бірде-бір пункті қабыл­данбаған­дықтан «Орыс-қырғыз одағының» шақыру­ымен руд­никте ереуіл бас­талды. Руд­ник кеңсесі үстіне қызыл жа­лау көтерілді. Ус­пен руд­нигі жұмыс­шы­лары­ның ереуілі 1905–1907 жыл­да­ры Қазақстан­да болған ре­волю­ци­ялық қозғалыс та­рихын­да көрнекті орын ала­ды. Яғни, ол өлке­де ре­волю­ци­ялық қозғалыс­тың ең жоғарғы ша­рықтаған кезі деп са­нала­ды. 1906 жы­лы 6 қаңтар­да пат­ша­ның ар­на­улы жар­лығымен Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­рының бүкіл аумағына соғыс жағдайы енгізілді. Солтүстік Қазақстанға Мел­лер-За­комель­скийдің жа­залау экс­пе­дици­ясы әкелінді. 1905–1907 жж. болған ре­волю­ци­ялық қозғалыс­тармен бай­ла­ныс­ты Қазақстан жұмыс­шы­лары­ның кәсіпо­дақ ұйым­да­ры бой көтерді. Алғашқылар­дың бірі бо­лып Орал­дағы теміржол­шы­лар­дың кәсіпо­дағы (1905 ж. қара­ша) құрыл­ды, оған Н. Сму­ров, Н. А. По­кати­лов және Н. И. Ульянов бас­шы­лық жа­сады. 1905–1906 жж. Орын­бор-Таш­кент теміржол­шы­лары­ның кәсіпо­дағы ең ірі ұйым бо­лып са­нал­ды. Оның 6 мың мүшесі болған. 1905 жы­лы жел­тоқсан айын­да I Мем­ле­кеттік Ду­маны шақыру ту­ралы пат­ша үкіметінің жар­лығы шығып, оған Қазақстан­нан 9 де­путат, оның ішінде 4 қазақ сай­лан­ды. Олар: Ә. Бөкей­ха­нов, А. Бірімжа­нов, А. Қал­ме­нов, Б. Құлма­нов. 1906 жы­лы та­мыз айын­да II Мем­ле­кеттік Ду­ма шақырыл­ды. Оған Қазақстан­нан 14 де­путат сай­лан­ды, оның ал­та­уы қазақ ха­лық өкілдері бол­ды. Олар: Ш. Қошығұлов – Ақмо­ла об­лы­сынан, Х. Нұре­кенов – Се­мей об­лы­сынан, Б. Қара­та­ев – Орал об­лы­сынан, А. Бірімжа­нов – Торғай об­лы­сынан, Т. Ал­ла­бер­ге­нов – Сыр­да­рия об­лы­сынан, М. Ты­ныш­ба­ев – Жетісу об­лы­сынан. Ұлттық қозғалыс­тың Ә. Бөкей­ха­нов, А. Байтұрсы­нов бас­таған же­текшілері ха­лықтың азат­тық қозғалы­сын конс­ти­туци­ялық мо­нар­хия, ли­берал –де­мок­ра­ти­ялық ре­фор­ма­лар жүргізу үшін күрес­ке бағыт­тағысы келді. 1905 жы­лы қазан­да ұлттық ин­телли­ген­ция өкілдері Орал­да бес об­лыстағы қазақтар­дың де­легат­та­рының съезін өткізіп, он­да олар­дың ұлттық мүддесін қорғауға тиісті Ре­сейдің конс­ти­туци­ялық-де­мок­ра­ти­ялық пар­ти­ясы­ның фи­ли­алын құрмақшы бол­ды. 1906 жы­лы сәуір-ма­мыр ай­ла­рын­да Се­мей­де қазақтар­дың екінші съезі бо­лып өтті. Қазақ еңбекші бұқара­сының 1905–1907 жыл­дардағы ұлт-азат­тық қозғалы­сы көп жағдай­да ұйым­даспаған түрде өтті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]