Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh (1).docx
Скачиваний:
714
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
361.22 Кб
Скачать

47. Хiх ғ екінші жартысы – хх ғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті.

Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы және т.б., ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі мен маңызы. XIX ғ. 60-жыл­да­ры Қазақстан­да бас­та­уыш мек­тептердің ашы­луы Ы. Ал­тынса­риннің есімімен тығыз бай­ла­ныс­ты. 1867–1868 жыл­дардағы ре­фор­ма­лар­дан кейін мұндай мек­тептер Қазақ өлкесінің көпте­ген ай­мақта­рын­да жұмыс істей бас­та­ды. 1868–1869 жыл­дарды Орал об­лы­сын­да 24 орыс-қазақ мек­тебі, 2 екі сы­нып­тық, 6 се­лолық 1 сы­нып­тық, 14 жоғары сы­нып­тық мек­теп және 2 же­кеше учи­лище бол­ды. 1877 жылға қарай Орал ка­зак әскерінің 47 мек­тебінің бе­сеуі қыз­дар мек­тебі еді. Об­лыста 70-жыл­дардың ба­сынан бас­тап мек­теп ісі едәуір жан­да­на түсті. Ер ба­лалар және қыз­дар гим­на­зи­яла­ры мен про­гим­на­зи­яла­ры, мұғалімдер да­яр­лай­тын се­мина­рия, ер ба­лалар оқитын уездік при­ход учи­лище­лері, ок­ругтік әске­ри учи­лище, ста­ница­лық және басқа да оқу орын­да­ры ашыл­ды. 1883 жы­лы қазақ ба­лала­рын оқытуға ар­налған ер ба­лалар ин­терна­ты об­лыс ор­та­лығы Се­мей­де, уездік қала­лар Пав­ло­дар­да, Өске­мен мен Зай­сан­да жұмыс істеді, ал қазақ қыз­да­рын оқытуға ар­налған ин­тернат­тар Се­мей мен Пав­ло­дар­да ғана бол­ды. Сыр­да­рия об­лы­сын­дағы орыс­тарға ар­налған алғашқы мек­тептер 1860 жы­лы Райым (Қаза­лы) бекінісінде және Пе­ровскіде (Қызы­лор­да) ашыл­ды. Жетісу об­лы­сының аумағын­да алғашқы мек­тептер 1868 жыл­дан бас­тап ашы­ла бас­та­ды. Вер­ный және Қапал бекіністерінде при­ход мек­тептері құрыл­ды. Об­лыстың қалған уез­дерінде 12 ста­ница­лық және по­сел­келік бас­та­уыш мек­теп болған еді. XIX ғ. Екінші жар­ты­сын­да бо­лыс­тар мен ауыл­дардағы қазақ ба­лала­ры әдет­те мұсыл­ман мек­тептері мен мед­ре­селер­де оқыды. Пат­ша үкіметі Қазақ да­ласын­да мұсыл­ман мек­тептерінің ашы­лу­ына жол бер­меу үшін ша­ралар қол­данды. Ол жергілікті отар­лық ор­гандар мен оқу бас­тықта­рына мұсыл­ман мек­тептерін қатаң бақылау жөнінде нұсқаулар мен ере­желер жіберді. Қан­дай да бол­ма­сын шек­те­улер­ге қара­мас­тан жер-жер­де, әсіре­се Қазақстан­ның ис­лам дінінің ықпа­лы күшті болған оңтүстік об­лыста­рын­да мұсыл­ман мек­тептері ашы­ла берді. Қазақ ба­лала­ры жаз­дыгүні киіз үй­лер­де, ал қыс­тыгүні жертөле­лер­де оқыты­латын. Бұл ке­зеңнің оқу құра­лы «Ша­ри­ат-ул-иман» не­месе «Иман-шарт» бол­ды. Құран оқумен бірге, та­тар және араб тілдеріндегі кітап­тар бойын­ша ис­ламның негізгі қағида­лары мен бас­ты ғұрып­тық ере­желер оқытыл­ды. Мек­тептер­де көбіне­се 8–17 жасқа дейінгі ба­лалар білім ал­ды. Мед­ре­селер­де мек­тепте білім алған және өз білімін те­реңде­туге тілек білдірген адам­дар оқыды. Мед­ре­сеге түскен­дер «та­либ-улам» (білімге ұмты­лушы­лар) не­месе шәкірттер деп атал­ды. Олар Ор­та Азияға және Еділ та­тар­ла­рына жал­пы белгілі оқулықтар мен оқу құрал­да­ры бойын­ша араб фи­лоло­ги­ясын және мұсыл­ман діні құқығын, сон­дай-ақ діни фи­лосо­фияға қатыс­ты басқа да бірқатар пәндерді оқыды. Мед­ре­селердің «мұғалімдеріне» ке­летін бол­сақ, олар негізінен алған­да дін жо­лын ұста­нушы­лар­дың ұсы­нысы бойын­ша тиісті үкіметтік ор­гандар бекітіп, тағайын­даған мол­да­лар бол­ды. Бұл мол­да­лар мешіттер­де діни қыз­мет атқара жүріп, мед­ре­селер­дегі істерді басқар­ды және шәкірттерді оқыту­мен ай­на­лыс­ты. XIX ғасыр Қазақстан­ның мәде­ни өміріндегі ағар­ту­шылық ғасыр деп ата­лады. Білім мен мәде­ни­еттің да­му­ына ал­дыңғы қатар­лы орыс зи­ялы­лары үлкен ықпал жа­сады. 1847–1857 жыл­дарда ук­ра­ин ақыны Т. Г. Шев­ченко Қазақстан­да ай­да­уда бол­ды. Қазақстан Орыс ге­ог­ра­фи­ялық қоғамы бөлімше­лерінің зерт­теу обьектісіне ай­нал­ды, мұнда мәде­ни-ағар­ту ме­кеме­лері мен ста­тис­ти­калық ко­митет­тер жұмыс істеді; өлке­тану мұра­жай­ла­ры ашы­лып, ер­те­дегі ес­керткіштер, ха­лықтың ауыз­ша шығар­ма­шылығы және құқықтық заңдар, со­ның ішінде қазақтар­дың дағды­лы құқығы зер­де­ленді; орыс-қазақ мек­тептері мен кітап­ха­налар ашыл­ды. Қазақтар өз ба­лала­рына білім бе­руге ұмты­лыс жа­сап, ба­лала­рын ка­дет кор­пуста­ры бар Ом­бы мен Орын­борға жібе­ру үшін мүмкіндік іздестірді. Білім алуға де­ген жап­пай ұмты­лыс пен ықылас жағдайын­да Шоқан Уәли­ханов, Абай Құнан­ба­ев, Ыбы­рай Ал­тынса­рин бас­таған қазақ ағар­ту­шыла­рының то­бы қалып­тасты. Шоқан Уәли­ханов (1835–1865). Аса көрнекті ағар­ту­шы, ғалым және зерт­те­уші Ш. Уәли­ханов Құсмұрын бекінісінде туған. 12 жа­сына дейін Шоқан Құсмұрын­дағы же­ке меншік мек­тепте оқып, мұсыл­ман діні ілімімен та­ныс­ты. 1847 жыл­дың күзінде Шоқан Ом­бы ка­дет кор­пу­сына оқуға түсті. Ка­дет кор­пу­сын­да Шоқан Уәли­ханов белгілі ғалым, ге­ог­раф және Ази­яны зерт­те­уші Г. Н. По­танин­мен бірге оқып, дос­та­сып кетті. Ол орыс тілін та­маша меңгерді. Дос­то­евс­кий мен Ш. Уәли­ханов­тың дос­тық қарым-қаты­нас­та­рын олар­дың түрлі уақыт­та жа­зысқан хат­та­ры дәлел­дейді. Ф. М. Дос­то­евс­кий өзінің хат­та­рын­да дос ретінде Шоқанға пай­да­лы кеңес­тер беріп, ру­хын көтеріп, оның ал­ды­на аса зор игі міндет­тер қояды. 1853 жы­лы Шоқан ка­дет кор­пу­сын бітірген­нен кейін Сібір ка­зак әскеріне қыз­метке жіберіледі. Көп ұза­май Ба­тыс Сібір ге­нерал-гу­бер­на­торы Гас­форт оның қабілеттілігіне на­зар ауда­рып, 1854 жы­лы Шоқан оған адъютант бо­лып тағайын­далды. 1855 жы­лы Ш. Уәли­ханов Гас­форт­тың Ом­бы­дан Іле Ала­та­уына дейінгі са­пары­на қаты­сады. Бұл са­пар қара­пайым ха­лықтың өмірін та­нып-білудің ба­сы бол­ды, олар­дың та­рихи аңыз-әңгіме­лері мен жыр­ла­рын жа­зып алуға мүмкіндік берді. 1856 жыл­дың көктемінде бо­лашақтағы Шығыс зерт­те­ушісінің өмірінде өшпес із қал­дырған ай­ту­лы оқиға бол­ды – ол аса көрнекті ғалым, белгілі ге­ог­раф П. П. Се­менов-Тянь-Шанс­кий­мен та­ныс­ты. Сол жы­лы Шоқан Уәли­ханов екі экс­пе­дицияға қатыс­ты – біреуі Ор­та­лық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыс­тықкөлге дейінгі; екіншісі дип­ло­мати­ялық тап­сырма бойын­ша Құлжаға са­пар. 1857 жы­лы Уәли­ханов ала­тау қырғыз­да­рына тағы да са­пар ше­геді, он­да көшпелі қырғыз халқының өмірімен, тұрмы­сымен бұрынғыдан да жақсы та­нысып, оның та­рихын, эт­ногра­фи­ясын және ха­лықтық по­эзиясын те­реңірек зерт­те­уге мүмкіндік ал­ды. Осы жо­лы ол қырғыз халқының эн­цикло­педи­ялық дас­та­ны «Ма­нас­ты» жа­зып ал­ды. Ш. Уәли­ханов­тың ғылы­ми қыз­метінің жаңа ке­зеңі 1858 жылғы Қашғарияға құпия са­пары бол­ды. 1859 жыл­дың күзінде Шоқан Әске­ри ми­нистрліктің шақыру­ымен Пе­тер­бург­ке са­пар шекті. Оның «Қыр­дағы мұсыл­маншы­лық ту­ралы», «Қырғыз­дардың көші-қон­да­ры ту­ралы», «Сот ре­фор­ма­сы ту­ралы» жаз­ба еңбек­тері бар. 1864 жыл­дың көктемінде Уәли­ханов Чер­ня­евтің Оңтүстік Қазақстан аумағын Ре­сей­ге қосып алу­ды мақсат ет­кен әске­ри жо­рығына қаты­сады. 1864 жыл­дың жа­зын­да Вер­ныйға қай­та­ды. Со­дан соң ал­бан ру­ының аға сұлта­ны Те­зек төренің ауылы­на ба­рып тұра­ды. Төренің қарын­да­сына үй­ле­неді. Сол кездің өзінде Шоқан өзін на­шар сезініп, жо­рықтағы өмірдің ауырт­па­лықта­рын көте­ре ал­ма­са ке­рек. Ол 1865 жыл­дың сәуірінде Ал­ты­немел жо­тасы­ның етегіндегі Көшен-тоған де­ген жер­де Те­зек сұлтан ауылын­да қай­тыс бол­ды. Ыбы­рай Ал­тынса­рин (1841–1889). Аса көрнекті ағар­ту­шы Ыбы­рай Ал­тынса­рин 1841 жы­лы 20 қазан­да Қос­та­най об­лы­сын­да туған. Әкесі ер­те­рек қай­тыс бо­лып, ата­сы – Орын­бор ше­кара­лық ко­мис­си­ясы­ның әске­ри стар­ши­насы Балғожа (Жаңбыр­шин) бидің қолын­да тәрби­еленді. 1850 жы­лы Ыбы­рай ше­кара­лық ко­мис­сия жа­нынан қазақ ба­лала­рына ар­нап ашылған мек­тепке түсіп, оны ал­тын ме­даль­мен бітірді. Мек­теп бітірген­нен кейін Ал­тынса­рин үш жыл­дай (1857–1860) ата­сының қолас­тында кеңсе қыз­меткері, со­дан соң 1859 жыл­дың 1 та­мызы­нан бас­тап Орын­бор басқар­ма­сын­да тілмаш бо­лып қыз­мет етті. 1860 жы­лы об­лыстық басқар­ма оған Орын­бор бекінісінде (Торғай) қазақ ба­лала­рына ар­налған бас­та­уыш мек­теп ашу­ды тап­сырды да, өзін сол мек­тепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайын­да­ды. 1864 жы­лы 8 қаңтар­да мек­теп сал­та­нат­ты түрде ашыл­ды. 1868 жы­лы Ал­тынса­рин Торғай уездік басқар­ма­сына іс жүргізуші ретінде қыз­метке ор­на­ласып, со­дан соң уезд бас­тығының аға көмекшісі және уақыт­ша уездік судья міндет­терін қатар атқар­ды. Ал­тынса­рин пат­ша өкіметінің са­яса­тына қар­сы бол­ды. 1879 жы­лы Ал­тынса­рин Торғай об­лы­сы мек­тептерінің инс­пек­то­ры бо­лып тағайын­далды. Қазақстан­да қыз ба­лаларға білім бе­рудің бас­та­луы да Ы. Ал­тынса­риннің есімімен бай­ла­ныс­ты. 1888 жы­лы ол Ырғыз қала­сын­да қазақ қыз­да­рын оқыта­тын, ин­терна­ты бар мек­теп ашып, пат­ша әкімшілігінен ин­тернат­та­ры бар қыз­дар учи­лище­лерін ашуға рұқсат ал­ды. Ал­тынса­рин көзінің тірі кезінде төрт екі сы­нып­тық ор­та­лық «орыс-қазақ» учи­лищесін, бір қыз­дар учи­лищесін, бес бо­лыс­тық учи­лище, орыс ша­ру­ала­рының ба­лала­рына ар­налған екі учи­лище аш­тырды. Ол орыс-қазақ мек­тептерінің оқушы­лары­на ар­нап «Қырғыз (қазақ) хрес­то­мати­ясы» және «Қырғыз­дарға (қазақтарға) орыс тілін үй­ре­туге алғашқы бас­шы­лық» ат­ты екі оқу құра­лын жаз­ды, олар­ды Торғай об­лы­сы мек­тептерінің инс­пек­то­ры қыз­метіне тағайын­далған­нан көп бұрын бас­тап, 1869 жы­лы аяқта­ды. Абай Құнан­ба­ев (1845–1904). Абай Құнан­ба­ев 1845 жы­лы 10 та­мыз­да Се­мей об­лы­сының Шыңғыс та­уын­да туған. Абай­дың әкесі Құнан­бай то­бықты ру­ының стар­шы­ны бол­ды. Алғашын­да ауыл мол­да­сынан са­бақ алған Абай­ды әкесі Се­мей­дегі имам Ах­мет-Ри­за мед­ре­сесіне оқуға жіберді. Алай­да­Абай­дың қала­дағы оқуын бітіртпей, әкесі оны қай­та­дан ауылға шақыр­тып алып, бірте-бірте дау-шар­ды тек­серіп төрелік ай­туға, ке­лешек­тегі ру­басы­ның әкімшілік қыз­метіне үй­ре­те бас­та­ды. Абай ше­шендік өнерінің түрлі тәсілдерін ше­бер меңгерді. Сот ісі қазақтар­дың ғасыр­лар бойы қалып­тасқан дағды­лы құқығы негізінде жүргізілді. Ру тар­ты­сына еріксіз ара­ласқан Абай да­улы мәсе­лелерді ше­шу ба­рысын­да жөнсіздікке, әділетсіздікке және қаты­гездікке, би­ле­уші топ пай­да­сын көзде­ген та­лап, мүдде­ге қар­сы­лық білдіріп отыр­ды. 1886 жыл Абай­дың өміріне үлкен өзгеріс әкел­ген жыл бол­ды. Ол алғаш рет өлеңіне («Жаз») өз атын жа­зып, көркем шығар­ма­шылыққа то­лығымен ден қояды. Абай қала­мынан өлеңдер­мен қатар, қара сөзбен жа­зылған ғиб­раттар, «Ес­кендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дас­танда­ры дүни­еге келді. Абай­дың мол әде­би мұра­сын­да аудар­ма­лары еле­улі орын ала­ды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]