Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh (1).docx
Скачиваний:
714
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
361.22 Кб
Скачать

52.Алаш Орданың құрылуы мен оның қызметі.

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды.Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрылды.Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды. Алашорда автономиясын оның конституциясын бүкілроссиялық құрылтай съезі бекітуге тиіс. "Алаш" партиясы Программасының жобасы 1917 жылы "Қазақ" газетінің 251 санында жарияланды. 10 баптан түратын саяси құжатта қазақ елінің ұлтгық, тілек-мақсатының негізгілері баяңдалды, онда: "Алаш Орда" үкіметінің бағдарламасында автономияның мемлекетгік үкімет билігінің түрі "федерациялық республика құрамындағы дербес мемлекет" ретінде анықталды. .«Қазақ» газетінде «Алаш» партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.

«Алаш» партиясының бағдарламасы:

  1. басқарутүрі;

  2. автономия;

  3. азаматтың негізгі құқықтары;

  4. дін ұстану туралы мәселе;

  5. соттар туралы;

  6. қорғаныс;

  7. салық;

  8. жұмысшы мәселесі;

  9. халықағарту;

10.жер мәселесі.

Ол республиканың Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Думасы болады, атқарушы механизм міндетін Президент пен Министрлер кеңесі атқарады деп көрсетілді. Бұл бағдарлама сонымен қатар сайлау жүйесін де, дінді мемлекетген бөлуді де, сот істерін белгілі бір жерде жинақылап, көпшілік болыптабылатын халықтың тілінде жүргізу, әскер құру мен салық салу ісін ұйымдастыру, "түземдіктердің"жерді пайдаланудағы құқығын анықтау және жерге мемлекеттік меншікті орнату сияқты тағы басқа шараларды да қамтыды.Осы жалпықазақтық II съезіңце: "Алаш облыстарын қазіргі бұліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша ұлт кеңесі күрылды, оның аты "Алашорда" деп аталды. "Алашорданың" өкімет қүрамы 25 адам болып, 10 орын қазақтар арасындағы басқа халықтарға қалдырылды.Алаш авгономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) ұлт кеңесінің құрамына 15 қазақ азаматы сайланды. Уәлитхан Танашев (Бөкей ордасы), Халел Досмұ-хамедов (Орал облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы), Сыдық Аманжолов (Жетісу облысы), Мұстафа Шоқай (Сырдария облысы), облыстардан тыс Алашорда қүрамына Әлихан Бокейханов, Жаһанша Досмүхамедов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов сайланды. Үкіметтің осы 15 мүшелеріне орынбасарлар болып қазақ өлкесінің әр түрлі өңірлерінен тағы да 15 кісінің кавндидатуралары бекітіледі. Әлихан Бөкейханов Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып сайланды.Сол кездегі Алашорда автономиялык мемлекетінің жері Россия империясының бес әкімшілік (административных) қүрамы болып кірген еді. Сырдария мен Жетісу облыстары — Түркістан генерал губернаторлығына, Торғай облысы Орынбор губерниясына, Орал облысы тікелей Россия мемлекетінің қүрамына кірді4.Алашорданың уақытша ұлт кеңесінің басшы қүрамына сайланғавдар, 1918 жылғы көкектің екісіне дейін Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар Москвада автономия алу жөнінде В.И.Лениннің қабылдауында болды. Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, Ә.Ермековтер В.И.Ленин және И.В.Сталинмен Қазақ автономиясыньщ жер көлемі, шекарасы туралы келіссөз жүргізді. "Қазақ" газетінің 1918 жылғы 30 шідцеде шыққан 262 санында "Заречная слободада Алаш орда хүкумәтінің іске кіріскені" туралы телеграмма басылған. Сонымен қатар 1918 жьшы майда Оралда өткен қазақ съөзінде Жаһанша және Халел Досмұхамедовтер бастаған "Ойыл уәлаятының" уақытша үкіметі (провинциальное правительство) жарияланды. Ол сол жылы 26 шілдеде Жымпиты қаласына барып орналасқан. Бірақ Алаш орданың батыс бөлігі жеке ұйым деп есептелмеген. Алашорда автономиясының төрағасы Ә.Бөкейханов "Алашорданың батыс белімін құру жайын іс кағазына қол қойған, бірақ Алашордада заңды түрде мүвдай бөлінуі болмаған1". Осының бәрін ескере отырып, Алашорданың батыс бөлімін жеке ұйым деп есептеуге болмайды — деп жазды Қырғыз өлкесін басқарушы Пестковскийге 1920 жылы 23 ақпанда жазған есебінде.Мақсаты: 1)Қазақ халқын отарлық езгiден азат ету. 2)Автономиялық ұлттык мемлекет құру.Бағыты: реформистік капитализм жолы. Алаш-Орда жетекшілері Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Х. және Ж.Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Х.Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі-автономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды. Алашорда сонымен бірге атаман Дутовпен, Самарадағы Құрылтай жиналысы мүшелері, Комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алашорданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ автономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды. Себептері:1)Қазан төңкерсіне дейін Қазақстаннын дамуына өз көзқарастарын білдіріп бағларламаларын насихаттады 2)Федеративтік Республикаға кірген әр мемлекет басқа мемлекеттермен өз бетінше жұмыс істей алады деп есептеді 3)Алаш партиясы ақиқат жағында болды 4)Алаш партиясы социал-демократтардын меньшевиктік тобынын багдарламасын қолдады.1917 жылы 21 қараша Алаш партиясы бағдарламасынын жобасы жарияланды. Алаш партиясы – әділдікке жақ нашарларға жолдас жәбірлерге жау. 1)Дінді мемлекеттен бөлектеу. 2)Сот сін қазақ тілінде жургізу. 3)Әскери қызметті өз жерінде аткару. 4)Жумысшылары заңмен қорғау Алаш партиясы жумысшылар туралы социал –демократтиялык меньшевиктік тобынын бағдарламасын жақтады. 5)Окудын жалпыга бірдей жане акысыз болуы. 6)Жиналыс сөз баспасөз еркіндігі 7)Жерді алдымен жергілікті халыққа беру.Бағдарлама жобасының маңызы: 1)Сол кездің нақты мумкіндіктерін ескере отырып қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. 2)Буржуазиялык-демократиялык ұлт-азаттық революцияны аяктауға бағытталған жолды көрсетті. 3)1917 жылы қараша – 1918 жылы қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ енбекшілерінің көпшілігі Алаш партиясынын багдарламалык талаптарын қолдайтынын көрсетті. 1)Жетісу губерниясы – 57% 2)Семей уезінде-85% 3)Торғай Орал 4) губернияларында – 75%. Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр турлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.

53.Азамат соғысы кезеңіндегі Қазақстан. (1918-1920жж.)Қазақстандағы шетел соғыс интеруенциясы мен азамат соғысы. "Соғыс коммунизмі" саясаты.

1917 жылғы қазан ре­волю­ци­ясы­ның жеңісі алғашқы күндер­ден бас­тап, құла­тылған қана­ушы тап өкілдерінің қару­лы қар­сы­лығын ту­дыр­ды. Кеңес өкіметі елдің әр түрлі ай­мақта­рын­дағы, со­ның ішінде Қазақстан жеріндегі конт­рре­волю­ци­ялық бүліктерді ба­тыл да шұғыл ба­сып тас­тап отыр­ды. Өлке­де аза­мат соғысы­ның бас­ты ошақта­ры Қазақстан­ның ба­тыс аудан­да­рын­да, Торғай об­лы­сының әкімшілік ор­та­лығы Орын­борда, Орал об­лы­сы, Гурьев (Аты­рау) қала­сын­да, Жетісу жерінде қалып­тасты. Бұл жер­де ата­ман Ду­тов­тың, ге­нерал Толс­тов­тың әскер­лері, ал Жетісу­да ка­зак-орыс жа­сақта­ры, ақ-гвар­дия офи­цер­лері мен юн­керлер жи­нал­ды. Олар конт­рре­волю­ци­ялық күштердің негізгі ор­та­лығына ай­нал­ды және Кеңес өкіметіне қар­сы аза­мат соғысын бас­та­ды.Кеңес үкіметінің орнауы құлатылған тағтардың алғашқы сәттен-ақ қарулы қарсылығын тудырды. Әскери тұтқындардан жасақталған чехословак корпусының 1918 жылғы мамырдағы бүлігі азамат соғысын кең жайылтып жіберді. Бүлікшілер Сібір, Орал, Орта Повольже қалаларын: Новосібір, Челябі, Том, Омбыны басып алды. 31 мамырда контрреволюционерлер Петропавлды, маусымда Ақмола, Атбасар, Қостанай, Павлодар, Семейдегі кеңес үкіметін құлатты. 1918 жылы 29 мамырда БОАК Декретімен Қызыл Армия қатарына әскери міндеткерлік енгізілді. Қазақ, мұсылман, дұңған, ұйғыр бөлімдері жасақталды.1918 жылы жазда Орынбор аймағында ауыр жағдай қалыптасты. Оны 3 шілдеде атаман Дутов басып алып, кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліғ тастайды. Ақтардың оңтүстікке Ташкентке ілгерілемеві үшін, Ақтөбе майданы құрылды. Дала өлкесінің Төтенше комиссары Ә.Жангелдин басқарған экспедиция осы кезде өмірге келді.1918 жылы 18 шілдеде Мәскеуден қару-жарақ, киім-кешек тиеген экспедиция Волга, Касғий теңізі, Маңғышлақ арқылы 11 қарашада Шалқарға жетті. Ақтөбе майданы азамат соғысында шешуші роль атқарды, өйткені 1918 ж. қазанда ақтар Орта Азиямен Қазақстанның оңтүстігін бөліғ тастау үшін Ақтөбеге шабуыл жасайды. Бірақ олар мақсатына жете алмады. 1919 ж. Орынбор, Орал, Орск азат етілгеннен кейін Ақтөбе майданы әскерлері Шығыс майданы әскерлерімен қосылып жіберілді.1918 ж. жаз, күз айларында Жетісу облысында да ауыр соғыс қимылдары жүрді. Ақгуардияшылдар Іле өлкесін, Верныйды алып, одан әрі оңтүстік және Орта Азияға қарай жылжуды ойлады. Сергиоғоль, ржар, Сарқанд басып алынды. 1918 . Солтүстік Жетісу майданы құрылды, күзде солтүстік Жетісудің тек Леғсі уезінен басқа өңірі ақтардың қолында қалды. Черкасск қорғанысы (Леғсіде) деген атпен белгілі болған бұл Черкасск селосы 1918 ж. маусымынан 1919 ж. қазанына дейін қорғанды.Басты ошақтары Ақмола, Семей облыстары, Тарбағатай мен Алтайдың "Тау қырандары" деген атпен мәлім болған партизандық қозғалыста кең қанат жайды.1919 ж. жазында Колчак армиясының Шығыс майдандағы басты күші жеңіліғ, Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан мен Жетісудің азат етілуіне қолайлы жағдай туды. 1920 жылы наурызда Солтүстік Жетісу майданының жойылуымен қазақ өлкесінде азамат соғысы аяқталды.Азамат соғысы кезінде материалдық ресурстарды мобилизациялау және оны үнемдев мақсатымен төтенше енгізілген шара "әскери коммунизм" деп аталды. "Артық" азық-түлікті халықтан жинап алып, қатаң мөлшермен ғана астық қалдырығ, азық-түлік салғыртын енгізген бұл Декрет 1919 ж. 11 қаңтарда жарияланды. Сондай-ақ міндетті еңбек тәртібі де енгізілді. 1918 жы­лы 23 на­урыз­да Орал ка­зак-орыс­та­ры Гурьев­те бүлік шығар­ды. Олар ге­нерал Толс­тов­тың бұй­рығымен жұмыс­шы және сол­дат де­путат­та­ры Кеңесінің тоғыз мүшесін сот­сыз ат­ты. Сол жыл­дың 28–29 на­уры­зын­да ақ ка­зак­тар ала­шор­да­шылар­мен бірігіп Орал қала­сын­да төңкеріс жа­сады. Мұнда олар кеңес өкіметін құла­тып, ком­му­нис­терді, кеңес қыз­меткер­лерін аяусыз жа­зала­ды.1918 жы­лы ма­мыр­да Че­хос­ла­вак кор­пу­сының бүлігі бас­талды. Ан­танта им­пе­ри­алис­терінің қол­да­уымен бұл бүлік ең ал­ды­мен Солтүстік-Шығыс Қазақстан­да бас­талды.Ала­шор­да үкіметі ақ гвар­ди­яшы­лар­дың Кеңес өкіметіне қар­сы ин­тервен­ци­ясын қол­дап, қару­лы ин­тервен­цияға қосыл­ды.Конт­рре­волю­цияға Ан­танта им­пе­ри­алис­тері көп көмек көрсетті. Мы­салы, АҚШ Кол­чак ар­ми­ясы­на түрлі қару-жа­рақ, Анг­лия 200 мыңдай әскер­ге қару-жа­рақ және киім берді.918 жы­лы 29 на­урыз­да ақ гвар­ди­яшы­лар Орал қала­сын ба­сып ал­ды.918 жыл­дың аяғына қарай Кол­чактың басқару­ын­дағы Ан­ненков ди­визи­ясы Жетісу жеріне ба­сып кірді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]