Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh (1).docx
Скачиваний:
714
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
361.22 Кб
Скачать

42 Хiх ғ. 60-90 жылдардағы Қазақстандағы әкімшілік –саяси реформалар.

Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысы... 1861ж Орынбор губернаторы қызметін уақытша атқарған генерал А.П.Безак Катениннің саяси бағытын жалғастырып, әскери министр Милютинді Орта Азия хандықтарына қатысты әскери шараны қолдау қажеттігіне сендірді. А.П.Безак Сырд өзені бойымен Ресей шекарасын құрудағы өзінің ұсынысын дәлелдеп, әскери қимыл/дың Орынбор мен Сібір линиясын тез арада қосуға бағытталуын айтты. А.П.Безак тек Түркістанды басып алумен шектелмей, Орынбор мен Сібір линиясын қосатын жер Ташкентті де басып алуды ұсынады. Бұл тапсырма/ды жүзеге асыруды ол Ресей үшін бірнеше пайдамен байланыстырды . Ресейдің Оңт Қаз-ы экспансиясы және де Ақмешітті, Түркістанды, Әулие-Атаны, Шымкентті қорғаушы/ды талқандауы ерекше қатыгезділікпен жүргізілді. Шымкент алынғаннан кейін орыс үкіметінде Орта Азияға қатысты әскери және саяси шара/ бойынша қарама-қайшылық күшейді. Континенттегі халықаралық жағдайдың шиелінісуін ескеріп, А.М.Горчаков Орт Шығ-ы Ресейдің бірдей саяси бағытын жүргізу қажеттігіне сенді. 1864 ж қарашада Сыртқы істер министрлікпен бірігіп патшаға ортаазиялық аймақтағы қимылдардың нақты бағдарламасы көрсетілген, арнайы баяндаманы дайындады. Орт Азиядағы орыс үкіметінің экспансиялық саясатын ақтап, екі министрлік те оның сипатын Ресейге бағынышты территориядағы көшпенді/дің шапқыншылық/ынан елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «қорғаныс» бағытында көрсетті. Сол уақыттағы баяндамада төмендегі жайт сенімді айтылған: басып алынған аймақта Ресей позициясын күшейту қажеттілігі, алдағы шапқыншылық/дан бас тарту, Орта Азиялық билеушілермен адал қатынасты сақтауға және о/ға орыс/ жағынан «ықпалдастықты» күшейту. 1864ж 21 қарашада екі министрліктің жоспарын патша мақұлдап, Орта Азиялық мәселе бойынша үкіметтік бағдарлама маңызға ие болды. Алайда ақырында Орынбор мен Омбыда жергілікті әкімшілік орган/ әскери топ/ Петербург кабинетінің «үнсіз келісуімен бірнеше рет бұл бағдарламадан бас тартып отырды». Ташкенттің болашақтағы құқықтық мәртебесі жөнінде көпке созылмаған пікір сайыс/дан кейін 1866ж жазда ІІ Александр оны Ресей құрамына қосу туралы ереже шығарды. Бір жылдан соң 1867ж шілде айында қайта құрылған Жетісу мен Сырд облыс/ы кірген орталығы Ташкент қаласы болған Түркістан генерал-губернаторлығын құру туралы заң жариялайды. Оңт Қаз-а Ресейдің мем-к әкімшілік жүйесінің тарауы мен оны үлкен этникалық империя құрамына қосуға дайындалды. Содан бері Қаз-н Ресейдің отарлық шебіне айналды1867-1868 жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтардың көтерілістерінің барысы және нәтижесі. Орал, Торғай об­лыста­рын­дағы көтеріліс (1868–1869 жж.) «Уақыт­ша ере­женің» енгізілуі Ор­та жүзде қар­сы­лыққа кез­деспеді, сөйтіп көтеріліс негізінен Кіші жүзді қам­ты­ды. Зерт­те­уші Н. А. Се­реда Орал об­лы­сын­дағы ашу-ыза­ның се­бебі «ха­лық пен ре­фор­ма­лар­да» емес, қазақтар­ды сұлтан­дар арқылы басқару әдісінде деп білді. Көшпелі ха­лықтың ашу-ыза­сын туғызған фак­торлар­дың бірі үкіметтің фис­калдық са­яса­тының қатай­ты­луы еді. Оның үстіне қатар­дағы көшпелілер мен ауқат­ты от­ба­сылар бірдей міндет­керлік атқар­ды. Мұның өзі пат­ша өкіметінің қазақ қоғамы­ның ар­тықшы­лықта­ры, топ­та­ры жөніндегі қамқор­шы­лық са­яса­тының көрінісі бол­ды; са­лықтар мен басқа да міндет­керліктердің күрт көбейтілуі Орал, Торғай об­лыста­рын­да ха­лықтық бой көрсе­тулердің бас­та­лу­ына түрткі бол­ды. Пат­ша «Уақыт­ша ере­жені» мақұлдаған­нан кейін үкіметтің бірден дерлік жүзе­ге асы­рыла бас­таған са­лық са­яса­тына қазақтар­дың на­разы­лығы 1868 жылғы қара­шаның аяғына қарай қару­лы қар­сы­лыққа ұлас­ты. На­шар қару­ланған, бірақ жер жағдайын та­маша білген көтерілісшілер­ге қар­сы қимыл­даған шағын ка­зак шолғын­шы­лары олар­дың те­ге­урінін әлсіре­те ал­ма­ды. Жа­зала­ушы­лар­дың неғұрлым ұйым­дасқан қимыл­да­ры 1869 жыл­дың көктемінен бас­та­лады. На­урыз айының ба­сын­да Орын­бордан Жем ауда­нына екі жүздік ка­зак от­ря­ды жіберілді. Бірақ да­лада ке­ле жатқан кезінде от­ряд үкіметтің әлі де ре­фор­ма енгізу­ге ба­тылы бар­май отырған Қоб­да және Елек өзен­дерінің бойын­да қимыл жа­сап жүрген «қазақтар қарақшы­лары­ның» ша­бу­ылы­на ұшы­рады. Көтерілісшілердің бұл то­бы біріне Ханғали Арс­ла­нов сұлтан, екіншісіне Ықылас До­сов бас­шы­лық ет­кен екі жа­сақтың біріккен күші болғаны анықтал­ды. Көтеріліс Орал об­лы­сының солтүстік-ба­тыс аудан­да­рын, атап айтқан­да, бұрынғы ха­лық көтерілістері бойын­ша да отар­шылдыққа қар­сы қозғалыс­тарға бел­се­не қатысқаны аңғарылған жа­уын­гер та­бын, шекті ру­лары­ның қоныс­та­рын кең қам­тыған. Бұл жо­лы да та­бын­дар ре­фор­ма­дан кейінгі ке­зеңдегі отар­шылдыққа қар­сы күрес­ке еле­улі үлес қос­ты. Маңғыс­та­удағы көтеріліс (1870 ж.) «Уақыт­ша ере­же» Маңғыс­та­уда 1870 жы­лы енгізілді. Пат­ша әкімшілігі Маңғыс­та­удың негізгі халқы – адай руы «Уақыт­ша ере­жені» күрессіз қабыл­да­май­ды деп қауіптенді және оны жүзе­ге асы­ру үшін неғұрлым қолай­лы жағдай­лар­ды күтті. Маңғыс­тау прис­та­вы под­полков­ник Ру­кин да­ла тұрғын­да­рының қиын жағдайымен са­нас­пай, адай­лар­дан 1869–1870 жыл­дар үшін шаңырақ алы­мын жаңа та­риф­ке сәй­кес де­реу енгізуді та­лап етті; көпте­ген жергілікті тұрғын­дар, со­ның ішінде Бо­зашы түбегінің ба­лықшы жа­тақта­ры Ру­киннің та­лабын орын­да­удан бас тарт­ты. Адай­лар­дың жай­лауға көшуін күштеп тоқта­туға ты­рысқан Ру­киннің ой­лан­бай жа­саған әре­кет­тері жер-жер­де көтерілістің бас­та­лу­ына се­беп бол­ды. Көтерілісшілердің же­текшісі Иса Тілен­ба­ев қалың бұқараға бас­шы­лық ету­де ше­берлік және жа­зала­ушы­лар­мен келіссөздер­де дип­ло­мати­ялық әдептілік та­ныт­ты. Көтерілісшілер сәуір айының ба­сын­да Ни­кола­ев ста­ница­сына, Алек­санд­ровск фор­ты­на ша­бу­ыл жа­сады, алай­да олар сәтсіздікке ұшы­рады. Пат­ша­лық өкімет орын­да­рын көшпелілердің ба­тыл­дығы қорқыт­ты, мұның өзі олар­ды қосым­ша әске­ри көмек сұрауға мәжбүр етті; Кав­каздан тың күштердің ке­луі күштердің арақаты­насын өзгертті. Қозғалыс­ты ба­суға бас­шы­лық жа­сау қолы­на шоғыр­ланды­рылған граф Ку­та­исов «ең жа­байы, дөрекі және жа­уын­гер қазақтар­ды» ты­ныш­танды­рудың өз жос­па­рын ұсын­ды. Граф­тың жос­па­рын­да «елдің ішіне те­реңдей еніп, он­да жергілікті адай­лар өздерінің көшуі үшін қажет болған кез­де ай­на­лып өте ал­май­тын­дай бекіністерді ал­дын ала ба­сып алып», сол арқылы олар­дың шегінетін жо­лына ке­дергі жа­сау, «бағынуға мәжбүр ету» көзделді. Орыс от­рядта­рының алуы үшін қолай­лы бекіністер ретінде Ку­та­исов Маңғыс­та­удың Кин­дері шығанағынан және Үстірт қыра­тының солтүстік бөлігінде, Орын­бор да­ласы­мен «көршілес» жатқан Сағым алқабы­нан жүз шақырым жер­дегі Бе­сақты шатқалын таңдап ал­ды. Граф­тың жос­па­ры сәтсіздікке ұшы­раған жағдай­да Орын­бор өлкесінің ге­нерал-гу­бер­на­торы Н. А. Кры­жановс­кий жергілікті тұрғын­дардың Үстіртке, «бейбіт ауыл­дарға өздерінің шегіне кірер жо­лын жа­уып тас­та­уды ұсын­ды». Қозғалыс же­текшілерінің Хи­уа хан­дығына оның та­рапы­нан сырт­тай қол­да­уды қам­та­масыз ету­ге үміт ар­тып де­лега­ция жібе­руі жергілікті өкімет орын­да­рын тағы да ма­засыз­дандыр­ды. Оның үстіне пат­ша өкіметі оңтүстік ай­мақты ба­сып алған­нан кейін Хи­уаның Ре­сей сияқты құдіретті әске­ри дер­жа­вамен жан­жалға ба­руы екіта­лай бо­латын. 1870 жыл­дың жел­тоқса­нын­да қозғалыс­тың же­текшілері До­сан Тәжи­ев, Ер­жан, Ертімбет Құлов­тар, Иса Тілен­ба­ев және олар­дың көпте­ген серіктері 3 мың шаңырақпен Хи­уа хан­дығының шегіне өтті. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ ша­ру­ала­ры өз қатар­ла­рын берік біріктіру­ге қол жеткізе ал­ма­ды, мұның өзі са­ны жөнінен бол­ма­шы жа­зала­ушы от­рядтар­дың ха­лық қар­сы­лығының негізгі ошақта­рын тұншықты­ру­ына мүмкіндік берді; қазақ ша­ру­ала­рының ру­лық тар өрістері мүдде­лері отар­шыл им­пе­ри­яның әске­ри құра­мала­рының өзінің ұйым­да­суы жағынан едәуір кем түскен көтерілісшілер жа­сақта­рын­дағы тұрақта­ма­ушы­лықты туғыз­ды. Көтеріліс шағын си­пат­та болғаны­мен, оның ге­ог­ра­фи­ялық шеңбері тым ауқым­ды бол­ды – бүкіл дерлік Ба­тыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан­ның бір бөлігі қазақ ша­ру­ала­рының бой көрсе­тулерімен қам­ты­лып, «Уақыт­ша ере­женің» жүзе­ге асы­рылу­ын қиын­датты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]