Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh (1).docx
Скачиваний:
714
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
361.22 Кб
Скачать

67. 1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [1] Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын төмендетуге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Тарихи маңызы: Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар. Ал 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Ол жас жігіттер ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік хұқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті.

­­­­­68. 1945-1991 жж Қазақстанның мәдени өмірі.

Тоқырау жылдарындағы мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар. Осы жылдарда мәдениет саласының материалдық техникалық негізін нығайтуда біраз жұмыстар істелінді.Республика мәдени объектілердің құрылысы жаңа типтік жоба бойынша, мектеп пен мәдени мекемелердің алдына өмірдің өзі қойған жаңа талаптар ескеріле отырып жүргізілді.Жаңа баспалар құрылды. Олар: «Қайнар», «Жалын», «Өнер» баспалары.Селолық жерлерде алты мыңнан астам клубтармен мәдениет сарайлары қызмет етті.Оларда он екі мыңнан астам көркемөнерпаздар жұмыс істеді. 1970 жылға қарсы телевизия республиканың барлық облыстарына дерлік енді.Қазақстанда телевизияның 15 программалық орталығы және осынша студиясы болды. 1976 жылдың аяғында республикада 10282 кино қондырғысы болып олар бір жылда 290 миллион кино көрерменіне қызмет көрсетті.Халық ағарту ісі де бірсыпыра алға басты.Мысалы, республиканың жалпы білім беретін 10154 мектебінде 1970 жылы 3 миллион 140,8 мың бала оқыса 1977 жылы 9217 мектепте 3 миллон 266,1 мың бала оқыды. 20 ғ. 60-80 жылдары қазақ әдебиеті І.Есенберлиннің, Нұршайықовтың, Мақатаевтың, Айбергеновтың, Сүлейменовтың, Шахановтың, Мырзалиевтің, Оңғарсынованың, Кекілбаевтың және басқалардың шығармалары арқасында елеулі табыстарға жетті. Сазгерлер Қалдаяқовтың, Хамидидің, Тілендиевтің, Еспаевтың, Жақановтың әндері Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді. «Ботагөз», «Аққан жұлдыз», «Менің атым Қожа» , «Қыз Жібек» , «Атаманның ақыры», «Бейбарыс сұлтан» кинофильмдері республика киноөнерінің таңдаулы туындылары деп бағаланды.Бірақ экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларында да салқынын тигізбей қоймады.Республика экономикасының орталық ведомстваға бағыныштылығы ,мәдени салалардың мәселелерін жете бағаламау, олардың дамуына қаржыны қалдық принцип бойынша бөлу көпұлтты Қазақстан мәдениетінің кең көлемде дамуына өзінің әсерін тигізді. Осы жылдар аралығында Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды.Жекелеген ғалымдар мен топтар өндірістік мәні ьар салаларда жетістіктерге қол жеткізді. Олардың кейбір еңбектері шет елдерге де мәлім болды.Ондай ғалымдарға Ахметсафин, Айтхожин, Марғұлан, Букетов секілді ғалымдарды жатқыза аламыз. Қазақтар негізінен ауыл шаруашылығы, медициналық және гуманитарлық ғылым салаларында жүрді. Ғылыми техникалық прогресті жетілдіруге үлес қосатын жаратылыстану ғылым салаларында олардың үлесі тым аз болды. Ғылыми еңбектердің басым көпшілігі қазақ тілі мен әдебиетіне және оларды оқыту әдістемесіне қатыстыларынан басқасы түгел орыс тілінде жазылды.Ғылым академиясына қарасты Философия және құқық институты бола тұра,әлеуметтік психология эстетика, кибернетика, социология, демография ғылымдарының түрлі салалары бойынша халыққа қажетті зерттеулер жүргізілмеді.Әсіресе Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды. Тарихшылар тек Кеңес заманының жетістіктерін зеттреуге жұмылдырылды.Соның салдарынан көпшілік санасында Қазақ төңкерісіне дейін қазақ халқы тек көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған ,мәдениетке тек Кеңес билігі тұсында қол жеткізді деген ұғым қалыптасты.Өткен ғасырда өмір сүрегн мемлекет қайраткерлерінің :хандары мен билерінің ,ел қорғаған қолбасылар мен батырларының есімдері ұмытыла бастады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]