- •17-Cұрақ(Қазақстан моңғол жаулаушылығы дәуірінде)
- •21.Моғолстан мемлекеті
- •22.Әбілхайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті
- •23.Хіү-хү ғғ. Қазақстан экономикасы мен мәдениеті
- •24.Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •25.Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •26.Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •27.Хyiі ғ. Қазақ хандығы.Есім,Жәңгір,Тәуке хандар
- •28.Хyi – хyii ғғ қазақтардың шаруашылығы; қоғамдық құрылысы мен мәдениеті.
- •29.Жеті Жарғы – Қазақ халқының әдет-ғұрпы заңдар жинағы
- •30.ХyiiIғ басындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайы
- •34. Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •40.Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұханбетұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •41. Хiх ғ. 60 – жж. Ортасында қазақ жерлерін Ресей империясының жаулап алуының аяқталуы және оның зардаптары.
- •42 Хiх ғ. 60-90 жылдардағы Қазақстандағы әкімшілік –саяси реформалар.
- •43.1868-1869Жж.Орал,Торғай облыстарындағы және 1870ж.Маңғыстаудағы қазақ көтерілістері.
- •44. Хiх ғ. Екінші жартысы мен хХғ. Басындағы Қазақстандағы Ресей империясының қоныс аудару саясаты.
- •45. ХХғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайы.
- •46.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс
- •47. Хiх ғ екінші жартысы – хх ғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •48. Ақпан буржуазиялық – демократиялық ревалюциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.
- •49.«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы.
- •50.1917Ж. Қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы.
- •51.Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср – нің құрылуы.
- •52.Алаш Орданың құрылуы мен оның қызметі.
- •54.Қазақ акср-дың құрылуы.
- •55. Жана экономикалық саясат
- •58. Ксро құрамында ҚазКср-інің құрылуы
- •59.1921-1930 Жж. Қазақстандағы мәдени құрылыс.
- •60.1920-1930Жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. Жаппай қуғын-сұргін.
- •61.1941-1945 Жж Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың өшпес ерліктері.
- •1941Жыл 22 маусым- фашистік Германия ксро-ға тұтқиылдан соғыс ашты.Ұлы Отан соғысы басталды.
- •62. Қазақстан- майдан арсеналы (1941-1945жж).
- •63. 1946-1964Жж. Қазақ кср – ның қоғамдық – саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы.
- •64. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •65. 1965-1985 Жылдардағы Қазақ кср-нің әлеуметтік- эканомикалық жағдайы.
- •66. Қазақстан қайта құру жылдарында.(1985-1991жж).
- •67. 1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •69. Егемендік туралы диклорациясы
- •70. Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары.Тмд-ның құрылуы.
- •72-Сұрақ( Казіргі кезеңде Қазақстандағы Әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2012 жж.))
- •73.Казіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қоғамдық саяси омірі (1991-2012жж).
- •74. Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2012жж).
- •75.Казіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2012 жж).
- •76.Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасы.
- •77.Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. « Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»(27 қаңтар 2012ж.)
76.Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасы.
Қазақстан-2030Стратегиясы– елдамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы.1997жылы қазанда қабылданған.ПрезидентН.Ә.НазарбаевтыңҚазақстанхалқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді.Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанғақолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік–қоғаммен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономиканегізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.Қазақстандықтардың денсаулығы, білімалуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді.Реформаларстратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.