Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh (1).docx
Скачиваний:
714
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
361.22 Кб
Скачать

70. Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары.Тмд-ның құрылуы.

КСРО ның ыдырауы және ТМД ның құрылуы. 1991 жылдың желтоқсаны ірі оқиғаларға толы болды.Олардың ең бастысы КСРОның ыдырауы.Желтоқсанның 8 күні Минскіде бас қосқан үш славян мемлекетінің басшылары өзара келісіп,1922 жылғы КСРОны құру туралы шарттың өз күшін жойғаны туралы жариялады. (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелердің тағы бірі келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. Осылайша дүниежүзіндегі аса ірі отаршыл империялардың соңғысы Кеңес Одағы құлады. Соның нәтижесінде Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Латвия, Литва, Молдава, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Эстония мемлекеттері ғасырлар бойы аңсаған бостандыққа қол жеткізді. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.

71-сұрақ«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы (1991 ж. 16 желтоқсан)1990 жыл, 25 қазан – «Қазақ ССР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылдандыДекларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда, республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет ҚазССР-інің егемендік құқығы жағдайы үшін принципиалды мемлекеттік-құқықтық нормалар бекітілді. Олар:Одақтың шешуіне берілген мәселелерді қоспағанда, ҚазССР территориясында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы;Одақтық Жоғары органдардың ҚазССР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілердің өз территориясында күшін жою құқы;ҚазССР-інің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жан-жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның территориясындағы барлық ұлттық байлықтар – экономикалық және ғылыми-техникалық әулеті туралы:Республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субьектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы.Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғары Кеңеске берілді. Президент Республика басшысы болып, жоғары атқарушы билікті иеленді. Ал, сот билігі Жоғары Сотқа берілді. Мемлекеттің әлеументтік негізін анықтауда таптық тұрғыдан қараудан бас тартты. Ресублика территориясында ядорлық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрлысы мен қызметіне тиым салды.Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеументтік – экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан жаңа Конституциясын жасау басталды. 1991 жыл, 1 желтоқсан – Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті.Қазақстан Республикасы тарихында халық алғаш рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. Дауыс беруге құқылы 9 млн 960 мың азаматтың 88,42 пайызы сайлау уческілеріне келіп, сайлауға қатысты. Олардың 98,76 пайызы Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берді.10 желтоқсанда Республика сарайында Президенттің қызметке кірісуіне арналған ҚР Жоғары кеңесінің салтанатты мәжілісі өтті. Қадірлі ақсақалдар Д.Снегин, Қ.Қожамияров, Э.Айрих, Ы.Қожахметовтер Елбасына шапан жауып, қарт ақын Шәкір Әбенов бата берді.Осылайша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл халық сайлаған алғашқы Қазақстан Республикасының Президенті мандатына ие болды. Бұл оқиға аталмыш тұлғаның әлеументтік ортада жоғары беделге ие екендігін аңғарты.Сайлау нәтижесі саяси-этникалық тұрғыдан республикамызда ұлтаралық татулықтың бекем екендігін көрсетті. Бүкілхалықтық бұл сайлау тәуелсіздік жолында қабырғасы қаланып келе жатқан мемлекеттің демократиялық бағытының айқан екендігін растады.Бұл сайлаудан шаруалар жерді, кәсіпкерлер бостандықты, еңбек ұжымдары экономикалық саясаттағы дұрыс бағытты күтті. Бұл орайда, Елбасының тұлғасы республика күштерінің бірлігін білдірді. Сонымен қатар, азаматтар дауыс беру арқылы өмірді жақсарту, экономиканың құлдырауы мен бағаның өсуін тоқтатуға бағытталған шешімдер қабылдап, кей жерлерде қатал шараларды қолдану қажеттігін, мемлекеттің өркендеуі және оның ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз ете алатын мықты биліктің қажеттігін көрсетті.Осылай 1991 жылы 1 желтоқсанда елімізде халық қолдаған Президенттік биліктің есебі басталды. Бұл республика үшін құқықтық демократиялық мемлекеттің және азаматтық қоғам мүдделерін қорғауды көздейтін жаңа мемлекеттік институт болды.1991 жыл, 10 желтоқсан – «ҚазССР» атауы «Қазақстан Республикасы» болып өзгертілді.Елдің атауын өзгерту жай бір термин ауыстыру емес, өмірдегі өзгерістер болып жатқан жаңа тарихи кезеңде республика өркениетті демократиялық қоғамды таңдағанын білдіреді. Бұл үшін бүкіл әлеументтік-экономикалық негізді түп тамырымен өзгерту керек болады.Осы мақсатта біртұтас идея қажет еді. Ол – егеменді демократиялық Қазақстан мемлекеті. Бұрынғы тоталитарлық жүйенің құрамында болған республика өміріне сай көне атаудан бас тарту осымен түсіндірілді. Өзін өзі жойған «советтік» және «социалистік» идеологиялық терминдер жалпы демократиялық құқықтық даму жолына түскен, көппартиялық және плюрализмі бар республика титулына қала алмайтын болды.Жаңа атау, өзінің мемлекет құру құқын жеңіп алған титулды, жергілікті қазақ ұлтының рөліне ерекше көңіл аудара отырып, ұлтаралық келісім бағытымен келе жатқан республиканың саяси-этникалық ерекшелігіне де жауап береді. Қазақстанды мекендеген жаңа бауырластық қоғамының қалыптасу бастамасы осылай қаланды. Осы сәттен бастап, «Қазақ Советтік социалистік Республикасы» атауын өзгерту туралы заңда айтылғандай, Қазақстан халқы өзін өзі билеу, адам құқы бостандығын баянды ету принциптерімен, қоғамның саяси, экономикалық және идеологиялық көпқырлылығына негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбіт өмірді сүйетін, құқықтық мемлекет құруға тиіс делінді.Осылайша, Қазақстан аумағында жоғары деңгейде дамыған саяси-этникалық өркениеттің құрылуы басталды. Онда қазақ ұлты қайта туады, оған кіретін ұлттар мен ұлыстар өзін еркін сезінетін болады. Іс жүзіндегі егеменді Қазақстанды әлемдік экономикалық және саяси кеңістікте белсенді әрекет ететін, халықаралық қатынастардың өзіндік субьектісіне айналдыру қажеттілігі айқындалды.1991 жыл, 16 желтоқсан – «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдандыДәл осы күні ҚР Жоғары Кеңесі «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Осы сәттен бастап, республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі анықтап, өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекетет құзіретін заңды тұрғыда рәсімдеді.Бұл заңды көп ұлтты бүкіл Қазақстан халқы күткен-тін. Бұл сан жылдар бойы тәуелсіздік үшін күресіп келген жүздеген ұрпақтың арман-мүддесінің орындалуы еді. Осы тәуелсіздіктің нәтижесінде біздің республика БҰҰ-ға мүшелікке өтуге, өз еркімен халықаралық аренаға шығуға, басқаның нұсқауы бойынша емес, өз еркімен өркениетті түрде болашаққа қадам жасуға құқылы болды.Әрбір қазақстандық өз өнері мен қабілетін туған республикасына беруі керек, халықтың өмір сүру деңгейі көтеретін нарықтық экономикаға тезірек өтуге ықпалын тигізуі керек. Тәуелсіздік, егемендік статусты республика халықтарына Жаңа Конституцияны жасаумен байланысты сұрақтарға, азаматтық және миграциялық процестердің мәселелеріне жаңаша көзқарастың орнығуына мүмкіндік берді.Қазақ халқы тәуелсіздікке дейін ұзақ та қиын жолдан өтті. 1986 жылы желтоқсан айында тоталитарлық жүйенің орталығына қарсы наразылық білдіруге шыққан жастардың арманы да осы болатын. Осылай республиканың тәуелсіз ел болуына елдегі демократиялық бағыт себеп болды. Ал декларативті интернационализммен емес, ақиқаттығымен ерешеленетін мұндай мемлекетте қазақ халқы өзінің ұлттық тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтап қала алады. Осы құқықты иеленуге ол лайық болатын. Болашақ достыққа апаратын жолда барлық демократиялық күштер бірігеді. Бұл Қазақстан азаматы саналатын барлық ұлттар құқығының кепілі болмақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]