
- •17-Cұрақ(Қазақстан моңғол жаулаушылығы дәуірінде)
- •21.Моғолстан мемлекеті
- •22.Әбілхайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті
- •23.Хіү-хү ғғ. Қазақстан экономикасы мен мәдениеті
- •24.Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •25.Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •26.Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •27.Хyiі ғ. Қазақ хандығы.Есім,Жәңгір,Тәуке хандар
- •28.Хyi – хyii ғғ қазақтардың шаруашылығы; қоғамдық құрылысы мен мәдениеті.
- •29.Жеті Жарғы – Қазақ халқының әдет-ғұрпы заңдар жинағы
- •30.ХyiiIғ басындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайы
- •34. Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •40.Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұханбетұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •41. Хiх ғ. 60 – жж. Ортасында қазақ жерлерін Ресей империясының жаулап алуының аяқталуы және оның зардаптары.
- •42 Хiх ғ. 60-90 жылдардағы Қазақстандағы әкімшілік –саяси реформалар.
- •43.1868-1869Жж.Орал,Торғай облыстарындағы және 1870ж.Маңғыстаудағы қазақ көтерілістері.
- •44. Хiх ғ. Екінші жартысы мен хХғ. Басындағы Қазақстандағы Ресей империясының қоныс аудару саясаты.
- •45. ХХғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайы.
- •46.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс
- •47. Хiх ғ екінші жартысы – хх ғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •48. Ақпан буржуазиялық – демократиялық ревалюциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.
- •49.«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы.
- •50.1917Ж. Қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы.
- •51.Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср – нің құрылуы.
- •52.Алаш Орданың құрылуы мен оның қызметі.
- •54.Қазақ акср-дың құрылуы.
- •55. Жана экономикалық саясат
- •58. Ксро құрамында ҚазКср-інің құрылуы
- •59.1921-1930 Жж. Қазақстандағы мәдени құрылыс.
- •60.1920-1930Жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. Жаппай қуғын-сұргін.
- •61.1941-1945 Жж Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың өшпес ерліктері.
- •1941Жыл 22 маусым- фашистік Германия ксро-ға тұтқиылдан соғыс ашты.Ұлы Отан соғысы басталды.
- •62. Қазақстан- майдан арсеналы (1941-1945жж).
- •63. 1946-1964Жж. Қазақ кср – ның қоғамдық – саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы.
- •64. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •65. 1965-1985 Жылдардағы Қазақ кср-нің әлеуметтік- эканомикалық жағдайы.
- •66. Қазақстан қайта құру жылдарында.(1985-1991жж).
- •67. 1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •69. Егемендік туралы диклорациясы
- •70. Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары.Тмд-ның құрылуы.
- •72-Сұрақ( Казіргі кезеңде Қазақстандағы Әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2012 жж.))
- •73.Казіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қоғамдық саяси омірі (1991-2012жж).
- •74. Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2012жж).
- •75.Казіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2012 жж).
- •76.Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасы.
- •77.Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. « Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»(27 қаңтар 2012ж.)
29.Жеті Жарғы – Қазақ халқының әдет-ғұрпы заңдар жинағы
Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. (Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады. Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.
"Жеті жарғы" көшпелі қазақтардың ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны:
Қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға – 1000 қой, әйелге – 500);
Ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесілді;
Денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ – 100 қой, шынашақ – 20 қой);
Егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі;
Төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;
Егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді;
Өз-өзіне қол жұмсағандар бөлек жерленеді;
Қан араластыру өлімге немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады;
Құдайға тіл тигізген адам таспен атып өлтіріледі.
Кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады;
Құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде;
Ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс;
Дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі;
Куәлікке екі немесе үш адам жүреді;
Егер әкесінен бөлек тұратын ұлдың өлгенде баласы болмаса, оның мал-мүлкі әкесіне тиесілі.
Бізге белгілі, «Қысам ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.