Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / RTM_ZhAUAPTAR.docx
Скачиваний:
102
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
181.33 Кб
Скачать

3. Диск типтегі бөлшектерді жөндеу.

Тісті доңғалақтарды жөндеу. Тісті берілістер жұмыс істегенде тістері мен орнықтыру тесіктері тозады, кілтектік паздары мыжылады. Кейбір жағдайларда цементтелген қабаттар қабыршақтанады. Цементтелген қабат 80% тозғанда доңғалақты жаңасымен ауыстырады. Тісті доңғалақтарды жөндеу зақымдану сипатына және бөлшектің өлшемдеріне тәуелді. Тісті доңғалақтың күпшектік тесігін балқыма құйып, жөндеу өлшемдері тәсілімен, қосымша жөндеу бөлшектері тәсілімен қалпына келтіреді.

Шынжырлық доңғалақтарды жөндеу. Бұл доңғалақтардың негізгі ақаулары: күпшекке баспаланған ішкі үйкеліске қарсы төлкенің тозуы, тістер пішіні мен ойпаттар диаметрінің өзгеруі, кілтектік паздардың бұзылуы.

Тозған үйкеліске қарсы төлкені алып тастап, орнына ішкі жағында әдібі бар жаңа төлке баспалайды.

Сақинаны доңғалақтың дайындалған бетіне ыстықтай отырғызады, сонан соң екі-үш жерден біріккен жерлерден тесік тесіп, оған бұранда жасап, тоқтатқыштар бұрайды немесе үзік пісіру жапсарын жабыстырады.

Билет № 10

1. Бөлшектерді өсірумен жөндеу.

Бөлшектерді металдаумен өңдеу. Металдау процесінің мағынасы балқытылған металды арнайы дайындалған бөлшектің бетіне ауа немесе газ ағынымен тозаңдатып жабыстыру. Балқытылған металл бөліктері алдын-ала кедір-бұдыр етіп дайындалған бөлшектің бетіне соғып, оның бетіндегі олқылықтарды толтырады, нәтижесінде олардың механикалық бекітілуі, сондай-ақ тозаңдатылатын және негізгі металдар арасында молекулалық бірігулер іске асырылады.

Гальваникалық өсірумен бөлшектерді жөндеу. Металды гальваникалық өсіру электролиз процесіне негізделген. Электролитке берілетін тұрақты токтың әсерінен оң зарядты иондар (катиондар) катодқа, теріс зарядты иондар (аниондар) анодқа қарай қозғалады.

Бөлшектерді дәнекерлеумен жөндеу. Дәнекерлеу деп қатты күйдегі қыздырылған металл беттерін балқу температуралары негізгі металдардікінен төмен ерітілген қорытпалар (дәнекерлер) көмегімен бөлінбейтін бірігулер жасау процесін айтады.

Дәнекерлеу алдында беттерді кір мен тотықтардан мұқият тазалау қажет. Ол үшін механикалық өңдеуді, негіздермен майсыздандыруды және қышқылдармен улауды қолданады. Біріктірілетін беттерді қорғау және дәнекерлеу кезінде пайда болатын тотықтарды кетіру үшін ұнтақ немесе сұйық флюстер қолданылады. Дәнекерлеп болған соң флюстердің қалдығы сумен жуылып, кептіріледі. Дәнекерлеуді механикалық зақымдалған, көбіне жарылып кеткен бөлшектерді жөндеуге қолданады.

2. Статикалық пластикалық деформация.

БПД–ның екі әдісі белгілі – статикалық және соққылық деформациялау.

Статикалық БПД–ге беттік домалату және жаю, кернеулік беттік қақтамалау, тесіктерді шарикпен және құралбілікпен калибрлеу жатады. Домалата таптауда құрал ретінде әртүрлі шариктер мен роликтер пайдаланылады. Домалата таптау белгілі қысыммен роликті немесе шарикті бөлшектің дөңес немесе тегіс бетімен қозғалтумен іске асырылады.

Жаю болаттан, шойыннан және түсті металдардан жасалған бөлшектердің ойық беттерін беріктендіруші өңдеу үшін қолданылады. Кернеулік беттік қақтамалаудың мағынасы бағыты пайдалану кернеуімен бағыттас статикалық кернеумен бөлшекті беттік пластикалық деформациялау болып табылады. Тесіктерді шарикпен немесе құралбілікпен калибрлеу (статикалық беріктендіру) үшін тесіктерден қысыла өтетін беттері тегіс құралбілік немесе шарик пайдаланылады. Нәтижесінде тесіктердің беттік микроқаттылығы, оның тегістігі және өңдеу дәлдігі артады. Тесіктерді калибрлеу кезінде шойындарға керосинді, ал болат пен қолаға машина майын пайдаланады.

Соседние файлы в папке ГОС