Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / RTM_ZhAUAPTAR.docx
Скачиваний:
102
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
181.33 Кб
Скачать

3. Электрдоғалық пісіру және балқыма құю және оның түрлері.

Электрдоғалық қолдан пісіру мен балқыма құюда көбіне өзегі металл электрод пайдаланылады. Электродтың қабығының құрамына кіретін компоненттер тобы мынандай: тұрақтандырушы, қож жасаушы, газ шығарушы, тотықсыздандырушы, қоспалаушы және байланыстырушы. Электродтарды диаметрлерін 1,6-12,0 мм, ұзындықтарын 225-450 мм етіп жасайды. Электродтардың типі мен маркасын жөнделетін бөлшектің металының химиялық құрамына және пісіру жапсарына немесе балқытылған қабатқа қойылатын талаптарға тәуелді таңдайды.

Электродтың диаметрін балқытылып құйылатын қабаттың қабатына тәуелді таңдайды.

Балқыма құйғанда алдындағы құю білікшесінің енінің ⅓ жабылатындай етіп, бірнеше қабат етіп құяды. Әрбір қабатты құяр алдында алдындағы қабатты қождан тазалап алу керек. Балқыма құюда бөлінетін жылу маңызды шамада. Сондықтан жиырылып қалулар болмауы үшін алдындағы қабат суйтындай үзіліс жасап, қабаттардың орналасу тәртібін сақтай балқыма құюды жүргізу керек.

Шынықтырылған бөлшектерді жөндегенде жасып қалулары болмауы үшін балқыма құйылмайтын бөлігін суға батырып қояды. Қоспаланған болаттарға балқыма құйды оларды алдын-ала қыздырып, жоғары тығыздықтағы токпен жүргізеді.

Билет № 17

1.Жабдықты кж тапсыруға арналған дайындық жұмыстары.

Жабдықты жұмысшылар ЖЕЖ кестесіне байланысты жөндеуге дайындайды. Дайындау жұмыстарына: майларды отынды және сұйықтарды агрегаттардан төгу, сондай-ақ жабдықты алдын ала жуу мен тазалау жатады.

Жабдықты жөндеуге тапсыруға қажетті құжаттар:

1) жөндеу түрі, оның орындалу уақыты пайдалану және жөндеу деректері көрсетілген, сондай-ақ пайдалану және жөндеу процесінде алмастырылған бөлшектер, агрегаттар (жинау бірліктері) жөнінде мәліметтері, жұмыс істеген уақыты және орындаған жұмыс көлемі жөнінде деректері бар заводтың төлқұжаты;

2) жабдықтың техникалық жағдай жөніндегі акт, апаттық жағдайда болса – апаты жөніндегі акт.

Жабдықты қабылдау нәтижесінде қабылдау–тапсыру актісі жасалады.

2. Қолдан газбен пісіру және балқыма құю.

Қолдан газбен пісіру мен балқыма құюда жапсардың және балқытылған қабаттың сапасы құйылатын материалдың құрамына маңызды тәуелді. Құйылатын материалдың құрамы жөнделетін бөлшектің материалының химиялық құрамына жақын болуы керек.

Жапсарды тотығудан қорғау және пісіру кезіндегі пайда болатын тотықтарды жақындатпау үшін ұнтақ немесе пасталар түріндегі флюстер қолданылады.

Газбен балқыма құюда негізгі және қосылатын материалды қыздыру оңай реттеледі, ол негізгі металды қажеттіліктен артық балқудан және балқымамен араласудан қорғайды. Көміртектендіргіш жалынды пайдаланғанда көміртек пен қоспалардың жанып кетуі аз, балқытылған қабаттың тығыздығы жоғары. Балқытылған қабаттың қалыңдығы 2,5-4,0 мм.

Газбен балқыма құюдың кемшілігі балқытылған қабаттың қалыңдығының әртүрлі болатыны.

3. Сормайт №2, сталинит, Висхом-9 қорытпалары

Беріктерндіру үшін көбіне сормайт №1 (ЦС-1), сормайт №2 (ЦС-2) сталинит және Висхом-9 қоспалары қолданылады.

Сормайт №1 (құрамы 25-31% Сr, 3-5% Ni) абразивтік қажалу шартында соқысыз күшсалмақ кезінде жұмыс істейтін бөлшектерді беріктендіру үшін ұсынылады. Сормайт №2 (құрамы 13-17% Сr, 1,3-2,2 %Ni) тұтқырлығы жоғары, сондықтан соққылы күшсалмақ кезінде жұмыс істейтін бөлшектерді беріктендіруге ұсынылады. ЦС-1 электроды бақытылып құйылған беттің қаттылығы НRC 48-54, ал ЦС-2-нің қаттылығы НRC 39-45. ЦС-2 қабатты кейін шынықтырумен қаттылығын НRC 56-60 жеткізуге болады.

Түйіршіктелген қатты қорытпалар Сталинит пен Висхом-9 бір немесе бірнеше металдардың көміртекпен механикалық қоспасы болып табылады. Бұндай балқыма құюды қол электродоғалық пісірумен жасайды, ол үшін бөлшектің бетін қыздырылған бураның жұқа қабатымен және қорытпа шихтасы қабатымен жабады. Көмір электродты ирелеңдетіп қозғай отырып шихтаның негізгі металмен байланысуын қамтамасыз етеді. Балқытылған қабаттың қаттылығы жоғары болғандықтан (HRC 52-62) бұндай балқыма құюды кейіннен механикалық өңдеуді қажет етпейтін бөлшектер үшін пайдаланады.

Билет № 18

Соседние файлы в папке ГОС