Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / RTM_ZhAUAPTAR.docx
Скачиваний:
102
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
181.33 Кб
Скачать

1. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері.

Жөндеу кәсіпорындарында бөлшектерді пайдалану нәтижесінде бұзылған қосылысқан жерлердің орналасуын, механикалық беріктігін, тозуға төзімділігін және жегіге төзімділігін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін бөлшектерді жөндеудің әртүрлі тәсілдері кеңінен қолданылады.

Тозған бөлшектерді жөндеудің тәсілдері мыналар:

механикалық өңдеу; қысыммен өңдеу; пісіру; балқыма құю; металдау; гальваникалық өсіру; дәнекерлеу; үйкеліске қарсы қорытпаны қайта құю; пластмассамен жабу; желімдеу.

2.Үйкеліске қарсы қорытпаларды қайта құйып бөлшектерді жөндеу.

Үйкеліске қарсы қоспалар үйкелісті төмендету және білік мойынының тозуын азайту мақсатында сырғанау мойынтіректерін қайта құюда кең қолданылады. Бұл мақсатта қалайысы көп баббит, қорғасын-қалайылы никель (БН) және теллурлы баббиттер (БТ), қорғасынды қола және т.б. қолданылады.

Мойінтіректерді үйкеліске қарсы қорытпаны қайта құйып жөндеу мойынтіректі дайындаудан, баббитті балқытудан, баббитті мойынтірекке құюдан, мойынтіректі механикалық өңдеуден және сапасын тексеруден тұрады.

3. Балқыма құю тәсілдері.

Балқыма құю жұмыстарын екі тәсілімен: қолдан және механикаландырылған – жүргізіледі.

Қолдан балқыма құю тәсілдері мыналар:

- газбен;- электрдоғалық;- аргондық-доғалық.

Механикаландырылған балқыма құю тәсілдеріне мыналар жатады:

- флюс қабаты астында;- қорғаушы газ ортада;- діріл доғалық;- плазма доғалық;- электр қождық ;- индуктивті;- үйкеліспен.

Электрдоғалық қолдан пісіру мен балқыма құюда көбіне өзегі металл электрод пайдаланылады.

Қолмен балқыма құюды жұмыс көлемі аз кезде және жетуі қиын жерлерді пісіргенде қолданады. Бұл процестің артықшылығы – қолайлылығы мен қарапайымдылығы. Оның кемшіліктері - өнімділігі аз.

Қол-доғалық және газбен балқыма құю кезінде абразивтік қажалу шартында жұмыс істейтін бөлшектерді беріктендіру үшін жылулық өңдеусіз HRC 57-63 қаттылықтарын қамтамасыз ететін Т590, Т620, БХ-2, 13КН маркалы электродтарды пайдалану ұсынылады.

Билет № 8

1. Бөлшектердің тозуы.

Бұрғылау және мұнайгаз кәсіпшілігінің жабдықтарын, құралдарын пайдалану кезінде біртекті және біртекті емес тозулар, сонымен қатар бөлшектердің жұмыстық беттерінде сызықіз және қажалықтың пайда болуы байқалады. Жұмыс кезінде жабдықтың бөлшектері ауыспалы жүктемелерге ұшырайтындықтан біртекті емес тозулар жиі кездеседі. Ротор столы тәжінің және тістегерішінің тістерінің біржақты тозуы бұл бөлшектердің істен шығуының негізгі себебі болады. Бөлшектердің тозуы машиналардың істен шығуына әкелетін негізгі ақау. Бұрғылау және мұнайгаз кәсіпшілігінің жабдықтарын пайдалануда бөлшектердің басқа бұзылу түрлері азырақ кездеседі. Сондықтан тозу құбылысын және оның себептерін әржақты зерттеу өте маңызды.

Тозу материалдың бөлінуі немесе қалдық майысуы түрінде білінетін қажалудың нәтижесі.Үйкелісетін беттердің ең аз тозуы сұйықтық үйкеліс кезінде байқалады.

2. Механикалық өңдеумен бөлшектерді жөндеу.

Жөндеу өлшемдері тәсілі. Бұл тәсілдің мағынасы қосылысқан тозған бөлшектердің бірін, әдетте, жасалуы қиынын,дұрыс геометриялық пішін беру және талап етілген кедір-бұдырлылықты алу үшін алдын-ала белгіленген жөндеу өлшемдеріне дейін механикалық өңдейді де, ал екіншісін жаңасымен немесе алдын-ала белгіленген өлшемге дейін жөнделгенімен алмастырады.

Қосымша жөндеу бөлшектері тәсілі. Бұл тәсілдің мағынасы қажалған бетті жөндеуге оған тікелей бекітілетін жөндеу бөлшегін пайдалану болып табылады. Қосымша бөлшектің қалыңдығы әдетте жөнделетін тозу шамасынан едәуір артық, сондықтан қосымша бөлшекті бекітпестен бұрын жөнделетін бөлшектің қажалған қабатын алып тастайды.

Бөлшектің бір бөлігін алмастыру тәсілі. Бұл тәсілдің мағынасы – бөлшектің қажалған бөлігі алынып тасталып, оның орнына қосымша бөлшек қойылады. Алмастырылған бөлік бөлшектің негізгі бөлігімен пісірумен, бұрандамен, желімдеумен немесе басқа бір тәсілмен біріктіріледі де, сонан соң қажетті дәлдік пен беттің кедір-бұдырлылығына дейін түпкілікті механикалық өңделеді.

Соседние файлы в папке ГОС