Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / RTM_ZhAUAPTAR.docx
Скачиваний:
102
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
181.33 Кб
Скачать

1.Бөлшектердің тозуына әсер ететін факторлар.

Бұл факторларды екіге бөлуге болады:

1) бөлшектердің тозуға төзімділігіне әсер етуші факторлар;

2) бөлшектердің тозғыштығына әсер етуші факторлар.

Бірінші факторларға мыналар жатады: материалдың сапасы және жұмысшы беттерінің сапасы.

Екіншілерге жататындар: жанасқан беттердің үйкелестерінің түрі, үйкелуші беттерге түсетін өзіндік күшсалмақтардың сипаттамалары мен шамалары, үйкелісуші беттердің қозғалысының салыстырмалы жылдамдығы, жанасушы беттер арасыңдағы саңылаудың пішіні мен өлшемі, үйкелісуші беттердің майлану жағдайы, абразивтің болуы мен пішіні, оның физика- химиялық қасиеттері.

2. Техникалық күтім жасау процесінде диагностиканың алатын орны.

Диагностика техникалық күтім жасаудың құрамдық бөлігі болып табылады. Ол техникалық күтім жасаумен органикалық бірігіп, оның сапасын арттыру мақсатында қызмет етеді. Осыған байланысты машинаны жөндеуде диагностиканың міндеті мен алатын орны анықталады. Іс жүзінде диагностика техникалық күтім жасау мен жөндеуден бұрын, осы жұмыстар кезінде немесе олардан кейін жүргізілуі мүмкін. Бұлардан басұа жабдықты қабылдау кезінде техникалық бақылау органдарының жүргізетін және базадан алыс кетіп жұмыс істердің алдында жүргізілетін эпизодтық диагностикалар бар. Көлемі, әдісі және тереңдігі бойынша диагностикалау кешендік және элементтік болып бөлінеді.

Машинаға техникалық күтім жасауда диагностиканың орны оның әдістері мен құралдарының дамытылуына тәуелді. Мысалы, диагонстикалық операциялар жеткіліксіз механикаландырылғанда автоматтандырылғандадиагностикалауды бір орынға жинау оның жұмыстарын қиындатады, ал бұл кезде алынған шашыраңқы, жүйелендірілмеген диагностикалық ақпараттар оларды іс жүзінде пайдалануды күрделендіреді.

3. Жөндеуді жоспарлау, дайындау және ұйымдастыру.

ЖЕЖ жүйесі нақты жоспарлауды талап етеді. Жөндеу жұмыстарының бекітілген құрылымы мен кезеңдері негізінде бас механик қызметі ТҚК мен жөндеудің айларға бөлінген жылдық жоспар-кестесін немесе жиі бөлек жөндеудің жылдық жоспарын және ТҚК оперативтік кестесін жасайды.

Жоспарды жасаған кезде белгіленген жөндеу аралық кезеңді сақтаудың және жөндеу базасын біркелкі жұмыс көлемімен қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл кезде машинаның жағдайын қарапөзгертуге болады.

Жоспар-кестені және ЖЕЖ жүйесімен белгіленген жұмыс сыйымдылығын, қосалқы бөлшектер мен материалдар шығынын біле отырып жөндеу базасына тағайындалған жұмыс көлемін анықтайды, қосалқы бөлшектер мен материалдарды сатып алуды жоспарлайды.

Тораптық графикті жасау үшін келесідей мәліметтер керек:

- жұмыстарды орындаудың технологиялық тізбегі;

- жұмыстарды орындау ұзақтығының нормативі;

- дайындық жұмыстардың тізімі;

- жетпейтін материалдар мен бөлшектердің тізімі мен шамасы;

- жөндеуге қатысуы керек құрылымдық бөлімдердің қажеттіктері.

Билет № 15

1.Кж кезінде агрегаттарды жинау.

Жөндеуден шыққан машинаны жинау технологиясының жаңа машинаны жинаудан айырмашылығы жоқ, бірақ оның ұйымдастыру түрлеріне, механикаландыру деңгейіне және т.б. байланысты ерекшеліктері бар.

Жинау кейбір бөлшектердің жинау бірліктерінің қосылу реті, тексеру және қосымша операцияларымен бірге көрсетілген технологиялық сұлба бойынша орындалады.

Процесті операцияларға бөлшектеп жинауда жинау объектісі жинау бригадасы жүргізетін процесте қозғалмауы немесе қозғалуы мүмкін. Бригада мүшелері нақты операцияларды орындауға маманданады. Ағындық жинау әдісінің екі түрі бар:

1) қозғалмайтын объектідегі ағындық жинау – бұл кезде жинаушы (немесе жинаушылар бригадасы) бір машинадан екіншісіне жылжып, оған бекітілген ғана операцияны орындайды. Бұл әдісті ірі габаритті ауыр машиналарды жөндегенде қолданған дұрыс;

2) объектіні жылжытып ағындық жинау – объекті қолдан-қолға беріліп немесе механикалық тасымалдаушы құралдардың көмегімен жылжытылып маманданған жинаушымен (немесе жинаушылар бригадасымен) жинақталады.

Соседние файлы в папке ГОС