Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / RTM_ZhAUAPTAR.docx
Скачиваний:
102
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
181.33 Кб
Скачать

2. Диагностикалауда қолданылатын әдістер мен құралдар.

Диагностикалауда параметрдің түріне тәуелді техникалық диагностиканың мынадай түрлерін қолданады: механизмдегі үйкеліске кететін шығынды өлшеу; механизмнің жылулық күйін анықтау; механизмнің жұмысы кезінде қойылған өлшемдерін, саңылаусыздығын және сұйықтардың ағуын, қосылыстар күйін тексеру; майлардың күйін талдау.

Диагностикалық әдістер мен құралдар механизмнің қалдық уақыт қорын анықтауға мүмкіндік бермейді. Оны анықтау үшін тексеру кезіндегі механизмдер мен түйіндердің құрылымдық параметрлерінін өзгеруін пайдаланып, кестелер мен монограммаларды қолданады.

Диагностикалау құралдары диагностикалық белгілердің шамаларын көрсетуге және өлшеуге қызмет етеді. Бұл үшін аспаптар, жарақтар, стендтер пайдаланылады.

Қолдану жағдайларына байланысты диагностика құралдары жылжымайтын, жылжымалы және тасылатын болып бөлінеді. Бұл құралдарға қойылатын негізгі талаптар: өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету, пайдалануға қолайлы жіне қарапайым болу.

3. Жұмыс істеп шыққан майларды жинау және регенерациялау.

Белгілі уақыт жұмыс істеген, алғашқы сапасын жоғалтқан жұмыс істеп шыққан майлар майлау жүйесінен төгіледі. Бұл майларды майлаушылар бригадасы жинайды. Жұмыс істеп шыққан майлар ЖЖМ базасына, сонан соң майларды қайта өңдейтін арнайы мекемеге тапсырылады. Бұл майларды қайта өңдеуге тапсыру және өңделген майларды қабылап алу жаңа майларды қабылдағандай рәсімделеді. Майларды жинайтын ыдыстар саны майдың сорттарының түрінен кем болмауы керек. Бір ыдысқа зығыр майларының барлық түрлерін; тазаланған және негізденген, тұтқырлығы бойынша жақын машина майларын; негіздері бірдей жұмыс істеп шыққанн майларды жинауға рұқсат етіледі.

Майларды қайта өңдеу келес операциялардан тұрады:

- майларды ағартатын балшықпен және сумен сумайлы эмульсия алу үшін өңдеу;

- ауа 13,3-20 кПа сиретілген буландырғышта (кеште дейін қыздырылған) су мен отынды майдан айыру, бұл кезде де майдың ағартатын балшықпен қосымша жанасуы болады;

- майларды сүзгіден өткізу және ВНИИНП-360 (МЕСТ 9899-78) қоспаларымен қайта өңделген майларды араластыру.

Әрбір кәсіпорында жұмыс істеп шыққан майларды жинау жинақтап, өңдеу пунктеріне жөнелту іске асырылуы керек. Жұмыс істеп шыққан майларды жинау және қайта өңдеу жақсы жолға қойылса, материал үнемделіп, жаңа майлар шығыны 15-20% кемиді.

Билет № 20

1. Машина, механизмдердің техника-экономикалық өмір ұзақтығы.

Техника-экономикалық өмір ұзақтығы жұмысының өзіндік құнының ең аз болуына сай келетін экономикалық жағынан тиімді машинаның қызмет ету уақыты.

Бұны былай сан жағынан түсінуге болады – уақыт өткен сайын машинаның ескіруіне байланысты машинаның өнімділігі төмендейді, пайдалануға кететін шығын өседі.

Әрбір күрделі жөндеуден өткен сайын оған керекті бөлшектер саны да өседі. Бұлар шыққан өнімнің өзіндік құнын арттырады.

Машинаны пайдалануға кеткен шығын:

,

мұнда, машина сатып алуға кеткен шығын;

сақтауға, отынға, жұмыс күшіне кеткен шығын;

пайдаланымдық материалдарға, қосалқы бөлшектерге, жөндеуге және баптауға кеткен шығын. уақытқа пропорциональ:

.

уақыт өткен сайын көбейе береді.

Соседние файлы в папке ГОС