Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / RTM_ZhAUAPTAR.docx
Скачиваний:
102
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
181.33 Кб
Скачать

3.Жабдықты жөндеуге тапсыру тәртібі.

Жабдықты жұмысшылар ЖЕЖ кестесіне байланысты жөндеуге дайындайды. Дайындау жұмыстарына: майларды отынды және сұйықтарды агрегаттардан төгу, сондай-ақ жабдықты алдын ала жуу мен тазалау жатады.

Жабдықты жөндеуге тапсыруға қажетті құжаттар:

1) жөндеу түрі, оның орындалу уақыты пайдалану және жөндеу деректері көрсетілген, сондай-ақ пайдалану және жөндеу процесінде алмастырылған бөлшектер, агрегаттар (жинау бірліктері) жөнінде мәліметтері, жұмыс істеген уақыты және орындаған жұмыс көлемі жөнінде деректері бар заводтың төлқұжаты;

2) жабдықтың техникалық жағдай жөніндегі акт, апаттық жағдайда болса – апаты жөніндегі акт.

Жабдықты қабылдау нәтижесінде қабылдау–тапсыру актісі жасалады.

32Билет

1. Қойма шаруашылығы.

2. Жабдықты бөлшектеу. Бөлшектеудің дұрыс жүргізілгендігіне жөндеудің мерзімі, құны және сапасы тәуелді. Әуелі жабдықты агрегаттар мен жинау бірліктеріне, сонан кейін бөлшектерге бөлшектейді. Бөлшектеу сұлбасында жұмыстың орындау ұзақтығын және разряды көрсетіледі. Операцияларды орындау реті, қосылған жерлердің құрамына талаптар түсіндірме және қосымша нұсқаулар түрінде беріледі.

Бөлшектеуге арнаулы жабдықтар, құралдар, көтеру-тасу көліктері пайдаланылады. Жұмыстар бір бригадамен немесе бірнеше жұмыс орындарында желіде орындалады. 1-ші тәсіл жұмыс көлемі аз болғанда қолданылады. Кейде, жұмыс көлемі көп болған жағдайда жұмыстар 2 бригадамен орындалады: біріншісі жабдықты агрегаттарға, ал екіншісі бөлшектерге бөледі.

3. Жоспарлық-ескертулік жөндеу жүйесі.

ЖЕЖ жүйесі – машиналарды ақаусыз және жұмыс қабілетті жағдайында ұстау үшін алдын ала жасалынған жоспар бойынша профилактикалық орындалатын машиналарға қызмет көрсету және жөндеу шараларының кешені.

ЖЕЖ жүйесінің негізгі қағидалары:

1) жабдықтарға жөндеу аралық кезең деп аталатын жоспарланған уақыт аралықтарынан соң орындалады;

2) жоспарлы күрделі жөндеуден кейін жабдықтың мінездемелері жаңа жабдықтың қуаттық көрсеткіштеріне жақындайды;

3) бүкіл жабдықтар жөндеу кезеңдері аралығында жүйеде көрсетілген қатаң тәртіппен барлық кезекті жөндеулерден өтеді;

4) жоспарлы жөндеулерден басқа ТҚК-лер орындалады;

5) ТҚК мен жөндеудің кезегі, кезеңі және көлемі жабдықтың атқаратын қызметімен, құрылымен және пайдалану жағдайымен анықталады.

ТҚК орындалатын операциялар саны, көлемі және уақыты бойынша қатаң регламентпен орындалады. Ал жөндеу көлемі мен уақыты бойынша жоспарланады және машинаның жағдайына байланысты белгіленген уақыт ішінде орындалады.

Машиналарға қызмет көрсету мен жөндеудің принциптік сұлбасы 4.1-суретте көрсетілген

Соседние файлы в папке ГОС