Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ГОС / Zadachi_kaz

.rtf
Скачиваний:
20
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
4.79 Mб
Скачать

Есеп №1

2-і сатылы СКҚ тізбегінің максималды түсу тереңдігін есептеу.

Берілгені: құбырлар тегіс, беріктігі тең емес, құбырдың шартты диаметрі - 60 мм; 73 мм; 1-метр құбыр салмағы q= 7 кг/м - 60мм; q= 9,46 кг/м - 73мм. Болаттың беріктік тобы Д (а=380МПа) ж/е М (а=750МПа). Ажырау жүктемесі

Р= 23,1т - 60мм

Р= 29,4т - 73мм

Р= 45,5т - 60мм

Р= 58,3т - 73мм болаттың беріктік қоры n=1,3.

Есеп №2

СКҚ тізбегіне түсетін шекті салмақты есептеу.

Берілгені: беріктігі тең құбыр. Шартты диаметрі - 60 мм; d- құбырдың сыртқы диаметрі - 60,3мм; d-құбырдың ішкі диаметрі - 50 мм; - құбыр материалының ағу шегі; = 380·10Па; =750·10Па;

Есеп №3

Шекті салмақ бойынша СКҚ-тізбегін ұңғымаға максималды түсіру тереңдігін есептеу.

Берілгені: құбырлар тегіс, беріктігі тең. Құбырлардың шартты диаметрі -60 мм; d- құбырдың сыртқы диаметрі - 60,3мм; d- құбырдың ішкі диаметрі - 50 мм; -құбыр материалының ағу шегі; = 380·10Па;

1м құбыр салмағы q = 7 кг/м; болаттың беріктік қоры n=1,3.

Есеп №4

Фонтанды және газлифті тәсілді пайдалану кезіндегі СКҚ тізбегін ұңғымаға максималды түсіру тереңдігін есептеу. Берілгені: құбырлар тегіс, беріктігі тең емес. Құбырдың шартты диаметрі-60мм; d-құбырдың сыртқы диаметрі-60,3мм; d-құбырдың ішкі диаметрі-50 мм; = 380·10Па; =750·10Па; 1м құбыр салмағы q = 69,7 Н; болаттың беріктік қоры n=1,3. Құбыр бұрандасының негізгі жазықтық бойындағы қабырға қалыңдығы в=0,368 см; бұранданың иілу бұрышы d=60; үйкеліс бұрышы =7; бұранда ұзындығы =22,93 см; бұранда профилінің биіктігі h1=1,41 мм.

Есеп №5

СКҚ-ны мүмкін және нақты ішкі қысымға есептеу. Берілгені: шегендеу бағанасының диаметрі Д=0,15м; сыртқы диаметрлері 60, 73, 89 мм болатын үш сатылы құбыр тізбегі: құбыр материалының беріктік тобы – Д, =372МПа; секция ұзындығы 60 мм құбыр =1992м; секция ұзындығы 73мм құбыр =820м; секция ұзындығы 89 мм құбыр = 685м; 60мм құбырдың қабырға қалыңдығы - в=3,68мм; 73мм құбыр в=4,15мм; 89мм құбыр - в=5,2мм; құбырдың сыртқы диаметрлері: 60мм - dс1=60,3мм; 73мм - dс2=73мм; 89мм - dс3=89мм.

Есеп №6

СКҚ-ды ажырау (страгивание) жүктемесіне есептеу.

Берілгені: тегіс, беріктігі тең емес құбырлар. Құбырдың шартты диаметрі -60мм; d-құбырдың сыртқы диаметрі-60,3мм; d-құбырдың ішкі диаметрі-50мм; құбыр металының беріктік тобы Д ж/е М: =380·10Па; =750·10Па; құбыр бұрандасының негізгі жазықтық бойындағы қабырға қалыңдығы в=3,68мм; бұранданың айналымының жоғарғы ұшындағы бұрышы 60; үйкеліс бұрыш =7; бұранда ұзындығы =22,93 см; бұранда профилінің биіктігі h1=1,41 мм.

Есеп №7

Газды фактор 90м/т ж/е дебит 100т/тәу болатын фонтандаушы ұңғымадағы штуцер диаметрін анықтау қажет, егер =1,16 кг/м, сағадағы қысым 10МПа, шығардағы қысымы 2МПа болса.

Есеп №8

Сұйық дебиті 200м/тәу болатын ұңғыма үшін штуцер диаметрін анықтау керек, егер сағадағы (устье) қысым -3,5 МПа, бүйірлік қысым (боковой выкид) 1,5 МПа болса. µ = 0,7÷0,9 – шығын коэффициенті, ол сұйықтық тығыздығына тәуелді.

Есеп №9

Фланецтің сығылу күшін анықтау қажет, егер аралық төсегіш (прокладка) 12Х18Н9Т болатынан жасалса q=400МПа; аралық төсегіштің орташа диаметрі D=88мм; төсегіштің (прокладка) тиімді жанасу ені в=1,5мм.

Есеп №10

Фланецті байланыстағы шпилькаға түсетін үлкен күшті анықтау қажет, егер пайдалану күші Р = 259 188 Н; Р= 165 792; шпилька саны - 6.

Есеп №11

Қарапайым (статиқалық) теория бойынша штанганы ілу нүктесіне түсетін максималды жүктемені есептеу. Берілгені: плунжер қимасының ауданы F=6,15см; - Ø22 мм құбырдың құбыр ұзындығы, =504м; q- Ø22 мм сорап штангасының 1м, q- 3,14; - Ø19 мм құбырдың құбыр ұзындығы, =1296м; q=2,35; ү- сұйықтың меншікті салмағы, ү=900 кг/м; ү- штанга материалының меншікті салмағы ү=7850 кг/м; m - динамикалық фактор, m=0,21.

Есеп №12

СКН2-615 - қондырғысының балансир соңына орнатылатын плита санын анықтау қажет. Тереңсорапты қондырғының жұмысшы көрсеткіштері: плунжер диаметрі Д=28 мм; сораптың түсу тереңдігі L=500м; сағадан (устья) динамикалық деңгейге дейінгі ара-қашықтық һ= 450 м; сорап штангасының диаметрі d=16 мм; сұйықтықтың меншікті салмағы ү=900 кг/м; К = 0,875 – сұйықтықта штанганың жоғалуын ескеретін коэффициент; бір плитаның салмағы 36 кг; qш=1,67 кг/м.

20.01.2015 ж. №5 кафедра мәжілісінде

қаралды және бекітілді

Есеп №13

Гидропоршенді сорап қондырғысының батпалы сорабының берілісін анықтау. Сораптың әсері - дифференциалды. Берілген: сораптың жүріс саны n = 50; - сораптың ПӘК көлемі, = 0,9; сорап поршенінің диаметрі d = 32 мм; S- агрегат поршенінің жүру ұзындығы, S=70см.

Есеп №14

Штангалы тереңсорапты қондырғының өнімділігін анықтау.

Берілгені: сорап плунжердің диаметрі Д=68 мм; S- балансир басының жүру ұзындығы S=1,8 м; n- бір минуттағы тербеліс саны n=15; - сорапты қондырғының беріліс коэффициенті =0,75; γ - мұнайдың меншікті салмағы; γ =0,9 т/м.

Есеп №15

Батпалы электрлі ортадантепкіш сораптың қажетті арынын (напор) анықтау. Берілгені: һ - статикалық деңгей, һ=700м; һ-депрессия, һ=160 м; сағадан динамикалық деңгейге дейінгі ара-қашықтық, һ=860 м; һ-құбырдағы сұйықтың сораптан сыртқа шығуға (трап) дейінгі қозғалысы барысында болатын үйкеліс пен жергілікті кедергілерге жұмсалатын арыны һ=19 м; һ- сырттағы (трап) артық қысым, һ=12 м сұй.бағ.; һ- ұңғыма сағасындағы трапта сұйық деңгейінің артуы, һ=2,5м.

Есеп №16

Штангалы сорапты қондырғының жұмыс жағдайы үшін: Д=68 мм, S=1,8 мм, n=15, η = 0,75 (сорапты қондырғының беріліс коэффициенті) және мұнайдың меншікті салмағы γ = 0,9 т/м3 болғанда, Ивановтың номограммасы бойынша (А қосымшасы) сораптың нақты өнімділігін Qн анықтау.

Есеп №17

Тербелмелі станок түрін, диаметр мен сорап түрін, сорапты құбыр мен штанга диаметрін таңдап (АзНИИ диаграммасы бойынша (Ә қосымшасы)), келесідей жұмыс жағдайлары үшін сораптың режимдік көрсеткіштерін орнату: ұңғыма дебиті 36 т/тәу, мұнайдың меншікті салмағы γм = 900 кг/м3, сораптың түсірілу тереңдігі L=1400 м, динамикалық деңгей сораптың кірісінде орналасқан: сорапты қондырғының беріліс коэффициенті η = 0,7.

Есеп №18

Ұзынжүрісті СКН 3- 1515 үшін құрастырылған диаграмма бойынша (Б қосымшасы) диаметр мен сорап түрін, сорапты құбырлар мен штанга диаметрін тауып, сұйық дебиті Q=15 м3/тәу, динамикалық деңгейі hд=700 м және газ факторы төмен болатын ұңғыма үшін сорапты пайдалану режимін анықтау.

Есеп №19

Арнайы номограмма (В қосымшасы) көмегімен ЭОТС (электрлі ортадантепкіш сорап) орнатылған ұңғыманың жұмысы үшін жабдықтар таңдау, келесідей шарттарда: пайдалану бағанасының диаметрі Д=6"; дебиті Q=125 м3/тәу, сұйықтың сулылығы 80 %; газ мөлшері өте аз; аталған дебиттегі динамикалық деңгей hд=800 м; сұйықтың меншікті салмағы γ=1,08 т/м3; сұйықтың тұтқырлығы ν=0,01 см2/сек; бір деңгейде жатқан, сағадан трапқа дейінгі қашықтық растояние (hг=0), l=10 м; траптағы артық қысым Рт=0,5 атм немесе hт=5м сұй.бағ.; қозғалтқыштың ток көзінің кернеуі 380В. ЭН-160-800 сорабын таңдаймыз.

Есеп №20

Шығыны V=500м3/сағ, құбыр сыртындағы ғысым 46 атм және бірінші клапанның жабылуы кезіндегі қысым ауытқуы ∆Р1=35,5 атм, екінші клапанның жабылуы кезіндегі қысым ауытқуы ∆Р2=21,6 атм және үшінші клапанның ∆Р3=2,6 атм болғандағы әр клапанда ашылуға тиісті саңылаулардың саны мен аудандарын номограмма (Г қосымшасы) бойынша анықтау.

Есеп №21

Жетекті білігінің айналым саны 250 мин-1 болғандағы шығырдың көтеру білігінің айналым санын анықтау. Шығырдың жетекті білігінен көтеру білігіне айналымның берілу жолы сұлбада тілшелермен көрсетілген

Есеп №22

Шығырдың тежеу моментін анықтау, егер айналу моменті 1800 кН және тежеудің қор коэффициенті 2,0-ге тең болса.

Есеп №23

Жетекті біліктің айналу жиілігі 250 мин-1 болғандағы ротордың жетекті (жылдамжүрісті) білігінің айналым санын анықтау. Шығырдың жетекті білігінен көтеру білігіне айналымның берілу жолы сұлбада тілшелермен көрсетілген.

Есеп №24

Бұрғылау қондырғысының еселігі 10 болғандағы тәлді жүйенің ПӘК анықтау.

Есеп №25

Бұрғылау қондырғысын жабдықтау үшін тәл арқанының диаметрін таңдау, егер:

  • тәл жүйесін жабдықтау түрі крестілі – 5х6;

  • ілмектегі жүктеме – 1800 кН;

  • тәл жүйесінің ПӘК-і – 0,9;

  • тәл жүйесінің жылжымалы бөлігінің салмағынан болатын жүктеме – 50 кН;

  • тәл арқандары үшін беріктік қор коэффициенті – 3,0.

Есеп №26

Бұрғылау қондырғысын жабдықтау үшін тәл жүйесінің жабдықталу түрін таңдау (3х4, 4х5, 5х6 және т.б.), егер:

  • тәл арқанының диаметрі – 28 мм;

  • ілмектегі жүктеме – 1800 кН;

  • тәл жүйесінің ПӘК-і – 0,9;

  • тәл жүйесінің жылжымалы бөлігінің салмағынан болатын жүктеме – 50 кН;

  • тәл арқандары үшін беріктік қор коэффициенті – 3,0.

Есеп №27

Бұрғылау қондырғысын жабдықтау үшін тәл арқанының ұзындығын анықтау:

  • мұнара биіктігі – 42 м;

  • жабдыталуы крестілі – 5х6;

  • тәл блогы мен кронблок шкивтарының диаметрлері – 1000 мм;

  • шығыр барабанында қауіпсіздік орамдарындағы арқан ұзындығы – 30 м.

Есеп №28

Бұрғылау қондырғысындағы тәл жүйесінің ең ауыр жүктелген ішегінің жүктемесін анықтау, егер:

  • жабдықталу крестілі – 4х5;

  • тәл арқанының диаметрі – 28 мм;

  • ілмектегі жүктеме – 1800 кН;

  • тәл жүйесінің ПӘК-і – 0,9;

  • тәл жүйесінің жылжымалы бөлігінің салмағынан болатын жүктеме –

50 кН.

Есеп №29

Барабан білігінің айналу моментін анықтау: Р=1000 кН – тәл механизміндегі ілмекке түсетін жүктеме; G = 100 кН – тәлді механизм бөлшектерінің салмағы; Д= 800 – барабан бөшкесінің диаметрі; і=10 – тәлді механизмнің жабдықталу еселігі.

Есеп №30

Шығыр барабанының геометриялық өлшемдерін таңдау, егер: БШ қуаты 560 кВт, диаметрі 32 мм тәл арқанының жылжымалы ұшындағы тартылыс күші 150 кН, тәл жүйесінің жабдықталуы 5х6 болса.

Есеп №31

Бұрғылау қондырғысын жабдықтауға үшін қажетті арқан ұзындығын анықтау, егер: мұнара биіктігі Н = 53 м; жабдыталуы - 5х6; шкив диаметрі Дш = 800 мм; қауіпсіздік орамдарындағы арқан ұзындығы С0 = 50 м.

Есеп №32

Иілу моменті 380Н/мм-ге тең, болаттың ағу шегі 38МПа кронблок шкив өсінің ең кіші диаметрін анықтау.

Есеп №33

Тежеу коэффициенті [К]=1,5 кезіндегі таспалы тежегіштің тежеу моментін анықтау, берілгендері: тәл механизмінің ілмегіне түсетін мүмкін жүктеме -200 кН; тәл механизмінің жылжымалы бөлігінің салмағы - 30 кН; арқан өрімінің орташа

диаметрі 1м; тәл механизмінің ПӘК-0,85; шығырдың көтеру білігінің ПӘК-і – 0,9; тәл механизмінің жабдықталуы – 5х6.

Есеп №34

Қозғалтқыштың номинальді қуаты 1000кВт, ілмекті көтеру жылдамдығы 2м/с, тәл механизмінің ПӘК-0,9, тәл механизмінің жүруші бөлігінің салмағы -30кН болғандағы бұрғылау қондырғысының ілмекке түсетін шектік жүктемесін анықтау.

Есеп №35

Ротордың қуатын есептеу, егер қашауға берілетін қуат 55 кВт, ал бұрғылау бағанасының бос айналуына жұмсалатын қуат 27 кВт болса.

Есеп №36

Роторлы бұрғылау әдісіндегі сораптың гидравликалық қуатын есептеу, егер циркуляциялық жүйедегі қысым шығыны 14 МПа, сорап берілісі 20х10-3 м3/с болса.

20.01.2015 ж. №5 кафедра мәжілісінде

қаралды және бекітілді

Есеп №37

Роторлы бұрғылау кезіндегі ұңғыманы бұрғылау процесінде вертлюг оқпанына әсер ететін динамикалық жүктемені есептеу, егер:

  • ұңғыма тереңдігі 4000 м;

  • 1м болат бұрғылау құбырының салмағы q = 28 кг/м;

  • бұрғылау сұйықтығының тығыздығы ρ = 1200 кг/м3;

  • қашауға түсетін өстік жүктеме Рқ = 200 кН;

  • вертлюг оқпанының өту саңылауының диаметрі dв= 75 мм;

  • тәл жүйесінің жылжымалы бөлігінің салмағы Gтж = 50 кН.

20.01.2015 ж. №5 кафедра мәжілісінде

қаралды және бекітілді

Есеп №38

Подшипниктің ұзақтұрақтылығын (ресурсын) – вертлюгтың негізгі тірегінің жұмыс сағатымен анықтау, егер: ұңғыма тереңдігі 4000 м, вертлюг оқпанының айналу жиілігі 100 мин-1, ал орташа бұрғылау жылдамдығы 8 м/сағ болса.

20.01.2015 ж. №5 кафедра мәжілісінде

қаралды және бекітілді

Соседние файлы в папке ГОС