Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / RTM_ZhAUAPTAR.docx
Скачиваний:
102
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
181.33 Кб
Скачать

2. Қосылысқан жердің бұзылу себептері және оны қалпына келтіру әдістері.

Машиналардың өмір ұзақтығы (уақыт қоры) олардың кейбір қосылысқан жерлерінің жұмыс қабілетін сақтау ұзақтығына тәуелді.

Жұмыс процесі кезінде қосылысқан жерлердің элементтері қажалады, яғни ,олардың құрылымдық параметрлеріне жататын: беттерінің кедір-бұдырлығы, геометриялық пішіні, жұмыс беттерінің өлшемдері - өзгереді.

Көрсетілген параметрлердің өзгеруінің жиынтығы қосылысқан жерлердің негізгі құрылымдық параметрінің – саңылаудың өзгеруіне, сондай-ақ бөлшектердің өзара орналасуының бұзылуына әкеледі. Саңылаудың шектік шамасына жеткен кезде қосылысқан жер жұмысқабілетін жоғалтады. Бұл жерлердің жұмысқабілетін қалпына келтіру үшін бастапқы саңылауды, яғни, қосылысатын бөлшектердің бастапқы орналасуын қамтамасыз ету керек. Ол үш әдіспен іске асырылады:

1) бөлшектердің өлшемдері өзгертілмей;

2) бастапқы өлшемдері өзгертіліп;

3) бастапқы өлшемдері қалпына келтіріліп.

Бөлшектердің орналасуын олардың өлшемдерін өзгертпей қалпына келтірумына тәсілдермен іске асырылады: саңылауды реттеумен, қажалған бөлшектердің бірін ауыстырумен немесе оны басқа жұмыс қалпына ауыстырып қоюмен.

3. Гальваникалық өсірумен бөлшектерді жөндеу

Металды гальваникалық өсіру электролиз процесіне негізделген. Электролитке берілетін тұрақты токтың әсерінен оң зарядты иондар (катиондар) катодқа, теріс зарядты иондар (аниондар) анодқа қарай қозғалады.

Катодқа оң иондар, анодқа теріс иондар жеткенде бейтарап атомдар пайда болады. Нәтижесінде катод ретінде қолданылатын қалпына келтірілетін бөлшектен металл мен сутегі, анодтан – қышқыл және су қалдығы бөлінеді. Металдар электролизі кезінде еритін және ерімейтін анодтар қолданылады.

Тозған бөлшектердің өлшемдерін қалпына келтіру үшін электролиттік хромдау, болаттау, мыстау және никельдеу қолданылады.

Билет № 16

1.Кж кезінде жабдықты комплектілеу.

Комплектілеу қоймасында ақаулау қағазына сәйкес жинақтау жүргізіледі. Комплектілеу қажеттілігі қоймаға әртүрлі дәлдіктегі бөлшектеуден кейінгі жарамды, жөнделген және жаңа бөлшектердің келіп түсуі салдарынан туындайды. Комплектілеудің әртүрлі әдістері бар.

Толық өзара алмасуда кез-келген бөлшек, жинақ бірлігі алдын-ала өңделмей және дәлденбей қолданыла береді. Толық өзара алмастыра жинау әртүрлі дәлдіктегі топтар жинау кезінде саңылаудың және жалғасу жерлерінің тартылуының ұлғаюына әкеледі. Сондықтан бұл әдіспен бірге басқа әдістер де қолданылады: бөлшектерді дәлдеумен комплектілеу, бөлшектерді таңдап жинау (толық емес өзара алмасу), компенсатор қолданып комплектілеу, іріктеп комплектілеу.

2. Бөлшектерді теңгеру.

Жабдықты жинар алдында бөлшектерді теңгереді. Өйткені, теңгерімсіздік өз кезегінде дірілге, шапшаң тозуға және т.б. әкелетін теңсіздікке әкеледі.

Теңсіздіктің түрлері:

- статикалық;

- динамикалық.

Статикалық теңсіздік ауырлық орталығының (а.о.) айналу өсінен ығысуы себебінен болады.

(8.1)

бұл жерде, теңгерілмеген массаның ауырлық күші;

теңгерілмеген массаның а.о. айналу өсінен қашықтығы;

бөлшектің ауырлық күші;

бөлшектің а.о. айналу осінен ығысуы.

Теңгерілмеген масса ортадан тепкіш инерция күшін F туындатады (8.1-сурет):

(8.2)

бұл жерде, теңгерілмеген масса;

бұрыштық жылдамдық

(8.3)

мұнда, айналу жиілігі,айн/мин.

Бұл күш қосымша циклдік күшсалмақ тудырады.

(8.4)

(8.5)

Бұл теңсіздік механикалық өңдеумен (жону, тесік тесу және т.б.) және қосымша масса ілумен жөнге келтіріледі.

Статикалық теңсіздік ұзындығы диаметрінен көп кіші (мысалы, диск және т.б.) бөлшектерге тән.

Динамикалық теңсіздік. Ұзындығы диаметрінен көп үлкен бөлшектерге тән. Теңгерімсіздік анықтау және жөнге келтіру процесі динамикалық теңгеру деп аталады.

Бұл күштер бір-бірімен беттеспейді, нәтижесінде қосымша күшсалмақтар мен дірілдеудің себебі болып табылатын ортадан тепкіш күш моменті пайда болады. Теңгеру үшін жәнекүштеріжәнекүштеріне жіктейді.

(8.6)

(8.7)

(8.8)

және ,жәнекүштерін параллелограмм әдісімен қосыпжәнекүштерін табады.

(8.9)

Теңгерімсіздікті жою үшін қарсы жақтың ұшында ,күштерін тудыратын жүктер іледі.

Соседние файлы в папке ГОС