Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / RTM_ZhAUAPTAR.docx
Скачиваний:
102
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
181.33 Кб
Скачать

2. Полимерлік жаппалармен бөлшектерді жөндеу.

Бұл тәсілдің мағынасы материал қабатын бөлшектің тозған бетіне жабыстыру.Полимер жаппаларды жабыстыруда екі әдісті қолданады. Олар: жаныштау және қысыммен құю.

Жаныштау гидравликалық немесе механикалық престер көмегімен іске асырылады. Жаныштау үшін әдетте термореактивтік полимерлерден, яғни қатаю кезінде балқымайтын және ерімейтін күйге өтетін полимерлерден жасалған ұнтақтар пайдаланылады.

Қысыммен құю қыздырған кезде алдымен пластикалық, сонан кейін тұтқырағындық күйге, ал салқындатқанда – қайтадан қатты күйге келетін термопластикалық полимерлер жаппаларды жағуға қолданылады. Қысыммен құю арнайы құю машиналарында іске асырылады.

Полимер жаппаларымен бөлшектерді жөндеудің артықшылықтары:

1) технологиялық процестің қарапайымдылығы;2) жаппаның химиялық тұрақтылығының жоғарылығы;3( майлау жоқ кезде де жеткілікті тозуға төзімділігі.

Полимер жаппалардың кемшіліктері:

1) жылуға төзімділігі төмен, көп жағдайда 200-250ºС аспайды;2) рауалы өзіндік күшсалмағы үлкен емес.

3. Бөлшектердің химиялық жылулық бұзылуы.

Бөлшектердің шыдам мерзімін арттыру үшін бұзылуға әкеліп соғатын себептерді талдау керек.

Бөлшектердің бұзылуың келесі топтарға бөледі:

1) деформация және сыну;

2) тозу;

3) химиялық-жылулық бұзылуы.

Деформация мен сынулар ағымдық шегі мен беріктік шегінен асатын кернеулердің салдарлары болып табылады. Тозу үйкелісуші денелердің өзара әсерлерінің нәтижесі. Химиялық-жылулық зақымдану – жылулық факторлардың үлесі көптеу әсерлер кешенінің нәтижесі.

Билет № 3

1. Желімдеп біріктіруді қолданып бөлшектерді жөндеу.

Материалдарды желімдеу кейбір металл емес материалдардың металмен жеткілікті берік байланыс жасау қасиеттеріне негізделген. Желімді термореактивтік немесе термопластикалық полимерлер негізінде жасайды. Металдарды желімдеу үшін әртүрлі желімдер пайдаланылады. Күшсалмақ түсетін бөлшектерге фенол-формальдегид, эпоксид, полиуретан, полиамид, полиэфир негізіндегі желімдер қолданылады.

Желімдерді пайдалану бөлшекті жөндеу процесін қарапайымдандырады, жеделдетеді және жөндеу құнын төмендетеді.

Желімдеу бірігулерінің кемшіліктері:

1) пайдалану температурасы төмен, 200-300ºС аспайды;

2) әркелкі тартуда беріктігі төмен;

3) әртүрлі сыртқы факторлар әсерінен ескіруге бейім.

2. Беріктендіруші электр-ұшқындық өңдеу.

Беріктендіруші электр–ұшқындық өңдеу (ЭҰӨ) электрод (анод) пен бөлшектің (катодтың) арасында импульстік разрядтың жүруіне негізделген.

1-сурет. Электр-ұшқындық беріктендіруге арналған қодырғы: 1-якорь; 2-беріктендіруші электрод; 3-беріктендірілетін бөлшек; Г-тұрақты ток көзі немесе түзеткіш құрылым; R- реттелетін кедергі; С-конденсатор.

ЭҰӨ мағынасы токтың жылулық әсерімен бір уақытта электрод материалының бөлшектің бетіне көшірілуі (өсіруі) және беріктендіруші электрод элементтерімен және ауаның азотымен бөлшектің бетінің қоспалануы болып табылады. Беріктендірілген қабат карбидтердің, нитридтердің, карбонитттердің және шынықтыру құрылымының болуымен байланысты жоғарғы қаттылығымен ерекшеленеді. 1–суретте электр–ұшқындық қондырғының сұлбасы көрсетілген. Электр–ұшқындық беріктендіру және металды көшіру бұйымның беті мен дірілдеткіштен тербелмелі қозғалыс беретін электрод арасындағы электр зарядының жылулық және химиялық әсері кезінде ауа немесе газ ортасында жүргізіледі.

Бұл әдістің кемшіліктері – қалыңдығы едәуір беріктендірілген қабатты алудың мүмкін еместігі, созушы кернеудің пайда болуы себебінен шаршауға төзімділіктің 10-20% төмендеуі және беттің кедір–бұдырлығының өсуі.

Соседние файлы в папке ГОС