Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / RTM_ZhAUAPTAR.docx
Скачиваний:
102
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
181.33 Кб
Скачать

1.Мұнайгаз жабдықтарын жөндеудің негізгі өндірістік процесін ұйымдастыру.

Жөндну кәсіпорындарында бөлшектерді пайдалану нәтижесінде бұзылған қосылысқан жерлердің орналасуын, механикалық беріктігін, тозуға төзімділігін және жегіге төзімділігін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін бөлшектерді жөедеудің әртүрлі тәсілдері кеңінен қолданылады. Тозған бөлшектерді жөндеудің тәсілдері мыналар:механикалық өңдеу; қысыммен өңдеу ;пісіру; балқымақұю; металдау; гальваникалық өсіру; дәнекерлеу; үйкеліске қарсы қорытпаны қайта құю; пластмассамен жабу; желімдеу.

Жөнделген бөлшектердің өмір ұзақтығы оның бастапқы физика-химиялық қасиеттеріне және әсіресе оның жұмыс беті қандай дәрежеже өзгеруіне тәуелді. Бөлщектерді жөндегенде оның физика-химиялық және пайдаланымдық сипаттарын, атап айтқанда шаршауға беріктігін нашарлатпайтын, ал егер бұл мүмкін болмаса, онда оларды аз ғана дәрежеде өзгертетін жөндеу тәсілдерін қолданған жөн.

2. Жабдықтардың бөлшектерін тазалау тәсілдері. Жабдықты бөлшектеу. Бөлшектеудің дұрыс жүргізілгендігіне жөндеудің мерзімі, құны және сапасы тәуелді. Әуелі жабдықты агрегаттар мен жинау бірліктеріне, сонан кейін бөлшектерге бөлшектейді. Бөлшектеу сұлбасында жұмыстың орындау ұзақтығын және разряды көрсетіледі. Операцияларды орындау реті, қосылған жерлердің құрамына талаптар түсіндірме және қосымша нұсқаулар түрінде беріледі.

Бөлшектеуге арнаулы жабдықтар, құралдар, көтеру-тасу көліктері пайдаланылады. Жұмыстар бір бригадамен немесе бірнеше жұмыс орындарында желіде орындалады. 1-ші тәсіл жұмыс көлемі аз болғанда қолданылады. Кейде, жұмыс көлемі көп болған жағдайда жұмыстар 2 бригадамен орындалады: біріншісі жабдықты агрегаттарға, ал екіншісі бөлшектерге бөледі.Бөлшектенген бөлшектер тексеру-сұрыптау учаскесіне жіберіледі, онда олардың техникалық жағдайы, қосалқы бөлшектер шығыны, жөнделетін бөлшектердің аттары мен сандары, жұмыс көлемі анықталады.

Ақаулау әдістері: сырттай тексеру және соғып көру, сәйкес өлшеу приборларын пайдаланып өлшеу және жасырын ақауларды табуға арналған бөлшектемей тексерудің арнайы құралдарын пайдалану. Төменде бөлшектердің жасырын ақауларын анықтау әдістері келтірілген. Капиллярлық әдіс бөлшекті жақсы майлайтын сұйықтардың жарықтарға, кеуектерге және де басқа беттік тұтас еместіктерге кіруіне негізделген.

3. Майлау материалдары және жабдықтарды майлау.

Кәсіпорынға әкелінетін жабдықтарды майлайтын майдың түрлері шығаратын заводтың беретін құжатында көрсетіледі.Бас механиктің басқармасымен және май шығаратын заводтармен келісіп химиялық құрамы жақын майларды ауыстырып қолдануға рұқсат етіледі.

Заводта ұсынылмаған майларды қолдану жабдықтың п.ә.к. төмендетеді, энергия шығынын көбейтеді, сондай-ақ мерзімінен бұрын істен шығып қалулар болуы мүмкін.

Май сақталатын ыдыстар таза болуы керек. Оларға су мен шаң түсуін болдырмау керек.

Ашық ыдыстарда және жабдықтар жұмыс істеп тұрған жерде жанар және жағар майларды сақтауға тыйым салынады. Қыс кезінде майларды ашық жалынмен қыздыруға болмайды. Май құятын құралдар ақаусыз күйде болулары керек. Майлау үшін қондырғымен бірге берілетін жабдықтарды пайдалану керек. Сұйық майлар сүзгі арқылы құйғышпен құйылады, қою майлар арнайы жабдықтармен беріледі. Пайдалану уақыты өткен отын, майлар ауыстырылады. Егер жабдық 3 айдан көп жұмыс істемей тұрса, майлар толық ауыстырылады.

Билет № 30

Соседние файлы в папке ГОС