Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
d_1241_rister_konspektteri_11_doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.8 Mб
Скачать

2. Заттық өндіріс экономикалық нәтижелілік теориясының негізгі жайлары

Жоспар

2.1. Еңбек қызметінің ақырғы нәтижесі

2.1.1. Ұлттық табыс

2.1.2. Күрделі қаражаттың салыстырма экономикалық нәтижелілігі

2.1.3. Келтірілген шығындар

2.2. Күрделі қаражаттың экономикалық нәтижелілігін талдау негізі [жалпы (абсолютті) экономикалық нәтижелілік, салыстырма экономикалық нәтижелілік, күрделі қаражаттың жалпы (абсолютті) экономикалық нәтижелілігі]

2.3. Өндіріс нәтижелілігін талдау әдісі

2.4. Салыстыруға болатын түрге түрлерді келтіру әдістеме негізі

2.1. Еңбек қызметінің ақырғы нәтижесі

Кәзіргі уақытта халық шаруашылығын мемлекеттік меншіктен жеке меншікке ауыстыруда және өндірісті шағындатуда терең қайтақұру, барлық шаруа-шылық механизмін басқару жүйесін қайтақұру экономика нәтижелілігін жоғары-латуға бағытталған.

Заттық өндіріс ортада, жоспарлы уақытта өңделген, барлық заттық шығындарды оның құнынан шегеру жолымен туындайтын, тұтас қоғамдық өнімнен мемлекеттің ұлттық табысы қалыптасады.

Өнеркәсіп кәсіпорындарында ұлттық табыс таза өнім түрінде алға шығады:

, (2.1.1)

мұнда - жоспарлы кезеңге жалпы өнім көлемі, теңге;

- кәсіпорынның осы кезеңге заттық шығындары, теңге

2.1.1. Ұлттық табыс

Ұлттық табыс - бұл бір жыл бойына есептелген жаңадан жасалған заттық өндіріс ортасының өнім құны.

Қоғамдық өндіріс нәтижелілігін жоғарылатудың негізгі факторларына:

- халық шаруашылығын басқаруды толық жетілдіру

- үйлесімді құрылымды және елдің халық шаруашылық кешеніне баланс жасауды қамтамасыз ету

- меншіктің әртүрлі түрлерін жасау

- өнім сапасын жоғарылату

- өндірістік қуаттылықтарды және негізгі қорларды барынша көп қолдану

- еңбек өнімділігін өсіру және еңбек қорларын қолдануды жақсарту

- табиғи қорларды орынды қолдану - жатады.

Кәзіргі заман шарттарында маркетинг негізінде күрделі қаражаттарды жоспарлау және өнеркәсіп кәсіпорындарын пайдалану барысында ең үнемді шешімдерді таңдау әсіресе маңызды.

Күрделі қаражаттардың жалпы көлемі келесі өрнекпен анықталады:

(2.1.1.1)

мұнда - құрылыстық жұмыстар барлық түрлерінің құны

- жабдықтарды монтаждау жұмыстарының құны

- салынатын кәсіпорынға технологиялық, энергетикалық, көтеру-көлік-тік және басқа жабдықтар құны

- салынатын кәсіпорынға арналған бағалы аспап және инвентарьдың құны

- қалған жұмыстардың, соның ішінде жобалау-іздеуші және бұрғылау, сонымен қатар дирекцияны қаржыландыру шығындары, салынатын кәсіпорын үшін кадрлар дайындауға техникалық қадағалау, іске қосу шығындары, жер алаңы учаскелердің бұруына шығындар, көпжылдық өсімдіктерді отырғызу және өсіру және басқалар құны.

Жалпы экономикалық әсер келесі көрсеткіштермен (коэффициенттермен) сипатталады:

а) халық шаруашылығы бойынша бүтіннен туындатылған ұлттық табыс өсуінің салыстыруға болатын бағаларының ұлттық табыс артуына қол жеткізген барлық қаржыландыру қайнарлары бойынша өндірістік күрделі қаражатқа қатынасы ретінде

(2.1.1.2)

б) халықшаруашылық кешендері, бөлек салалар, сонымен қатар негізгі қорлардың ұдайы өсу түрлері (техникалық қайта қаруландыру, қайта құру және кәсіпорынды кеңейту) бойынша

, (2.1.1.3)

мұнда - жылдық пайда өсуі (өзіндік құн төмендеуі) немесе күрделі қаражаттан түсетін шарушылық есептегі табыс

- салаға жұмсалатын күрделі қаражат

в) жаңадан салынған кәсіпорындар, цехтер, басқа объектілерге және нәтижелілік көрсеткіші бөлек шаралар бойынша, жоспарланушы пайданың күрделі қаражаттарға (сметалық құнға) қатынасы ретінде:

, (2.1.1.4)

Сонымен, жалпы нәтижелілік коэффициенті, күрделі қаражаттың әрбір теңгесіне қанша әсерлі теңге (пайда немесе үнемділік) келетінін көрсетеді.

Күрделі қаражаттың 1 теңгесіне түсетін, барлық салалар үшін табыс нормативі анықталған:

- жаңа құрылыста - 0,12

- жаңа техника енгізуде - 0,15

- басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізуде - 0,3

Егер:

, (2.1.1.5)

шарт орындалса, онда күрделі қаражаттар әсерлі деп есептеледі. Бұл жерде есептеу (нақты) және нормативтік күрделі қаражат әсерлілік коэффициенті.

Сонымен қатар, күрделі қаражат енгізілетін қуаттылық әрекетінің бірлігіне өнімнің, жұмыстың және қызметтің (құндық және натуральды түрде) өсуіне салыстырмалы есептеледі. Салыстырмалы күрделі қаражаттар олардың әсерлілігі-мен салыстыруға болатын шарттарда есептеледі, мұнда құндық бағамен өнім өсуіне жұмсалатын күрделі қаражат пайда өсуінің өнім өсуіне қатынасының күрделі қаражат қайтарылу көбейтіндісіне тең деп ескерілуі тиіс

, (2.1.1.6)

Бұл жағдайда салыстырмалы күрделі қаражат деңгейіне ықпал етуші факторлар талданады. Талдау, салыстырмалы күрделі қаражат базалық көрсеткіштерінің өзгерістерін есепке ала коэффициенттерді ескере отырып: жұмыс істейтін қуаттылықтар қолдануды жақсартулар; күрделі қаражаттар ұдайы өндіруқұрылымын өзгерту; құрылыстың құн жүйелерін төмендету; территориялық күрделі қаражат құрылымын өзгерту; шаралардың табиғатты қорғау және табиғи қорлардың орынды қолдану бойынша шаралар есебінен келесі формула бойынша:

, (2.1.1.7)

жүргізіледі.

Келешек кезеңге көрсетілген коэффициенттердің мағыналары дәлелденеді және болжаланады.

Жалпы әсерлілікті талдау барысында, күрделі қаражаттар есесін қайтару мезгілін, олардың барлық көлемі пайда немесе өзіндік құнның төмендеуінен үнемдеу есебінен орын толуын, көрсетуші жылдар санын анықтау маңызды.

Орын толу мерзімі күрделі қаражаттар көлемінің пайданың жылдық сомасына қатынасы ретінде табылады:

, (2.1.1.8)

Өндірістің әсерлілік коэффициенті - есе қайтару мезгіліне кері мөлшер:

, (2.1.1.9)

Алынған есе қайтару мезгілі мен әсерлілік коэффициенті мөлшерлерін нормативті көрсеткіштермен салыстырады. Егер алынған коэффициент көбірек нормативтіден (0,15) жоғары, ал есе қайтару мезгілі 6,6 жылдае кем болса, онда осындай кәсіпорын құрылысы экономикалық мақсатқа лайықты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]