Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
d_1241_rister_konspektteri_11_doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.8 Mб
Скачать

12.2. Сұраныс пен ұсыныстың нарықтық бағалар тепе-теңдігі.

Нарықтық баға құрылу процесін сұраныс және ұсыныстар заңдары басқа-рады. Тепе-теңдік нарықтық баға - бұл нарықтағы тауарлардың әрқайсысы бойынша не артықшылық, не тапшылық жоқ жағдай. Кез келген тапшылық, тауарлардың жеткіліксіздігі нарықта бағаны жоғары жылжытады және керісінше – артықшылығы бағаны құлдыратады.

Бағалардың түрлері. Көтерме бағалар - өнімді ірі партиялармен іске асырғандағы бағалар.

Бөлшек бағалар - тауарлардың бөлшек торапта сатылатын бағалары. Бөлшек баға көтерме сауда үстеу мөлшерінен жоғарырақ болады.

Сатып алатын бағалар - бұл мемлекеттік сауда жасаулардың бағалары (әдетте ауыл шаруашылық өнімдеріне).

Реттеу дәрежесі мен тәсілдер белгісі бойынша бағалар келесі топтарға бөлі-неді:

1. қатаң бекітілгендер (тағайындалғандар);

2. ретке келтірілетіндер (өзгеретіндер);

3. келісімділер ( шарттылар );

4. еркін (нарықтық).

Еркін нарықтық бағалар, мемлекеттік органдардың бағаға қол сұғуларынан босатылған, олар нарық конъектурасы әсерінен қалыптасады. Мемлекеттік қалыпты бағалардан еркін нарықтық бағаларға өтуді бағалар ырықтандырылуы деп атайды.

12.3. Құнсыздану.

Баға құрылу механизмі және бағалар өзгерулері туралы айтқанда, құнсыздану (инфляция) деген құбылысты ескермеуге болмайды. Нарыққа өту барысында, қазақстан экономикасы құнсыздануды толық мөлшерде басынан өткізді.

Құнсыздану өз табиғаты бойынша ақшалық бірліктің бағасыздануын, оның сатып алу қабілеттілігінің азаюын білдіреді. Құнсызданудың пайда болу табиғаты – көбінесе тауармен қамсыздандырылмаған, айналымға артық ақшамен және ақшасыз есеп айырысуды шығару салдарынан туындайтын, тауар және ақша массаларының арасындағы сәйкестіксіз.

Құнсыздану деңгейі жиірек бар болғаны бір ай немесе бір жыл ішінде есептелінеді.

Халықаралық экономикалық тәжірибеде, құнсыздану деңгейі жылына 2-3% болса, ол зиянсыз. Ал егерде осы пайыздар бір ай ішінде тіркелсе, онда экономика-лық жағдай үрейлене түседі. Құнсызданудың шекті мүмкін табалдырығы, айына баға өсуі 50%-дан асқанда, ол құнның құлдырауына (гиперинфляцияға) айналады.

Құнсызданудың өндіріс басылуымен қосақталып жүретін экономика жағдайы, стагфляция (тоқырау құнсыздану) деп аталады. 1991-1993 жылдары барлық ТМД елдері осындай жағдайда болған. 1991 жылы балар 2,7 есе, 1992 жылы – 26 есе, 1993 жылы – 10 есе артты. Үш жыл ішінде бағалар 700 есе өсті. Ал жыл сайынғы тауарлар өндірісінің құлауы 10% шектерінде болды.

Құнсыздану дегеніміз бұл жағымсыз экономикалық құбылыс, ал ол жоғары дәрежелерде болса - экономикалық апат.

12.4. Қаржыны экономиканы реттеу және өндірісті ынталандыру үшін қолдану.

Экономикалық жүйенің барлық элементтері үйлестірілген жұмыс жасау үшін реттеу қажетті. Реттеу деп экономиканың тілектелген бағытта дамуын түсіне-ді. Қаржылар реттеудің нәтижелі иін тетігінің бірі болып табылады.

Экономиканың нарықтық жүйесі үшін өздігінен басқару сипатты. Өздігінен басқаруға барлық шаруашылық субъекттері дербестігін айқындау үшін бостандық беру керек. Бірақ қаржылық тұрақтылығына, баланстаныуна, пропорциональділік-ке жету үшін бір өздігінен басқару жеткіліксіз.

Дағдарысты жағдайларда нарық әсіресе экономиканың тұрақтануына ықпал жасауын әлсіретеді. Бұл шарттарда қаражатты реттеудің мемлекеттік әдістерін күшейту, ақылды шектерде экономикаға араласуды жүзеге асыру және қатты қаражаттық саясат өткізу керек. Бұндай араласу мемлекеттік инвестициялар, салықтық, қаражаттық, амортизациялық саясат, әртүрлі мемлекеттік құрылымдар қызметтерінің арқасында өткізіледі. Шамадан тыс араласу экономикалық ынталан-дыруларды әлсіретеді, өндіріс нәтижелілігін төмендетеді және экономиканың өзді-гінен басқарылуына кедергі болады.

Сонымен қатар қаржылар экономикалық ынталандыру аспабы ретінде қолданылады. Қаражаттық ынталандырулар, өндіріс дамуына әсер ететіндей, оның нәтижелілігін жоғарылатындай етіп құрылуы, еңбекке дәлелді қару болып қызмет етуі тиісті.

Қаражаттық саясат қаражаттық стратегияда және қаражаттық тактикада (әдісте) айқындалады.

Қаражаттық стратегия - бұл ұзақ дәуірге және ірі масштабты мақсаттарды жүзеге асыруға есептелген, ұзақ уақыттық саясат.

Қаражаттық тактика қысқа мерзімді, ағымдағы мақсаттарға жетуге арналған қаржы қолдануға бағытталған, жақын арадағы кезең мақсаттарының орындалулары.

Қаражаттық саясатты жүзеге асыру үшін қаражаттық механизмді қолдана-ды. Ол үшін қоғамның, ұйымдардың және жеке тұлғалардың экономикалық мүдделерін қорғайтын, қаражаттық байланыстардың ұйым ережелерін орнықтыра-тын, заңгерлік нормаларды, заңдарды, қаулыларды және басқа актілерді өңдеу жә-не қолдану қажетті. Өкінішке орай, нарықтық экономикаға өту кезеңінде қаражат-тық заң шығару аяқталусыздықпен, шаруашылық ынтаны тоқтататын, қарама-қай-шылықпен зиян шегеді, өндіріс дамуына кедергі жасайды.

Қазақстан экономикасында өткінші кезеңнің дағдарысты құбылыстарынан құтылу үшін қаржыларды басқару жүйесін өңдеу және іске асыру қажетті. Бұл жағ-дайда мемлекеттік бюджеттің үлкен тапшылығына төзуге, құнсыздануға қарсы ша-ралар өткізуге, сыртқы және ішкі қарыздарды қысқартуға, зиянды және тиімділігі аз кәсіпорындар санын азайтуға, өндірістік емес шығындарды төмендетуге және шаруашылықтағы жоғалтуларды кемітуге тура келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]