Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
d_1241_rister_konspektteri_11_doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.8 Mб
Скачать

8.2. Рентабелділік

Рентабелділік – бұл айқын уақыт кезеңдегі (квартал, жыл) өндірістік қызметтің пайдалылығын (зияндылығын) сипаттайтын, кәсіпорындардың шарушы-лық-есептеу қызмет көрсеткіштерінің бірі.

Рентабелділік - шаруашылық кәсіпкерліктің ең басты ынталандыруы және бәсекелік нарықтық экономика шарттарында нәтижеліліктің көрсеткіші.

Рентабелділіктің жоғарылауы өндірістің толассыз өсу шегімен, оның құрылымын толық жетілдірумен, ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен қолданумен, өндірістік күштерді дамытумен, мамандандырумен, шоғырландыру және кооперациялаумен қамтамасыз етіледі.

Рентабелділік мөлшері екі тәсілмен есептеледі:

- баланстық пайданың негізгі өндірістік қорлар құнына қатынасымен,%:

, (8.2.1)

- ағымды шығындар әсерлілігін ескере, пайданың өнім өзіндік құнына қатынасымен, %:

, (8.2.2)

Бұндай көрсеткіш бүтіннен, баға құру тәжірибесінде қабылданған, өнеркәсіп, кәсіпорын және бөлек бұйымдар бойынша есептелуі мүмкін.

Өндірістік қорларға есептелген рентабелділік көрсеткіші, банк қаражаттамаған , пайданың бастапқы бағасы және нормаланатын айналым қаражаттарының орташа қалдықтар бойынша өндірістік қорлар сомасына қатынасымен анықталады:

, (8.2.3)

Пайда мөлшері (8.1.5) өрнек арқылы анықталады.

Негізгі қорлар мөлшері келесі өрнекпен есептеледі:

(8.2.4)

мұнда - негізгі қорлардың -нөмірлі түрінің алғашқы құны, теңге.

Нормаланатын айналым қаражаттарының сомасы келесі түрде көрсетілуі мүмкін:

(8.2.5)

мұнда - айналым қаражаттардың -нөмірлі бабы бойынша сомасы, теңге.

Өз кезегінде, айналым қаражаттардың -нөмірлі бабы бойынша қажетті сомасы келесі қатынаспен анықталады:

(8.2.6)

мұнда - айналым қаражаттардың -нөмірлі элементі бойынша шығындар, тенгө;

- айналым қаражаттарының осы тармағына арналған норматив, күндер;

- жоспарлы кезең ұзақтығы, күндер.

(8.2.6) өрнекті ескере (8.2.5) өрнекті қайта құрып, келесі өрнек аламыз:

(8.2.7)

Егер (8.2.3) өрнекке (8. І .5) өрнектегі пайданың мағнасын, сонымен қатар (8.2.4) және (8.2.7) өрнектерден негізгі және айналым қорларының құндарын енгізсек, онда құрылыс индустриясы кәсіпорындарының жалпы рентабельділік көрсеткіштерін анықтау үшін өрнек келесі түрге айналады:

Бұл көрсеткіш кәсіпорындарды негізгі және айналым қорлар айналымын жылдамдату есебінен олардың қолданылуын жақсартуға, материалдық құндылық-тар қорларын қысқартуға сілтейді.

Рентабельділік - кәсіпорын қызметінің барлық жақтарын көрсететін қорытушы көрсеткіш.

Түзу заттық шығындарды (өңдеудің өзіндік құнын) алып тастап, өзіндік құнға есептелген, рентабөльділік көрсеткіші, таза өнім нормативін (таза өнім нормативі жалақыны, әлеуметтік сақтандыруға қаражат бөлуді және пайданы қосатынболып табылады) және ТББ мен ІПҮҚ зауыттарының бұйымдарына көтерме баға жобасын есептеу үшін қолданылады.

3. Салық жүйесі туралы Қазақстан республикасының заңы

Салық салу өнеркәсіп салаларының дамуына және кез келген елдің инвестициялық климатына маңызды әсер ете алады. Шатасқан және күрделі, икемсіз және ауыртпалықты салық жүйесі оны қолданарда тек шаруашылық етуші субъектілер немесе жеке тұлғалар емес, сонымен қатар салық органдарының өздері үшін де қиыншылықтар тудырады. Шаруашылық етуші субъектілердің салық ауыртпалығын күшейту жолымен бюджет дефицитін қысқарту әрекеттері тек салық салудан қашудың одан да алғыр жолдарын іздейтін қарама қарсы натижеге алып келуі мүмкін.

1995 жылға дейінгі ҚР салық құқығы, салық салудың басқа тұрғыларын реттеуші, көтеген заңдардан тұратын. РК президент қаулысы 1995 жылдың 1 шілдесінде, заң күш бар, ҚР жаңа салықтар жүйесі мен жинауларды бекіткен және бұрынғы қолайсыз және ауыспалы салық салу жүйесін ауыстырған, 24 сәуір 1995 жылы шыққан "Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы" ҚР Президентінің жарлығы әрекетке кірді.

Кәсіпорынның орналасу жері бойынша салық органдарына есепке тұрарда, фирмалар салық төлеуші тіркеу нөмірін алулары міндетті.

Қаулы міндетті төлемдерді жалпы мемлекеттік салықтарға және жергілікті салықтар мен жинауларға шектейді.

Жалпы мемлекеттік салықтарға:

1. заңгерлік және жеке тұлғалардан алынатын кіріс салық;

2. қосылған құнға салынатын салық;

3. акциздер;

4. құнды қағаздар операцияларына салынатын салық;

5. жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын арнайы төлемдер және салықтар жатады.

Жергілікті салықтарға және жинауларға:

1. жер салығы;

2. заңгерлік және жеке тұлғалар мүлігіне салынатын салық;

3. көлік құралдарына салынатын салық;

4. кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын, заңгерлік және жеке тұлғалар тіркеуі үшін салынатын жинаулар;

5. қызмет бөлек түрлерімен шұғылдану құқығы үшін салынатын жинау-лар;

6. аукциондық сатулардан жинаулар жатады.

ҚР салық заң жиынтығында келесі негізгі принциптер салынған.

Заңдылық принцибі. Иә, қазір бұл принципті сақтау өте қиын - тәжірибеде барлық әрекеттер ойдағыдай жүрмейді. Бірақ, жоғары тұрған органдарға, тіпті жоғарғы сот органдарына дейін барып, салық заң жиынтық жайларының сақтауларына жету керек.

Салық құқықтарының келесі принципі - заңның кері күшін мойындамау принцибі болып табылады. Бұл кәсіпкер үшін өз мүддесін қорғауда өте маңызды. Осы принцип, салық салу аспекттері туралы заң, қаулы бүгін және жақын арадағы болашақта іс істейді, бірақ ол кешегі күн қатынастарын реттей алмайды.

Бір рет салық салу принципі, салық салу бір объектісіне бір уақытта салықтың сол бір түрі тағы да салынуы мүмкін емес екенін білдіреді.

Салық төлеушілер және мемлекет мүдделері мен құқығын қорғау теңдігі принципі. Бұл сот органдарында әрбір салық қатынас қатысушылары өз мүдделерін қорғауға тең құқықты екенін білдіреді. Салық қызметі салық төлеушілерден төленбеген салықтарды төлету мақсатымен сотқа жүгінуге құқықты. Бірақ, салық төлеушілер де салықтар бойынша қарыздарды мәжбүрлік төлету, сонымен қатар салықтардың артық төленген сомаларын қайтару туралы салық қызмет органдарының шешімдерін шағымдау мақсатымен сотқа талап арызбен жүгіне алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]