- •Шукенов и.И.
- •Дәрістер конспекттері
- •Курстың заты, әдістері және мақсаттары
- •Құрылыс материалдар өнеркәсібінің ұлттық экономикадағы және
- •Құрылыстың материалдық-техникалық базасы
- •Қр құрлыс материалдар өндірісінің даму концепциясы және ұлттық экономика мен халыққа қажетті өнімді өндіруге арналған бөлек өндірістерді қайта кескіндеу
- •Заманауи нарықтық шарттарда құрылыс бұйымдары мен конструкциялары өнеркәсібінде құрылымдық өзгерулерді анықтаушы факторлар және сала дамуын тездету жолдары
- •2. Заттық өндіріс экономикалық нәтижелілік теориясының негізгі жайлары
- •2.1. Еңбек қызметінің ақырғы нәтижесі
- •2.1.1. Ұлттық табыс
- •2.1.2. Күрделі қаражаттың салыстырмалы экономикалық нәтижелілігі
- •2.1.3. Келтірілген шығындар
- •2.3. Өндіріс нәтижелілігін талдау әдісі
- •2.4. Салыстыруға болатын түрге түрлерді келтіру әдістеме негізі
- •3. «ҚмБжКө»-дегі шикізат және отын-қуат қорлары, республикада сала орналасуы
- •3.1. Қр шикізат базасының сала дамуы мен орналасуына мағнасы
- •3.3. Өндірістік қалдықтардың әртүрлі түрлері және оларды құрылыс материалдар, бұйымдар және контрукциялар өндірісінде қолданудың әсерлілігі
- •3.4. Сала кәсіпорындарын орналастырудың негізгі принциптері
- •3.5. Құрылыс бұйымдары мен контрукциялар өнеркәсіптерін орналастыру ерекшеліктері
- •3.6. Құрылыс бұйымдары мен контрукциялар кәсіпорындарының даму және орналастыруын экономикалық негіздеу
- •3.7. Қр құрылыс материалдар өнеркәсіптерінің даму және орналастыру
- •4. Күрделі құрылыс
- •4.1. Өнеркәсіптік құрылыс және саланың онан арғы дамуына арналған оның мағынасы
- •4.2. ҚмБжКө-не бөлінетін күрделі қаражаттар, олардың құрамы мен құрылымы
- •4.3. Салыстырмалы күрделі қаражаттар
- •4.4. Күрделі құрылысты жоспарлау және жобалау
- •4.5. Кәсіпорынды қайта құру және техникалық қайта қаруландыру ұғымы
- •4.6. Құрылыстың сметалық құны
- •4.7. Шетел инвестициялары мен несиелерін құрылыс материалдарының бөлек прогресшіл түрлеріне жұмсау басымдылығы
- •4.8. Нарықтық экономика шарттарында күрделі қаражаттардың әсерлілігін жоғарылату келелі мәселелері
- •5. Құрылыс материалдар өнеркәсібі және құрылыс индустриясының негізгі қорлары
- •5.1. Өндіріс процесінде негізгі қорлардың орны және олардың құрылымы
- •5.2. Негізгі қорларды қолдану
- •5.3. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі
- •6. Өндіріс кәсіпорындар және саланың айналым қаражаттары
- •6.1. Айналым қаражаттар ұғымы, олардың құрамы және құрылымы
- •6.2. Нормаланатын айналым қаражаттар
- •6.3. Айналым қаражаттар құру қайнары
- •6.4. Кәсіпорынның нормаланатын толық қаражаттар есептері
- •6.5. Кәсіпорынның нормаланатын айналым қаражаттар есептері
- •6.5.1. Материалдардың негізгі қорларын жасауға арналған айналым қаражаттар
- •6.5.2. Аяқталмаған өндірістегі айналым қаражаттар
- •6.5.3. Дайын өнімнің айналым қаражаттары
- •7.2. Өзіндік құнді төмендетуді жоспарлау
- •8. Пайда және рентабелділік
- •Өнімді жүзеге асыру және кәсіпорын табысы
- •8.2. Рентабелділік
- •9. Саладағы ғылыми-техникалық алға басу
- •9.2. Өндіріс дамуының қарқынды жолы
- •10. Өнім сапаларын жоғарылатудың экономикалық негіздері
- •10.1. Өнім сапасын жоғарылатудың мағынасы
- •10.2. Өнім сапасын басқару жүйесі
- •10.3. Өнім сапасынының құрылымы мен басқару жүйелерінің функциялары
- •10.4. Өнім сапасының нормативті деңгейін орнату
- •10.5. Өнім сапасын сандық бағалау
- •10.6. Өнім сапасының берілген деңгейін қамтамасыз ету және оған жету
- •10.7. Құрылыс объектілерін пайдалану шығындарына
- •11. Өзара алмастыратын материалдар, бұйымдар және контрукциялар өндіріснің нәтижелілігі
- •11.1. Негізгі жағдайлар
- •11.2. Өзара алмастыратын өнім өндірісінің мақсатқа лайықтылығын бағалау
- •12. Нарықтық экономикаға өту
- •12.1. Нарықтық экономиканың пайда болу себебі және «көрінбейтін қол» принциптері.
- •12.1.1. Нарық
- •12.2. Сұраныс пен ұсыныстың нарықтық бағалар тепе-теңдігі.
- •12.3. Құнсыздану.
- •12.4. Қаржыны экономиканы реттеу және өндірісті ынталандыру үшін қолдану.
- •12.5. Кәсіпорындарды жекешелендіру.
- •13. Маркетинг
- •13.1. Маркетингінің әлеуметтік-экономикалық маңызы
- •13.2. Тауарлардың сапасын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •13.2.1. Бәсекеге қабілеттілік және сапа, олардың маркетинг
- •13.2.2. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемелік тәсілдері
- •13.3. Өткізу қызметін талдау
- •13.4. Бағаның қалыптасуы және нарық құрылымы
- •13.4.1 Сурет. Сұраныс пен баға арасындағы байланыс
- •13.4.2 Сурет. Сала үшін сұраныс пен баға тәуелділігі
- •13.5. Жоба шешімдерінің экономикасы
6. Өндіріс кәсіпорындар және саланың айналым қаражаттары
Жоспар
6.1. Айналым қаражаттар ұғымы, олардың құрамы және құрылымы.
6.2. Нормаланатын айналым қаражаттар.
6.3. Айналым қаражаттар құру қайнары.
6.4. Кәсіпорынның нормаланатын толық қаражаттар есептері.
6.5. Кәсіпорынның нормаланатын айналым қаражаттар есептері.
6.5.1. Материалдардың негізгі қорларын жасауға арналған айналым қаражаттар
6.5.2. Аяқталмаған өндірістегі айналым қаражаттар
6.5.3. Дайын өнімнің айналым қаражаттар
6.1. Айналым қаражаттар ұғымы, олардың құрамы және құрылымы
Кәсіпорындардың айналым қаражаттары - бұл, ақшамен саналатын айналым қорлардан және айналдыру қорларынан тұратын, заттық игіліктер өндірісіне қолданылатын еңбек заттары.
Айналым қаражаттары – бір өндірістік кезеңде тұтас қолданылатын және толыңынан өзінің құнын өнімге ауыстыратын, кәсіпорын өндірістік қорының бөлігі. Айналым қаражаттары, қоймаларда (өндірістік дайындаулар) және олардан өнім дайындау процесінде сақталатын еңбек заттарынан (шикізат, материалдар, отын және т.б.) тұрады.
Айналдыру қорлар – айналдыру өрісінде жұмыс істейтін: қоймадағы және тұтынушыға жол-жөнекей (оның ақы төлеуіне дейін), ағымды шоттағы қаражат және т.б. қаражат қорлары және заттық құндылықтар.
Сонымен, айналым қаражаттары – бұл, кәсіпорын қарамағында болатын, өнім дайындау технологиялық кезеңінде және оны іске асыруда жұмсалатын және өнімді жүзеге асырғаннан кейін кәсіпорынға қайтарылатын заттық құндылықтар және қаражаттар.
6.1 суретте бірқатар айналым қаражаттар шартты бөлімдерінің жолын бақылауға болады.
Техникалық цикл басталарда айналым қаражаттарының бөлігі еңбек құрал-дарын алуға қолданылады. Еңбек құралдарын дайын өнімге өңдеу барысында жұмсалған айналым қаражаттары материализацияланған түрде болады. Осы уақыт ағынында қызметкерлерге еңбек ақы төлеуге қаражат шығындалады. Өндіріс процесінде барлық жұмсалған қаражаттар - дайын өнім түрінде қоймада болған уақытта және тұтынушыларға бағытталған уақытта материализацияланған түрде болады. Өнімді алған тұтынушы келісім шарт уақытында оған төлем ақы төлейді және қаражат кәсіпорынның ағымды шотына келіп түседі. Сонымен шығындалған қаражат, келесі айналым кезеңге түсіп бұрынға қалпына келеді.
Технологиялық процес үзілмеліліксіздігі, айналым қаражаттары қорлардың айналым сатыларының барлық кезеңдерінде болуына және өнімнің өзіндік құнын құрастырушы өндіріске жұмсалатын шығындарды жабуға (негізгі қорлар амортизациясына шығындардан басқа) алып келеді.
Өнімді іске асыратын, көтерме баға, оны даярлауға жұмсайтын шығын-дардан (өзіндік құннан) жоғары, сондықтан кәсіпорынға пайда түседі. Пайда қал-дығы банкімен және жоғары тұрған ұйымдармен және жалақыға берілетін қаржы-мен бірге есептескеннен кейін түскен табысты құрастырады.
Құрылымы бойынша айналым қаражаттар өндірістік шеңберге де, айнал-дыру шеңберіне де қызмет етеді.
Өндіріс шеңберінде жұмыс істейтін айналым қаражаттарға:
1. қоймалардағы шикізат қорлары мен материалдар;
2. аяқталынбаған өндіріс және оған қоса жартылай фабрикаттар;
3. қазіргі уақытта (квартал, жыл және т.б.) шығарылған өнімнің өзіндік құнына жатқызуға болмайтын, ал келешекте өзіндік құнға енгізілетін, келешек кезеңдердің шығыны. Мысалы, цемент зауыты үшін өзіне меншікті карьерде ашу жұмыстары және т.б. жатады
Айналдыру шеңберінде жұмыс істейтін айналым қаражаттарға:
қоймалардаға , сонымен қатар жүктеп тиелген, бірақ төленбеген дайын өнім;
есеп шотта және кассадағы ақшалай қаржылар.
Тұтынушылардың (дебиторлық) қарызы.
Айналым қаражаттардың құрамы нобайда көрсетілген.
Технологиялық
цикл
ұзақтығының
орта мағыналарына
және
айналдыру шеңберінде
әрекеттер
дайындау уақытына сүйеніп,
кәсіпорынға
қажетті
айналым
қаражаттарының
мөлшерін анықтауға болады
,
Бұл
тәуелділікті кәсіпорындағы
айналым
қаражаттарының айналымдылық ұзақтықтарын
анықтауға қолдануға болады (күндер):
,
мұнда
- кәсіпорынның
айналым қаражаттар мөлшері, теңге
-
тәуелділігі анықталатын кезең, күндер;
-
кезеңде
кәсіпорын шығарған өнімнің өзіндік
құны, тенге .
Өндірістің тұрақты көлеміндегі айналым қаражаттар санының төмендеуіне олардың айналымын тездету арқылы қол жеткізуге болады. Ал бұл жағдай өз кезегінде табысты өсіреді.
Айналдыру шеңберіндегі айналымдылық жоғарылауына әкімшілік-шаруа-шылық аппаратының шапшаң және айқын жұмыстары, тұтынушыға өнімді өте шапшаң жіберу және қоймаларда оның қорларын төмендету, құжат айналымын тездету және кәсіпорынның есеп шотына қаражат түсу есебінен қол жеткізеді.
Өндіріс шеңберінде айналым қаражаттар айналу кезеңін қысқартуға:
а) қоймалардағы шикізаттар мен жартылай фабрикаттар қорларын азайту, шикізаттарды уақытылы жеткізу арқылы.
Нормаларды төменде қоймалардағы шикізат қорларының нормалары келтірілген (ОНТП -70 "Құрама темірбетон кәсіпорындарының технологиялық жобалау нормаларынан" үзінділер):
Бетон толтырғыштары: тәуліктер
теміржол көлігімен жеткізу.............................................................7-10
автокөлікпен жеткізу.........................................................................5-7
Цемөнт: теміржол көлігімен жеткізу ......…………………………7-10
автокөлікпен жеткізу..........................................................................5-7
Арматура: ..............................................................…………….......20-25
Егер осындай мүмкіншілік болса, онда кәсіпорындар шикізат қорларының жоғарыда көрсетілген мезгілдерін азайта алады:
б) өндіріс кезеңдерін қысқарту. Бұл шара жалпы өндірістік кезеңдердің элементтік кезеңдерін қысқартуы арқылы іске асады. Мысалы: нығыздау мезгілдерін кеңінен тараған жетілген әдістерді қолдану есебінен; жылумен өңдеу уақытын тез қататын портландцементті қолдану және т.б. есебінен қысқартумен қол жеткізуге болады.
Кәсіпорынға айналым қаражатының маңызды бөлімі келешек кезеңдердің шығындары үшін қажет екені белгілі. Бұл қаражаттардың мөлшері жоспарланады және нормаланады, сондықтан оларды нормативті айналым қаражаттары (өндіріс қорлары) деп атайды.
Айналым қаражаттардың басқа элементтерінің мөлшерлері – ақша қаражат-тары, жүк тиелген, бірақ тұтынушылар төлемеген өнімдер, сонымен қатар дебитор-лық қарыздар - жоспарланбайды және нормаланбайды, олар сондықтан нормалан-байтын айналым қаражаттар деп аталады.
