Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
d_1241_rister_konspektteri_11_doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.8 Mб
Скачать

13.5. Жоба шешімдерінің экономикасы

Келешектегі негізгі қорлардың үлгілерін жасау алға қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған және өндіріс ресурстарының шығындарымен байланысты.

Жобалар жасауға қажетті ресрустардың барлық түрлерінің шығындарын азайту маңызды экономикалық мағынаға ие.

Шығындар мен нәтижелердің өлшемдестігін ресурстарды тиімді қолдану арқылы бағалауға, яғни жобалауға бөлінген қаржының тиімділігін анықтау заманауи ғылым мен тәжірибенің арқасында жобаны жүзеге асырудың мақсатқа лайықтылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Осы мақсаттар үшін салыстырмалы күрделі салымдар тиімділігі деп аталатын есептеу әдісін қолдануға болады. Бағалау барысында бұд әдіс басқа үлгі (немесе жұмыс істейтін алдыңғы қатарлы кәсіпорын) ретінде қабылданған жобаны бағаланатын жобамен салыстыру түрін қабылдайды.

Жобалық шешімдердің нұсқасын салыстыру барысында санат ретінде келтірілген шығындар қолданылады. Нысанның құрылысы мен пайдалану үдерісінде қоғамдық еңбектің жиынтық келтірілген шығындары жобаны іске асыру барысында ең аз болса, ол ең нәтижелі жобалық шешім болып есептелінеді.

Жиынтық келтірілген шығындар салыстырылатын нұсқа бойынша келесі формуламен анықталады:

П

мұнда - жобалық шешімнің өзіндік құны;

- күрделі салымдар (тікелей);

- күрделі салымдардың экономикалық тиімділігінің нормативті коэффициенті;

- ілеспе салаға жұмсалған күрделі салымдар (құрылыс материалдары мен контрукциялар өндірісі);

- пайдалану шығындары (орташа жылдық);

- пайдалану шығындары есептелетін есептеу кезеңі, ( күрделі салымдардың өтелім нормативті мезгіліне тең болуы мүмкін, жылдар).

Егер салыстырылатын нұсқалар бойынша шығындар әр түрлі уақытта жұмсалса, онда оларды бастапқы (негізге) жылға келтіру қажетті:

мұнда - жылында келтірілген шығындар;

- келтіру кезеңі:

Жобалық шешімдердің салыстырылатын нұсқалары бойынша құрылыстың әртүрлі мерзімдерінде халық шаруашылығы үшін құрылыс ұзақтығын қысқартудан алынған экономикалық нәтиженің мөлшерлері аяқталмаған құрылыс көлемін қысқартудан және белгіленген мерзімнен бұрын енгізілген қуаттың көмегімен қосымша шығарылған өнім келесі өрнектер арқылы анықталады:

мұнда - мөлшерлер және нақты қаржы бойынша сәйкес аяқталмаған құрылысқа жұмсалған қаражаттың орташа көлемі;

- мөлшщерлер және нақты қаржы бойынша қаражаттардың оқшаулану мерзімі, жылдар;

- қосымша шығындар;

- мерзімінен бұрын енгізілетін негізгі өндірістік қорлардың құны.

81

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]