Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
d_1241_rister_konspektteri_11_doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.8 Mб
Скачать

13.2. Тауарлардың сапасын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету

және маркетинг

13.2.1. Бәсекеге қабілеттілік және сапа, олардың маркетинг

стратегиясындағы орыны

Бәсекеге қабілеттілік және сапа - ел мүмкіншіліктерінің, кез келген өндіру-шінің тауарлар мен қызметтерді өндіру, шығару және іске асыру барлық жиынты-ғының шоғырланған әлпеті.

Сапа - көптеген факторлардың тұтас ашылуын бейнелейтін – кез келген шаруашылық бірлігінің шегінде ұлттық экономиканың динамикасы мен даму деңгейінен оны ұйымдастыруға дейін және сапаны қалыптастыру үдерісін басқаруды көрсететін - синтетикалық көрсеткіш.

Бәсеке факторы өндірушілерді нарықтан ығыстыру қауіпі арқылы сапа жүйесін үздіксіз жақсарту және өз тауарларының бәсекеге қабілеттілігімен айналысуға мәжбүр ететін, ал нарық олардың қызмет нәтижесін әділ және қатал бағалайтын мәжбүрлік сипаттамаға ие.

Үлкен қиыншылықпен Қазақстанда жүріп жатқан нарықтық экономикаға өту дүниежүзілік нарықтағы бәсекеге қабілеттілік шарттарын ескере отырып, сапа мәселелеріне жаңадан қарауға мәжбүр етеді.

Тауардың бәсекеге қабілеттілігі – дамыған бәсекелік нарықтағы оның сауда жетістігінің шешуші факторы. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін (яғни бәсекелік нарықта пайдалы өткізу мүмкіншілігін алу) тек бәсекелестердің тауарларын өзара салыстыра анықтауға болады.

Нақты іс әрекеттерде және теориялық ізденістерде көбінесе сапа мен бәсекеге қабілеттілікті тең деп санайды немесе жалпы алғанда олардың арасында айырмашылық жоқтың қасы. Бұны талдауға салуға тырысайық.

Сапа теория жағынан қоғамдық қажеттіліктердің даму, түрлендірілу және көбею шамасына қарай ол да дамып отырды. Ең қарқынды бұл үдеріс соңғы жылдары Жапонияда (70-80 жылдарда) өтті – ол сапа деңгейі бойынша әлемдік жетекші болды. Біршама артта қалушылықпен осындай жолды басқа да нарықтық экономикасы бар елдер өтуде. Осындай эволюцияны өтуге Қазақстанға да тура келеді.

ИСО халықаралық стандартына сәйкес сапа - бұл себепші болған немесе болжамдалған қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті қабілеттілік беретін өнімнің қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы.

Егер сапаның көтерілу есебінен тауардың бағасы едәуір көтерілсе, онда жоғары деңгейлі тауардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеу мүмкіндігін ескерген жөн. Сондықтан сапа мен бәсекеге қабілеттілік арасында оңтайлы өзара қатынасты табу керек.

Өнімнің жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі барлық маркетинг жүйесімен - құрастырудан, тәжірибелік және топтамалық өндірістен бастап өнімді өткізуге және пайдаланатын бұйымдарға, оған қоса басқа құралдар ішінде басқару әдістері мен сапа бақылауына, тасымалдау әдістері мен сақтауға, құрастыруға және сатудан кейінгі қызмет көрсетуге дейін - қамтамасыз етіледі.

13.2.2. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемелік тәсілдері

Қойылатын талаптар деңгейінде өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету оны сандық бағалау қажеттілігін болжайды.

Кез келген тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалауды бастау кезеңі -зерттеу мақсатын қалыптастыру. Егер ұқсас тауарлар қатарындағы тауарлардың алатын орнын анықтау керек болса, онда негізгі көрсеткіштері бойынша оларды тікелей салыстыру жүргізу жеткілікті. Ал егер оның сатылу болашағы бойынша – онда келешекте қандай тауарлар нарыққа шығатындығы бойынша мәліметтер, сұраныс динамикасын (өсіңкілігін), заңнамадағы болашақ өзгертулерді және тб. жинау керек.

Көрсеткіштердің (техникалық және экономикалық) топтары бойынша қа-жеттілік көрсеткіштеріне олар қаншалықты жақын екенін айқындау үшін салыстыру өткізіледі.

Техникалық көрсеткіштердің тобына: тағайындау көрсеткіштері, эргономи-калық, эстетикалық және нормативті көрсеткіштер кіреді. (Эргономика – еңбек үдерістеріне үйлесімді еңбек шарттарын, қауіпсіздікті, ұзақ жұмысқа қабілеттілікті және т.б. жасау мақсатымен зерттейтін ғылым).

Тағайындау көрсеткіштері өнімді қолдану облысы мен ол орындайтын функцияларды сипаттайды.

Эргономикалық көрсеткіштер өнімді адам ағзамының қасиеттеріне сәйкестігін көрсетеді.

Эстетикалық көрсеткіштер ақпараттық айқындықты, түрдің ұтымдылы- ғын, тауарлық түрінің тұрақтылығын сипаттайды .

Нормативті көрсеткіштер міндетті мөлшерлермен, стандарттармен және заң шығарумен ретелетін нарықтағы өнім қасиеттерін бейнелейді.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалауда қолданылатын экономикалық көрсеткіштер номенклатурасы өнімді сатып алу және тұтынуға кеткен тұтынушының толық шығындарымен сипатталады, ал ол болса оның қасиетімен, нақты нарықта алынатын және пайдаланатын жағдайлармен анықталады.

Тұтынушының толық шығындары бір жолғы және ағымдағы шығындардан түзеледі.

Нарық өндірілетін және қажетті өнімді салыстыру базасы төмендегіден тұрады:

- өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау мақсатын анықтау және жорамалдаған өткізу нарығын таңдау;

- нарық жағдайын, сұраныс көлемін, құрылымын және факторларын және бәсекеге қабілеттікті бағалаудың белгілі бір кезеңдегі өзгеру болашығы туралы ұсыныстарын талдау;

- сатып алушылардың қажеттілігін, бағаланатын және бәсекелестегі өнім көрсеткіштерінің шамасын анықтау және номенклатураныа таңдау.

Ықтимал сатып алушылардың қажеттіліктерін зерттеу негізінде нарықта өндіруші өнімді бағалау барысында қолданатын көрсеткіштер номенклатурасын анықтайды, сонымен қатар тұтынушыға қажетті осы көрсеткіштердің шамасы және әрқайсысының үлесі анықталады.

Салыстыру үшін базаны анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда бәсекелікке қабілеттілікті үлгі көмегін қолданатын жанама әдісті қолдануға болады. Тауар-үлгі қажеттіліктің үлгісін жасайды және өнім көрсеткіштерін бағалауға жататын өнімнің көрсеткіштерімен салыстыруға мүмкіндік береді.

Салыстыру техникалық және экономикалық көрсеткіштердің топтары бойынша жүргізіледі.

Өнімді салыстыру көрсеткіштерді салыстыру кестесі бойынша жүргізіледі және келесі қортындылардың бірі беріледі:

- өнім бәсекелікке қабілетті;

- өнім бәсекеге төмен қабілеттілікке ие;

- өнім бәсекеге толық қабілеттіліксіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]