Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
d_1241_rister_konspektteri_11_doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

4.7. Шетел инвестициялары мен несиелерін құрылыс материалдарының бөлек прогресшіл түрлеріне жұмсау басымдылығы

Кәзіргі уақытта шетел инвестицияларын алдыңғы қатарлы құрылыс материалдары түрлеріне құю туралы сөйлеудің қажеттілігі жоқ, себебі алдыңғы қатарлы емес те құрылыс материалдарын барлық Қазақстан бойынша шығару тоқтатылған.

Кәзір әңгімені шетел инвестицияларын бар, бірақ тоқтап тұрған кәсіпорындарға оларды қайта жандандыру мақсатымен салу туралы жүргізу керек. Бізге, цемент, кірпіш және т.б. материалдар кәзір және әсіресе келешекте керек екені, әсіресе шикізат жақын жерде орналасатыны белгілі.

Ал егер теориялық тұрғыдан ойласа, онда шетел инвестицияларын құрылысқа арналған, ҚР-да жоқ немесе болмашы көлемде шығарылатын, жергілікті шикізат қоры бар, өнім өндірісіне салу қажетті. Бұндай түрлерге: қаптайтын кірпішті, черепицаны, су кұбырына және мұнай-газ кешендеріне арналған полиэтилендық құбырлар, техникалық шыны, әрлеу тақталарын және т.б. жатқызуға болады.

Шикізат біздің өзімізде бар, бірақ алдыңғы қатарлы технологиялар жоқ.

4.8. Нарықтық экономика шарттарында күрделі қаражаттардың әсерлілігін жоғарылату келелі мәселелері

Қайсыбір өндіріске ақшаны салмас бұрын осы өнім қажеттілігі бойынша жан-жақты маркетингі жасау керек.

5. Құрылыс материалдар өнеркәсібі және құрылыс индустриясының негізгі қорлары

Жоспар

5.1. Өндіріс процесінде негізгі қорлардың орны және олардың құрылымы

5.2. Негізгі қорларды қолдану

5.3. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі

5.1. Өндіріс процесінде негізгі қорлардың орны және олардың құрылымы

Негізгі қорлар – заттық өндіріс шеңберінде өзгермейтін натуральды түрде ұзақ уақыт ағынында жұмыс істеуші және өнімге бөлшектер бойынша, тозу бойынша, айналым қатарына құнын тасыйтын еңбек құралдарының жиынтығы. Сондықтан, кәсіпорынның негізгі қорлары – бұл цехтер, жер асты коммуникациялар және т.б. биналар. Сонымен қатар, кәсіпорын негізгі қорларына өндірістік емес ғимараттар мен биналар, кәсіпорын есебінде тіркелген: тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық, спорттық, ден саулық сауқтандыру және басқа биналар жатады.

Кәсіпорын қызметі барысында негізгі қорлардың мөлшерлері өзгереді.

Кәсіпорынның негізгі қорлары өндірістік және өндірістік емес тағайындау қорларына бөлінеді.

Негізгі өндіріс қорларын, сонымен қатар белсенді және селқос бөлімдерге ұсақтауға болады.

Қорларлардың белсенді бөліміне, өнім шығаруы технологиялық процесінде тікелей қатысушы қорлар жатады.

Қорлардың селқос бөлімі технологиялық процеске арналған шарттарды жасау үшін арналған, бірақ онда қатыспайды.

Негізгі өндіріс қорларының белсенді бөлімі келесілерден:

1) Машиналар және жабдықтардан - энергия, құралдар, құрылғылар және заттық жабдықтау өңдіруге және өңдеуге арналған, технологиялық процесте және оған қызмет етуге жұмыс істейтін, жұмысшы машиналар және жабдықтар.

2) Цехтерде және цехтер арасында, өнім дайындау, шикізаттар мен материалдарды тасу процестерінде қызмет етуші, технологиялық көліктен.

3) Бірінен біріне беру құрылғылар - құбырлар, кіші электрлік беріліс және т.б.

4) шаруашылық құрал-жабдықтардан (1 жылға дейін қызмет ететін, тез тозатын құрал-жабдықтар, негізгі қорларға қосылмайды, тек белсенді құралдарда еске алынады) аспаптардан тұрады.

Негізгі өндіріс қорлардың селқос бөлімі:

1) Өндірістік, қоймалық, қызмет етуші, шаруашылық, әкімшілік және т.б. ғимараттар.

2) Су айдайтын мұнара, зауыт іші жолдар, теміржолдық жолдар және т.б. биналардан тұрады.

Сала ішіндегі қорлардың құрылымы кәсіпорындардікі сияқты - бұл негізгі өндірістік және өндіріссіз кәсіпорындар арасындағы байланыс.

Кәсіпорындарда өндіріссіз қорлардың болуы – бұл оң көрсеткіш. Осындай кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлерінің жақсы жұмыс істеуге ынтасы өседі.

Әрине, өндіріссіз табыстың мөлшері кәсіпорын қызметі нәтижелерінен тәуелді.

Кәзіргі уақытта негізгі табыстар жалпы көлемінің селқос бөлік салыстыр-малы салмағы қысқару тенденциясы байқалады.

Кәсіпорын балансында негізгі табыстар құндық түрде белгіленеді (негізгі құралдар).

Негізгі қорларды құндық бағалаудың үш тәсілі бар:

1) Толық алғашқы құн бойынша, яғни, қорларды табарда және құрастыруда, кәсіпорын құрылысында нақты туындатылған, сонымен қатар келешекте кәсіпорын жұмыс істеу барысында шығындардың сомасы түрінде. Бұл жағдайда құрылыс жұмыстары мен жабдықтар алуға бағалардың өзгеруі есептелмейді.

2) Толық қалпына келтіру құны бойынша, яғни, оларды бағалау кезде барлық негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне жұмсалатын шығындар бойынша. Толық қалпына келтіру құны, әртүрлі уақытта жасалған қорларды салыстыруға мүмкіндік туғызады. Бұндай қалпына келтіру құн кәзіргі уақытта кәсіпорынның негізгі қорларын бар болған көлемде жарыққа шығару үшін қанша қаражат керек екендігін көрсетеді.

3) Кәзіргі кезде негізгі қорлардың нақты құнын көрсетуші, қалған құн бойынша. Қалған құн, әлі дайын өнімге берілмеген, негізгі өндіріс қорлар толық құнының (алғашқы немесе қалпына келтіру), бөлігін анықтайды.

Қорларды бағалаудан толық бастапқы құн бойынша толық қалпына келтіру құнына өту ертеректе оқтын-оқтын барлық халық шаруашылығы үшін өндірілетін. Осындай әдіспен анықталған негізгі қорлар құны баланстық деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]