Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Differentsialdy__zachet_psikhologia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

23. Қиялдың клиникалық-психологиялық мәні.

24. «Қиялдың негізгі тәсілдері (агглютинация, акцентирование, схематизация және т.б.)» Қиял түрлері елестеулердің өзгеріп, өңделуінің арқасында жасалып отырады.

Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тәсілдері жиі қолданылады.

Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі аглютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялық, бейнелер мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия — танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана — суға қонып, үша алатын самолет) құрастырылады.

Киял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола . Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ ашық, мәнерлі болып шығады, гиперболада белгілі бір бейнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелсрді жасауда гипербола көп коллапылады.

Мәселен, Д. Свифтің «Гулливердіц саяхатындағы» ергежейлілердің

Қиял бейнелерін жасаудың енді бір әдісі нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей көрсету. Карикатуралар мен достық әзілдер осылайша жасалынады. Егер заттардың айырмашылықтарын ескермей, оның ұқсастықтарына көбірек көңіл бөлінетін болса, схематизация әдісі қолданылады. Сурет өсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою қиыстыруы осыған мысал бола алады.

Қиял образдарының күрделі түрі - типтік образдар жасау. Типтік образдар жасауда бірінші орында нақты адамның ортақ бейнелері көзге түседі: «Бір жұмысшының, топтың, дүкенші саудагердің портретін дұрыс суреттеп жазу үш жүз, екі жүз шамалы топ, жұмысшы, саудагерлерді қадағалап қарауымыз керек»,- дейді М. Горький. Типтік образдар жасау дегеніміз түтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей, ортақ белгілері бар бір образ жасап, жанастыру. Жазушының осылайша жасаған типтік образы бір жағынан жеке адамның даралық ерекшеліктерін білдіретін образ болып та есептелінеді.

25. Ес туралы жалпы түсінік,

Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмтылуын бейнелейтін процесс. Сонымен ес – бір-бірімен ұштасқан дара бөлектенген күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъект жеке басының өмірлік тәжрибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады Ассоциация латын тілінен аударғанда (байланыс) яғни елес пен зейіннің бірінің пайда болуына екіншінің әсер етуі. Егер бұрын бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек, не ойласақ, бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейін объектінің біреуін ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлегін тудыруға себеп болады. Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы Аристотель (б.э.д. 384-322) болды. Аристотель ассоциацияларды тек тікелей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттің қалаған түрлерін (ойлау, қиял, ерік т.б.) түсіндіріуге бұл принципті қолданбады.Естің нейрондық теориясы. Нейрондық теорияның қалыптасуы Дж. Хеббаның жұмысымен байланысты (1974ж), ол қысқа және ұзақ мерзімді естің қызметтерін, мидың жүйке құрылымдарының белгілі нейрофизиологитялық өзгерістерімен түсіндіреді. (қысқа және ұзақ мерзімді). Естің нейрондық теориясы бас мидың органикалық зақымдардан кейін пайда болатын бұзылыстарын жақсы түсіндіреді.Естің химиялық теориясы олар ес процестерін бас мидың әртүрлі биологиялық активті заттарымен байланыстырады. Негізінен РНК (ХХғ.50ж). Соңғы 10 жылдарда ұзақ мерзімді естің пайда болуына РНК-ның өзі емес, ерекше милық пептидтер ерекше орын алады деген ақпараттар бар. Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмтылуын бейнелейтін процесс.

Қазіргі кезде ес процесін тану психологиялық, физиологиялық және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенеді. Осыдан, адам есі – біртекті қарапайым қызметтен құралмайтыны белгілі болып отыр. Оның құрамы сан - алуан. П.Линдсей мен Д.Норман естің бір-біріне ұқсамас 3 типті болатынын алға тартты:

Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі;

Қысқа мерзімді ес;

Ұзақ мерзімді ес;

Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі. Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние көрністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты жадымызды өтке қысқа мерзімге ғана орнығып, 0,1 – 0,5 сек. ішінде жойылып кетеді.

Ұзақ мерзімді ес. Ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді.

Ғұмырлық ес –қандай да бір ерекше оқиғаларды өмір бойы есте сақтау. Естің бұл түрі тек психологиялық ауытқу жағдайларында ғана бұзылады.

Оперативті ес – ақпаратты алдын ала белгіленген және қойылған мерзімге сақтауға есептелген. Қысқа уақыттық естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты көрінетін түрін оперативтік ес деп атаймыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]