- •1. Психология және психика туралы жалпы түсінік. Психиканың ғылыми түсінігі.
- •2. Сана және психиканың даму кезеңдері.
- •3. Физиологиялық және психикалық бейнелеу. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері. Белсенділік – психикалық бейнелеудің маңызды ерекшелігі ретінде.
- •4. Сананың нейрофизиологиялық механизмдері
- •5. Психикалық құбылыстардың классификациясы: психикалық процестер, психикалық қасиеттер, психикалық кейіп.
- •6. Түйсік туралы түсінік.
- •7. Анализаторлар түйсіктің мүшесі ретінде. Анализаторлардың құрылымы.
- •8. И. Шеррингтон бойынша түйсіктің жүйелі жіктелуі.
- •9. Түйсіктердің жалпы қасиеті. Түйсік табалдырығы.
- •10. Сезгіштіктің өзгеруінің негізгі формалары: адаптация, синестезия.
- •11. Түйсік түрлері.
- •12. Қабылдау заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі ретінде және оның физиологиялық негізі.
- •13. Қабылдаудың қасиеттері: заттылығы, тұтастығы, мағыналылығы, апперцепция константтылығы, қабылдаудың таңдамалылығы.
- •20. Қиялдың түрлері: пассивті (енжар), активті (белсенді). Эмпатия.
- •23. Қиялдың клиникалық-психологиялық мәні.
- •25. Ес туралы жалпы түсінік,
- •26. Ес теориялары: ассоциативті, нейрондық, биохимиялық.
- •27.Естің типтері: (бейнелік, логикалық, механикалық т.Б.).
- •29. Естің негізгі процестері және олардың ағымдарының заңдылықтары.
- •30. Зейіннің анықтамасы. Зейіннің физиологиялық механизмі.
- •32. Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінушілігі, ауысуы, көлемі. Зейіннің алаңдаушылығы және шашыраңқылық.
- •33. Ойлау туралы жалпы түсінік.
- •34. Ойлаудың физиолоиялық механизмі.
- •35. Ойлау мен сөздің байланысы. Сөз және оның қызметі.
- •36. Ойлаудың негізгі операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, абстракция, клиникалық ойлауды қалыптастырудағы олардың бірлігі мен маңызы.
- •37. Ойлаудың формалары: ұғым, пікір, ой қорытынды (индукция, дедукция).
- •40.Эмоция түрлері: жоғарғы, төменгі, жағымды, жағымсыз.
- •41.Эмоцияның жасқа байланысты ерекшелігі.
- •42. Эмоцияның ішкі және сыртқы белгілері .Эмоцияның ауруға әсерлілігі.
- •43. Көңіл-күй, оның түрлері.
- •45. Сезім. Эмоция мен сезімнің айырмашылығы.
- •46. Ерік туралы ұғым. Ерік сатылары.
- •Еріктік-амалдың кезеңдері
- •47. Адам санасының табиғаты.
- •48.Сананың негізгі формалары: жеке, топтық, қоғамдық.
- •49. Өзіндік сана адамның өзін -өзі сезінуі ретінде. Өзіндік сана деңгейі.
- •50. Өзіндік бағалау және оның түрлері.Өзіндік бағалаудың қалыптасуына әсер етуші негізгі факторлар.
- •51. «Мен» концепциясы туралы түсінік. Шындық «Мен» мен идеалды «меннің» айырмашылығы.
- •52.«Мен» концепциясының жасқа байланысты өзгеруі.
- •53. Тұлғаның психологиялық қорғанысы.
- •54.Тұлғаның мінез- құлық ерекшелігінің типологиясы.
- •55.Темперамент тұлғаның биологиялық негізі ретінде. Темпераменттің жалпы белсенділігі, іс-әрекеттілігі, эмоционалдылығы.
- •56.Гиппократ пен Гален бойынша темпераменттің типтері. И.П. Павловтың темпераменттердің физиологиялық негіздері.
- •57. Темпераменттің негізгі қасиеттері: көңілшектік, эмоционалдық, импульсивтік, үрейшілдік.
- •58. Мінез-тұлғаның қасиеті ретінде. Темперамент пен мінездің байланыстылығы. Мінездің типтері.
- •59. К.Кречмер бойынша мінездің жіктелуі.
- •60. У.Шельдон бойынша мінездің жіктелуі.
- •61. Э.Фромм бойынша мінездің жіктелуі.
- •62.К.Леонгард бойынша мінездің жіктелуі.
- •63.А.Е. Личконың мінез типологиясы.
- •64.Адам әрекетінің негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек, қатынас.
- •65. Вербалды және вербалды емес қатынастар. Паралингвистикалық және экстралингвистикалық белгілер жүйесі.
- •66.Визуалды қатынас («көз байланысы»)
- •67. Проксемика.
- •68. Қатынастың интерактивті және перцептивті жақтары.
64.Адам әрекетінің негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек, қатынас.
Қатынас адам әрекетінің негізгі түріне жатады.Адамның жеке басының дамуында 4 адами лдрорпәлеуметтік белсенділікті бөліп көрсетуге болады- олар Қатынас, ойын, оқу және еңбек.
Олардың барлығы дамушы сипатта болады. Осы аталған 4 әрекет барлық жас кезеңдерінде кездеседі, бірақ әр уақыттың өз ерекшеліктері бар.
Қатынас -кез келген іс -әрекет кезіндегі қажетті шарт болып келеді және адамдар арасындағы байланыс орнатудағы с.қ. адамдар арасындағы ақпарат алмасып, байланысты дамытудағы негізгі процесс болып табылады.Баланың психикалық дамуы қатынастан басталады.
Қатынас болуы мүмкін:
Тікелей - арнайы мүшелердің көмегімен (қол, дыбыс т.б)
Жанама - қатынасты ұйымдастыру үшін арнайы құралдарды қолдану.
Вербалды – сөздің көмегі арқылы.
Вербалды емес –мимика, жест, пантомимика. .
Ойын - даму барысында өзгеріп отыратын, тарихи сипатта болатын, өзіндік қоғамдық мәні бар процесс. Ойын барысында бала даму мен қатар қарым-қатынасқа түсу дағдыларын да меңгереді.Ойын түрлері: Жеке, топтық, заттық, сюжеттік, ролдік, ережелі ойындар (көбінесе аралас)Ойын барысында адамдар арасындағы қатынас жасанды сипатта болады.
3-жасқа дейін – балалар қасында қатарластарының болуына эмоционалды жауап қайтарады. Олармен қатар ойнайды, бірақ бірге емес.
3-5 жас – қасында бірге ойнайтын құрбыларының болғанын қалайды (көбінесе күрделі, рөлдік ойындар). Бұл жерде қызметтестік мәселесі туындайды.
5 жастан ары қарай – баланың ойлауы күрделене түседі, бала эгоизмге бой алдыруын қоя бастайды, айналасындағы балалармен санасады.
Оқу - басқа адамдардың өткендегі жинақтаған тәжрибесінің қорытылған нәтижелерін үйренуге бағышталады.Оқу құрылымы келесі бірліктерден тұрады:
Айналадағы заттар мен құбылыстар жөніндегі ақпараттар, яғни білімдер,
Іс-әрекеттің негізгі түрлерін құрайтын тәсілдер мен қимылдар, яғни дағдылар,
Тәсілдер мен қимылдарды дұрыс таңдауға арналған ақпаратты қолдана білу, яғни ептіліктер.
Сонымен оқу дегеніміз- адамның өз іс-әрекетін саналы мақсатқа бағындыра басқаруы немесе белгілі білім, ептілік дағдыларды игеруі.
Еңбек- Белгілі нәтижеге жету үшін бағытталған, белгілі мақсатқа орай ерік күшін қосумен реттелуші мақсат бағдарлы, саналы іс-әрекет. Қатынас, ойын, оқу, еңбек барлық жаста кездеседі, бірақ әр жас кезеңдерінде өз ерекшеліктері бар.
65. Вербалды және вербалды емес қатынастар. Паралингвистикалық және экстралингвистикалық белгілер жүйесі.
Вербалды қатынас тек адамға ғана тән. Вербалды тілдесуде таңбалық жүйе ретінде сөз (сөйлеу) қабылданған. Сөйлеу – тілдестік байланыстың ең өнімді әмбебап құралы, себебі мұның жәрдемімен берілген ақпарат мағыналық толықтығын жоғалтпайды. Вербалды тілдесуге «қосымша» ретінде паралингвистикалық және экстралингвистикалық белгілер жүйесі де қолданылады. Паралингвистикалық қосымшалар – бұл дауыс ырғағы, сапасы, әуені, кеңдігі, тембр, тон. Экстралингвистикалық дегеніміз сөз барысындағы іркіліс, сонымен бірге жөтелу, жылау, күлу, түшкіру, ықылықтау, есінеу т.б. Вербалды емес тілдесуде ең алдымен көру – қозғалыс жүйесіне байланысты өз ішіне ым- ишара, пантомимика т.б. қамтыған белгілер тобы өте маңызды. Әрқилы дене мүшелерінің (бет, бас, қол ұшы, иық, т.б.) жалпы қозғалысқа келуі адамның көңіл-күй көрінісін беріп, тілдестік қатынасқа көркем-көріктік нәр береді. Ал бұл ишара белгілер әр түрлі мәдениет иелерінде, яғни әр түрлі ұлт өкілдерінде бірдей емес.
