- •1. Психология және психика туралы жалпы түсінік. Психиканың ғылыми түсінігі.
- •2. Сана және психиканың даму кезеңдері.
- •3. Физиологиялық және психикалық бейнелеу. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері. Белсенділік – психикалық бейнелеудің маңызды ерекшелігі ретінде.
- •4. Сананың нейрофизиологиялық механизмдері
- •5. Психикалық құбылыстардың классификациясы: психикалық процестер, психикалық қасиеттер, психикалық кейіп.
- •6. Түйсік туралы түсінік.
- •7. Анализаторлар түйсіктің мүшесі ретінде. Анализаторлардың құрылымы.
- •8. И. Шеррингтон бойынша түйсіктің жүйелі жіктелуі.
- •9. Түйсіктердің жалпы қасиеті. Түйсік табалдырығы.
- •10. Сезгіштіктің өзгеруінің негізгі формалары: адаптация, синестезия.
- •11. Түйсік түрлері.
- •12. Қабылдау заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі ретінде және оның физиологиялық негізі.
- •13. Қабылдаудың қасиеттері: заттылығы, тұтастығы, мағыналылығы, апперцепция константтылығы, қабылдаудың таңдамалылығы.
- •20. Қиялдың түрлері: пассивті (енжар), активті (белсенді). Эмпатия.
- •23. Қиялдың клиникалық-психологиялық мәні.
- •25. Ес туралы жалпы түсінік,
- •26. Ес теориялары: ассоциативті, нейрондық, биохимиялық.
- •27.Естің типтері: (бейнелік, логикалық, механикалық т.Б.).
- •29. Естің негізгі процестері және олардың ағымдарының заңдылықтары.
- •30. Зейіннің анықтамасы. Зейіннің физиологиялық механизмі.
- •32. Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінушілігі, ауысуы, көлемі. Зейіннің алаңдаушылығы және шашыраңқылық.
- •33. Ойлау туралы жалпы түсінік.
- •34. Ойлаудың физиолоиялық механизмі.
- •35. Ойлау мен сөздің байланысы. Сөз және оның қызметі.
- •36. Ойлаудың негізгі операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, абстракция, клиникалық ойлауды қалыптастырудағы олардың бірлігі мен маңызы.
- •37. Ойлаудың формалары: ұғым, пікір, ой қорытынды (индукция, дедукция).
- •40.Эмоция түрлері: жоғарғы, төменгі, жағымды, жағымсыз.
- •41.Эмоцияның жасқа байланысты ерекшелігі.
- •42. Эмоцияның ішкі және сыртқы белгілері .Эмоцияның ауруға әсерлілігі.
- •43. Көңіл-күй, оның түрлері.
- •45. Сезім. Эмоция мен сезімнің айырмашылығы.
- •46. Ерік туралы ұғым. Ерік сатылары.
- •Еріктік-амалдың кезеңдері
- •47. Адам санасының табиғаты.
- •48.Сананың негізгі формалары: жеке, топтық, қоғамдық.
- •49. Өзіндік сана адамның өзін -өзі сезінуі ретінде. Өзіндік сана деңгейі.
- •50. Өзіндік бағалау және оның түрлері.Өзіндік бағалаудың қалыптасуына әсер етуші негізгі факторлар.
- •51. «Мен» концепциясы туралы түсінік. Шындық «Мен» мен идеалды «меннің» айырмашылығы.
- •52.«Мен» концепциясының жасқа байланысты өзгеруі.
- •53. Тұлғаның психологиялық қорғанысы.
- •54.Тұлғаның мінез- құлық ерекшелігінің типологиясы.
- •55.Темперамент тұлғаның биологиялық негізі ретінде. Темпераменттің жалпы белсенділігі, іс-әрекеттілігі, эмоционалдылығы.
- •56.Гиппократ пен Гален бойынша темпераменттің типтері. И.П. Павловтың темпераменттердің физиологиялық негіздері.
- •57. Темпераменттің негізгі қасиеттері: көңілшектік, эмоционалдық, импульсивтік, үрейшілдік.
- •58. Мінез-тұлғаның қасиеті ретінде. Темперамент пен мінездің байланыстылығы. Мінездің типтері.
- •59. К.Кречмер бойынша мінездің жіктелуі.
- •60. У.Шельдон бойынша мінездің жіктелуі.
- •61. Э.Фромм бойынша мінездің жіктелуі.
- •62.К.Леонгард бойынша мінездің жіктелуі.
- •63.А.Е. Личконың мінез типологиясы.
- •64.Адам әрекетінің негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек, қатынас.
- •65. Вербалды және вербалды емес қатынастар. Паралингвистикалық және экстралингвистикалық белгілер жүйесі.
- •66.Визуалды қатынас («көз байланысы»)
- •67. Проксемика.
- •68. Қатынастың интерактивті және перцептивті жақтары.
26. Ес теориялары: ассоциативті, нейрондық, биохимиялық.
ЕСТІҢ АССОЦИАТИВТІК ТЕОРИЯСЫ
Дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес, өзара байланысты “топталған не тізбектелген” қалыпта жүреді. Осы процеске тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі- уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай байланыстар психологияда ассоциациациялар деп аталған. Ассоциациалардың бірі заттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоциациясы, екіншісі- олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассоциациясы, үшіншісі – қарама- қарсылыққа негізделген контрастық ассоциациясы, төртіншісі себеп- салдарлы қатынастардан туындайтын каузальдық ассоциация
ЕСТІҢ НЕЙРОНДЫҚ ТЕОРИЯСЫ
Есте қалдыру мидың электрлік белсенділігімен, яғни мидағы химиялық не құрылымдық белсенділік қандай да бір жолмен ағзадағы электр қуатын арттырады
ЕСТІҢ БИОХИМИЯЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ
Нәсілдік негізде жаткан химиялық процестер ашылуымен ғылымда сол процестің есте қалдыруға ықпалы жоқ па деген ой пайда болады
27.Естің типтері: (бейнелік, логикалық, механикалық т.Б.).
ҚОЗҒАЛЫСТЫ ЕС
Әрқилы қимыл- қимыл қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту
СЕЗІМДІК ЕС
Басымыздан өтіп, есімізде сақталатын сезімдер әрқашан бізді әрекетке ынталандырады, немесе өткендегі жағымсыз әсерлерге тап келтірген оқиғалардан сақтандырады
БЕЙНЕЛІ ЕС
Елестерге, табиғат көріністеріне, сонымен бірге дыбыстар, дәмге негізделген жад іздері. Ол көру, есіту, сипай сезу, иістік және дәмдік болып бөлінеді. Егер көру, есіту естері әрбір жете дамыған адамның өмірлік бағыт- бағдарында қалыптасатын болса, онда сезімдік, иістік пен дәмдік естер адамның кәсіптік қасиеттеріне жатады
СӨЗДІК- ЛОГИКАЛЫ ЕС
Мазмұнына біздің ой- өрісіміз кіреді. Сөзді логикалық, мағыналы есте басты мән екінші сигналдық жүйеде. Сондықтан, қарапайым формадағы қозғалыс, бейнелі және эмоционалды естер жануарларда да байқалатын болса, мағыналы ес түрі адамға ғана тән қасиет
28. Естің түрлері: жедел, қысқа мерзімді, аралық мерзімді, ұзақ мерзімді, мәңгілік мерзімді. Көзіңізді біраз жұмып тұрып, кейін сәл мезетте ашумен, қайта жұмыңыз. Ашып – жұму арасында қас-қағымда көрген заттарымыздың бейнесі нақ күйінде көз алдымызда біраз сақталып, кейін жаймен жойыла бастайды.Қысқа мерзімді есте жоғарыда баяндалған жүйеге қарағанда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі толық көрністей болмай, оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді. Мысалы, сізге қаратылған ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесінде қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында еске алынады. Әдетте, ұсынылған материалдың ең мәнді деген 3-4 бірлігі немесе кейінгі элементтері ғана қабылданады. Саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік материалды бірнеше рет қайталай отырып, оны есте біршама ұзақ мерзім сақтауға болады. Ал сезімдік естегі нақты бейне қайталанбайды, ол секундқа жетпей, жойылады да, ұзарта сақтауға келмейді.Ұзақ мерзімді ес. Ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді.Ұзақ мерзімді еске байланысты қиыншылық – бұл санадағы ақпаратты іздестіріп, таңдап, қажеттісін таба білу. Ал есіміздегі мәліметтің көптігі соншалықты, оны санмен айғақтау мүмкін емес. Сола болса да, санамыздан қажетті дерек дер кезінде шыға келетініне таңданбасқа болмайды. Бірақ ұзақ мерзімді естің де аймақ көлемін мойындамасқа болмайды, себебі ол өлшем мимен байланысты. Ғылымда дәлелденгендей, ми 10 млрд. нейроннан тұрады, ал әрбір нейрон аса көп санды ақпарат жинауға қаблетті. Бірақ әрбір жеке адам миының есте қалдырып, сақтау мүмкіндігі оның биологиялық, әлеуметтік дамуына тәуелді.Ұзақ мерзімді ес – бұл ес ақпараттарды жылдап, айлап, күндеп, сағаттап сақтауға қабілетті. Ол ешқандай шығынсыз адам қай кезде болса да қолдана береді. Гендік ес – ақпарат генотипте сақталады және мұра арқылы беріледі.Ғұмырлық ес –қандай да бір ерекше оқиғаларды өмір бойы есте сақтау. Естің бұл түрі тек психологиялық ауытқу жағдайларында ғана бұзылады.Екінші жағдайда – қозғалыс, көру, есті, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу, эмоцианалды.Еріктің қатысуымен ес процестерін ырықты, ырықсыз зейін деп екіге бөлуге болады. Бұдан кейін естің негізгі түрлері қысқа және ұзақ мерзімді естердің өзара байланысын қарастыру керек.Оперативті ес – ақпаратты алдын ала белгіленген және қойылған мерзімге сақтауға есептелген. Қысқа уақыттық естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты көрінетін түрін оперативтік ес деп атаймыз. Мәселен, оқушы тақырыпты көшіріп жазғанда, мұны түрліше жолдармен (жеке әріптер, буындар, сөздер, сөз тіркестерін көшіру) орындайтын болса, бұл оперативік ес деп аталады.
23. Бейнелі ес- елестерге, табиғат көрністеріне, сонымен бірге дыбыстар, дәмге негізделген жад іздері. Ол көру, есту, сипай сезу, иістік және дәмдік болып бөлінеді. Егер көру, есту естері әрбір жете дамыған адамның өмірлік бағыт-бағдарына қалыптасатын болса, онда сезімдік, иістік пен дәмдік естер адамның кәсіптік қасиетеріне жатады. Сәйкес түйсіктер сияқты мұндай ес түрлері іс-әрекет шарттарына орай қарқындыдамып, кейде кемістігі болған ес түрлерін орнын толықтыруда керемет деңгейлерге көтерілуі мүмкін, мысалы, соқырдың денесімен сезінуі, естігіштігі, ал кереңнің көргіштігі, иіскей, жанаса сезгіштігі ж.т.б.Сөздік-логикалық есі бар адамдар ең бірінші кітаптың мағынасын есте қалдырады. Бейнелілік есте сақтауды көбінесе өнер адамдарынан кездестіруге болады. Мағыналық ес көбінесе ғалымдарға тән.Сөздік-логикалы (мағыналы) ес мазмұнына біздің ой -өрісіміз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді, сондықтан ой тек мағыналық қана болмай, сөзді-логикалы болатыны осыдан. Біздің ойымыз әртүрлі тіл формаларымен берілгендіктен, оны қайта жаңғырту материалдың тек негізгі мазмұнын жеткізумен не сөзбе-сөз қалтықсыз жүзеге асуы мүмкін. Егер кейінгі жағыдайда жадқа алатынымыз мағыналық өңдеуге түспейтін болса, онда оның өзгеріссіз жадталуы логикалы емес, механикалық жаттауға айналады.Сөзді –логикалы жүйеде басты мән екінші сигналдық жүйеде. Сондықтан да, қарапайым формадағы қозғалыс, бейнелі және эмоционалды естер жануарларда да байқалатын болса, мағыналы ес түрі адамға ғана тән.Іс-әрекет мақсатына байланысты ес- ырықты, ырықсыз болып бөлінеді. Арнайы есте қалдыру не еске түсіру мақсаты болмаған психикалық процесс – ырықсыз көрніс беріп, ал егер бұл процесс мақсатты бағытталған болса, ырықты сипатқа ие. Кейінгі жағыдайда есте қалдыру мен қайта жаңғырту арнайы мнемикалық әрекеттерге орай жүзеге келеді.
