- •1. Психология және психика туралы жалпы түсінік. Психиканың ғылыми түсінігі.
- •2. Сана және психиканың даму кезеңдері.
- •3. Физиологиялық және психикалық бейнелеу. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері. Белсенділік – психикалық бейнелеудің маңызды ерекшелігі ретінде.
- •4. Сананың нейрофизиологиялық механизмдері
- •5. Психикалық құбылыстардың классификациясы: психикалық процестер, психикалық қасиеттер, психикалық кейіп.
- •6. Түйсік туралы түсінік.
- •7. Анализаторлар түйсіктің мүшесі ретінде. Анализаторлардың құрылымы.
- •8. И. Шеррингтон бойынша түйсіктің жүйелі жіктелуі.
- •9. Түйсіктердің жалпы қасиеті. Түйсік табалдырығы.
- •10. Сезгіштіктің өзгеруінің негізгі формалары: адаптация, синестезия.
- •11. Түйсік түрлері.
- •12. Қабылдау заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі ретінде және оның физиологиялық негізі.
- •13. Қабылдаудың қасиеттері: заттылығы, тұтастығы, мағыналылығы, апперцепция константтылығы, қабылдаудың таңдамалылығы.
- •20. Қиялдың түрлері: пассивті (енжар), активті (белсенді). Эмпатия.
- •23. Қиялдың клиникалық-психологиялық мәні.
- •25. Ес туралы жалпы түсінік,
- •26. Ес теориялары: ассоциативті, нейрондық, биохимиялық.
- •27.Естің типтері: (бейнелік, логикалық, механикалық т.Б.).
- •29. Естің негізгі процестері және олардың ағымдарының заңдылықтары.
- •30. Зейіннің анықтамасы. Зейіннің физиологиялық механизмі.
- •32. Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінушілігі, ауысуы, көлемі. Зейіннің алаңдаушылығы және шашыраңқылық.
- •33. Ойлау туралы жалпы түсінік.
- •34. Ойлаудың физиолоиялық механизмі.
- •35. Ойлау мен сөздің байланысы. Сөз және оның қызметі.
- •36. Ойлаудың негізгі операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, абстракция, клиникалық ойлауды қалыптастырудағы олардың бірлігі мен маңызы.
- •37. Ойлаудың формалары: ұғым, пікір, ой қорытынды (индукция, дедукция).
- •40.Эмоция түрлері: жоғарғы, төменгі, жағымды, жағымсыз.
- •41.Эмоцияның жасқа байланысты ерекшелігі.
- •42. Эмоцияның ішкі және сыртқы белгілері .Эмоцияның ауруға әсерлілігі.
- •43. Көңіл-күй, оның түрлері.
- •45. Сезім. Эмоция мен сезімнің айырмашылығы.
- •46. Ерік туралы ұғым. Ерік сатылары.
- •Еріктік-амалдың кезеңдері
- •47. Адам санасының табиғаты.
- •48.Сананың негізгі формалары: жеке, топтық, қоғамдық.
- •49. Өзіндік сана адамның өзін -өзі сезінуі ретінде. Өзіндік сана деңгейі.
- •50. Өзіндік бағалау және оның түрлері.Өзіндік бағалаудың қалыптасуына әсер етуші негізгі факторлар.
- •51. «Мен» концепциясы туралы түсінік. Шындық «Мен» мен идеалды «меннің» айырмашылығы.
- •52.«Мен» концепциясының жасқа байланысты өзгеруі.
- •53. Тұлғаның психологиялық қорғанысы.
- •54.Тұлғаның мінез- құлық ерекшелігінің типологиясы.
- •55.Темперамент тұлғаның биологиялық негізі ретінде. Темпераменттің жалпы белсенділігі, іс-әрекеттілігі, эмоционалдылығы.
- •56.Гиппократ пен Гален бойынша темпераменттің типтері. И.П. Павловтың темпераменттердің физиологиялық негіздері.
- •57. Темпераменттің негізгі қасиеттері: көңілшектік, эмоционалдық, импульсивтік, үрейшілдік.
- •58. Мінез-тұлғаның қасиеті ретінде. Темперамент пен мінездің байланыстылығы. Мінездің типтері.
- •59. К.Кречмер бойынша мінездің жіктелуі.
- •60. У.Шельдон бойынша мінездің жіктелуі.
- •61. Э.Фромм бойынша мінездің жіктелуі.
- •62.К.Леонгард бойынша мінездің жіктелуі.
- •63.А.Е. Личконың мінез типологиясы.
- •64.Адам әрекетінің негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек, қатынас.
- •65. Вербалды және вербалды емес қатынастар. Паралингвистикалық және экстралингвистикалық белгілер жүйесі.
- •66.Визуалды қатынас («көз байланысы»)
- •67. Проксемика.
- •68. Қатынастың интерактивті және перцептивті жақтары.
29. Естің негізгі процестері және олардың ағымдарының заңдылықтары.
Еске қалдыру – бұл ақпараты сақтау процесі. Есте қалдыруға әркез мақсат қойып отыру зор орын алады. Оқу материалын жақсы меңгеру үшін – оған қатты зейін қою жеткіліксіз, ол үшін алға айқын, анық мақсат қойылу керек. Есте қалдырудың қоғамдық –тәжрибелік мәні адамның қажетіне де байланысты болады.Есте сақтау – адам есте қалдырғанды біршама уақыт аралығында жадта сақтап тұру қабілетіне ие. Есте сақату ес процесінің құрылымдық бөлігі ретінде өз заңдылықтарына бағынады. Есте сақтау динамикалық және статикалық түрде көрінуі мүмкін. Динамикалық есте сақтау мехетті қызметтік есте орын иелеп, ал статикалық – ұзақ мерзімді есте әрекетке келеді. Динамикалық есте сақтауда жатталған материал өзгеріске түсе бермейді, ал тұрақты есте, керісінше, қайта құрылып өңделеді.Қайта жаңғыртудың танудан танудан өзгешелігі: ол танудан соң іске асады немесе тіпті тікелей танусыз-ақ, одан тыс жүзеге келуі мүмкін. Сондықтан-да бұрынғыны қайта жаңғырту процесі танудан көрі күрделірек келеді.Қайта жаңғырту материал бөліктерінөз кезегімен еске түсіру арқылы жүргізіледі, бұл жағыдайда іске белсенді еріктік әрекет қосылады. Қайта жаңғырту тікелей және жанама болып бөлінеді Тікелей қайта жаңғыртуда аралық байланыстрды еске түсірудің қажеті болмайды. Жанама қайта жаңғыртуда адам байланыстырушы аралық тетіктерді пайдаланады, олардың ішінде жаңғыртылуы тиіс марериалға қатысы бар тірек сөздер, бейнелер, сезімдер мен әрекеттер кіреді. Ұмыту – процесі еске түсіре алмау немесе тану мен қайталап айтып берудегі қателесуде көрінеді. Ұмытудың физиологиялық негізі – уақытша жүйке байланыстарын жандандыруға кедергі етуші ми қабығындағы тежелу әрекеттері. Көбінесе бұл жағыдай материалды еске сақтап тұруға ниеттелген қайталаулардың уақытылы болмауынан туындайтын, ойда қалдырғанды бірте-бірте сөндіріп барушы тежелу процесіне байланысты.
30. Зейіннің анықтамасы. Зейіннің физиологиялық механизмі.
Кейбір ғалымдар зейінді ерекше тәуелсіз процесс немесе адамның әрекетінде ғана болады деп бекітеді. Ал кейбіреулер зейін ол адамның толықтай психикалық жағдайы деп көрсетеді. Зейін дегеніміз – адам санасының белгілі бір затқа бағытта тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Зейін психиканың белгілі бір объектілерге бағытталуы, соларға қадалуы. Ол қысқа және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Назар сыртқы объектілерге не адамның өзіне бағытталуы мүмкін. Өзіне бағытталу адам организімінде болатын физикалық, психикалық құбылыстармен байланысты.
Зейіннің физиологиялық негізі өте күрделі. Психологиялық әдебиеттерде оның негізгі екі топ механизмін көрсетеді: перифериялық және орталық.
Перифериялық механизге органдардың күйін келтіру жатады. Адам әлсіз дыбысты естіген кезде, оған құлақ түреді, соның нәтижесінде сезімталдық артады. Қатты дыбыста жарғағы босатылады да ол инфорация орталық құлаққа жіберуде жиілігі әлсірейді. Д.Е.Бродбенттің атуынша, зейін – информацияны кіре берісте талдаушы, өткізгіш (фильтр) яғни ол периферия бөлімінде болады. Оның тәжірибесінде дәлелденгені адам әртүрлі информацияны бір мезгілде екі құлаққа айтқан кезде, адамның сол құлағы информацияны жақсы қабылдап, оң жақ құлағы информацияны толық теріске шығарған. Кейін дәлелденгені перифериялық бөлім информацияны физикалық механизміне қарай талдап алған. У.Нейсер бұны зейіннің алды деп атады, оны информацияны өңдеуші, фигураны фоннан бөліп алу деді.
Орталық механизм – жүйке орталықтарының біреуінің қозу, екіншілерінің тежелуімен сипатталады. Жүйкенің қозу күші, ішкі тітіркендіргіштердің күшіне байланысты. Қатты қозу, төменгі қозуда болады, өктемділік, басымдылық жүргізеді.
Зейіннің физиологиялық негіздерін әйгілі физиолог ғалым, академик А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы (доминанта – латынның доминанс деген сөзі, қазақша үстемдік ету деген мағынада) бойынша да жақсы түсінуге болады. Cыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын, каттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы онан бетер күшейеді. Мысалы, адам қызық кітапты беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасмайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процесітерінің өзара индукция заңына байланысты түсінцге болады.
И.П.Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен бвйланысты қаоған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығн айтқан. Мәселен, бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Ос кезде мидың бір алабында күшті қозу процесі болып жатады да, айналасын дағы алаптарда тежелу болады (бір мезгілдік индукция) немесе басқа бөлігінде тежелу болса, екінші бөлігінде қозу болады (бірізділік индукция). И.П.Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді. Иррадияция пайда болғаннан кейін мидың бөлігі – қозудың оптимальдық жағдайларына негізделеді. Сондықтан да бұнда дифференцировка жеңіл орнайды, жаңа шартты белгілер пайда болады. Мидың басқа бөлігі адамның санасыз, автоматтанған әрекеттерде көрінеді. Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптимальдық жағдай» жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап – ми қабығының шығармашылық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі.
31. Зейіннің түрлері, ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас жиі кездеседі. Адамның өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алады. Қызығу – ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске зейініміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті.Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді.Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Зейіннің бұл түрі адам еркімен тығыз байланыста болып, оның еңбектік күш салуларының нәтижесінде пайда болады. Сондықтан-да ырықты зейін ерікті, белсенді, ниеттелген деп ситатталады. Қандай-да бір шешімді қабылдай отырып, біз іске кірісеміз, сол іс біз үшін тап сол мезетте ұнамаса да оған саналы зейін қойып, оны орындауға өзімізді мәжбүрлейміз. Ырықты зейіннің басты қызметі – психикалық процесс ағымын белсенді түрде реттеп бару Үйреншікті зейін адамға тұрақты сіңіп кеткен, арнайы күш жұмсамай ақ орындалатын зейін.
