Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Differentsialdy__zachet_psikhologia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147.09 Кб
Скачать

Еріктік-амалдың кезеңдері

47. Адам санасының табиғаты.

Адам- белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай да болмасын бір іспен айналысады, оның азды- көпті тәжрибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді.Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Психикалық процестердің қалыптасуы оқу-тәрбие процесінде шешуші роль атқарады. Кейбір психологтар адамның осындай тұрақты да тұрлаулы ерекшеліктерін өзгермейтін нәрсе деп есептейді. Адамның белсенді тума қасиетін, яғни «психикалық энергиясының» дәрежесінен, «психикалық қуатынан» болады деп қоғамдық мәнін жоққа шығарады.Адам тұлға ретінде тек әлеуметтік тәжірибені бас кезінде үлкендердің сөзін тыңдай отырып, өсе келе өзінің ойын тыңдап жинайды. Тұлға бөлінеді: Әлеуметтік (социализированные) өзінің әлеуметтік тұрмысының шартына бейімделген. Десоциолизирование – (негізгі әлеуметтік шарттардан ауытқыған).Ауытқыған мінез – құлықтың негізгі түрі – қылмыстың және жауапқа тартылмайтын қиын мінез-құлық – жүйелі түрдегі ішімдік ішу, қыз балалардың жезөкшелікке түсуі тағы басқа. Мұндай мінез-құлық тәжірибенің жетіспеушілігімен түсіндіріледі. Балалардағы ауыауытқамасы мінез-құлық ересектердің өздеріне дұрыс қарамауы немесе шындыққа қарсы тұру арқылы өз ойларын бекітеді.Психикалық анальды тұлға (психапаттар, невротиктер, психикалық дамуы артта қалған адамдар).Психикалық анальды тұлғалар туа біткен ашуланшақтаық пен қозғыштыққа ие.Тұлғаның психопатиялық типінің диагностикасы үшін жағдай келесі сапалар мен мінез-құлық стереотипіне сәйкес келу керек.

  • Басқалардың сезіміне ешқандай әсерсіз қарау, эмпатияға қабілеттілігі.

  • Жауапкершіліксіз және әлеуметтік нормаға, ережелерге, міндеттерге дұрыс қарамау.

  • Тұрақты қарым-қатынасты ұстап тұра алмау.

  • Өзінің қатесін түсінбеу немесе жағымсыз өмірлік тәжірибесінен сабақ алмау.

  • Айналасындағыларды кінәлауға бейімділік.

  • Ұдайы қозғыштығы.

48.Сананың негізгі формалары: жеке, топтық, қоғамдық.

Жекелей сана өзіне – сананың атрибуттарын қосады: (көңіл бөлу, тану, әсерленушілікті), айқындық деңгейлері (творчествалық нұрға бөлеу, шабыт, нұрға бөлеу, жете танылмаған құбылыстар, шырмалған сана), сана динамикасы (жеке адам қасиеті, сананың жағыдайы, сананың процестері) және сананың қызметі (ес, ерік, сезім, түйсік, қабылдау, ойлау, эмоция).

Топтық сана –жарыстарда, үрей кезінде, қоғамдық көңіл-күйде т.б. көрінеді.

Қоғамдық сана – діни, өнегелі, эстетикалық, заңдық, саяси және философиялық көз қарастарда көрінеді.

49. Өзіндік сана адамның өзін -өзі сезінуі ретінде. Өзіндік сана деңгейі.

. Өзіндік сананың тұлғалық мінездемесінде үлкен маңызы бар екенін көрсете отырып, өзіндік сана және өзіндік бағаға сипаттама беру керек.

Өзіндік сана – бұл сананың өзінде бағытталған түрі. Оның құрамына кіретіндер: өзіндік тану, өзіндік қатынас, өзіндік уайымдау.

Өзіндік сана өзіндік бағада байқалады, яғни өзінің қабілеттілгін бағалауда, әлеуметтік жағдайында, табыстарында, тартымдылығында т.б.

Өзіндік құрметтеу – шын табыстардан тұрады. Өзіндік құрметтеу – балалық шақта қалыптасатын жалпы мінездеме, оны өзгерту қиын.

­Өте жоғары өзіндік бағалау адамға шындыққа сәйкес келмейтін жоспарлар құруға, орындай алмайтын міндеттер алуға мәжбүр етеді, өзіндік бағасы жоғары адам айналасын, дағдылардың ашуын тудырады. Медициналық тәжірибеде шектен тыс талаптану науқастың басқа маман таңдауына әкеледі, яғни дәрігер оның толық емделіп шығуына шүбә келтірсе. Ал өзіндік бағалауы төмен адам керісінше шектелген мінез-құлыққа ие, қиын мәселелерден қашады, өзінің жетістіктеріне сенімсіздікпен қарайды. Бұған талаптанудың төмен түрі сәйкес келеді. Медицинада ол былай көрінеді, мысалы, «бәрі бір көмектеспейді». Бірақ әрбір адамға өзіндік бағаның белгілі бір деңгейі сай және ол тұрақты болуы керек және адамның ішкі жағдайымен қоса, сол кездегі сыртқы орта жағдайына байланысты. У.Джеймс шартты психологиялық «формуланы» ұсынады. Ол адам әрқашан өзін-өзі құрметтеуді жоғарғы деңгейде ұстайды деген оймен құрылған.

Өзін-өзі құрметтеу = Табыс

Талаптану

Осы формулаға сәйкес дәрігер жеткен табыстарын көресете отырып пациентке әсер ете алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]