- •1. Психология және психика туралы жалпы түсінік. Психиканың ғылыми түсінігі.
- •2. Сана және психиканың даму кезеңдері.
- •3. Физиологиялық және психикалық бейнелеу. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері. Белсенділік – психикалық бейнелеудің маңызды ерекшелігі ретінде.
- •4. Сананың нейрофизиологиялық механизмдері
- •5. Психикалық құбылыстардың классификациясы: психикалық процестер, психикалық қасиеттер, психикалық кейіп.
- •6. Түйсік туралы түсінік.
- •7. Анализаторлар түйсіктің мүшесі ретінде. Анализаторлардың құрылымы.
- •8. И. Шеррингтон бойынша түйсіктің жүйелі жіктелуі.
- •9. Түйсіктердің жалпы қасиеті. Түйсік табалдырығы.
- •10. Сезгіштіктің өзгеруінің негізгі формалары: адаптация, синестезия.
- •11. Түйсік түрлері.
- •12. Қабылдау заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі ретінде және оның физиологиялық негізі.
- •13. Қабылдаудың қасиеттері: заттылығы, тұтастығы, мағыналылығы, апперцепция константтылығы, қабылдаудың таңдамалылығы.
- •20. Қиялдың түрлері: пассивті (енжар), активті (белсенді). Эмпатия.
- •23. Қиялдың клиникалық-психологиялық мәні.
- •25. Ес туралы жалпы түсінік,
- •26. Ес теориялары: ассоциативті, нейрондық, биохимиялық.
- •27.Естің типтері: (бейнелік, логикалық, механикалық т.Б.).
- •29. Естің негізгі процестері және олардың ағымдарының заңдылықтары.
- •30. Зейіннің анықтамасы. Зейіннің физиологиялық механизмі.
- •32. Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінушілігі, ауысуы, көлемі. Зейіннің алаңдаушылығы және шашыраңқылық.
- •33. Ойлау туралы жалпы түсінік.
- •34. Ойлаудың физиолоиялық механизмі.
- •35. Ойлау мен сөздің байланысы. Сөз және оның қызметі.
- •36. Ойлаудың негізгі операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, абстракция, клиникалық ойлауды қалыптастырудағы олардың бірлігі мен маңызы.
- •37. Ойлаудың формалары: ұғым, пікір, ой қорытынды (индукция, дедукция).
- •40.Эмоция түрлері: жоғарғы, төменгі, жағымды, жағымсыз.
- •41.Эмоцияның жасқа байланысты ерекшелігі.
- •42. Эмоцияның ішкі және сыртқы белгілері .Эмоцияның ауруға әсерлілігі.
- •43. Көңіл-күй, оның түрлері.
- •45. Сезім. Эмоция мен сезімнің айырмашылығы.
- •46. Ерік туралы ұғым. Ерік сатылары.
- •Еріктік-амалдың кезеңдері
- •47. Адам санасының табиғаты.
- •48.Сананың негізгі формалары: жеке, топтық, қоғамдық.
- •49. Өзіндік сана адамның өзін -өзі сезінуі ретінде. Өзіндік сана деңгейі.
- •50. Өзіндік бағалау және оның түрлері.Өзіндік бағалаудың қалыптасуына әсер етуші негізгі факторлар.
- •51. «Мен» концепциясы туралы түсінік. Шындық «Мен» мен идеалды «меннің» айырмашылығы.
- •52.«Мен» концепциясының жасқа байланысты өзгеруі.
- •53. Тұлғаның психологиялық қорғанысы.
- •54.Тұлғаның мінез- құлық ерекшелігінің типологиясы.
- •55.Темперамент тұлғаның биологиялық негізі ретінде. Темпераменттің жалпы белсенділігі, іс-әрекеттілігі, эмоционалдылығы.
- •56.Гиппократ пен Гален бойынша темпераменттің типтері. И.П. Павловтың темпераменттердің физиологиялық негіздері.
- •57. Темпераменттің негізгі қасиеттері: көңілшектік, эмоционалдық, импульсивтік, үрейшілдік.
- •58. Мінез-тұлғаның қасиеті ретінде. Темперамент пен мінездің байланыстылығы. Мінездің типтері.
- •59. К.Кречмер бойынша мінездің жіктелуі.
- •60. У.Шельдон бойынша мінездің жіктелуі.
- •61. Э.Фромм бойынша мінездің жіктелуі.
- •62.К.Леонгард бойынша мінездің жіктелуі.
- •63.А.Е. Личконың мінез типологиясы.
- •64.Адам әрекетінің негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек, қатынас.
- •65. Вербалды және вербалды емес қатынастар. Паралингвистикалық және экстралингвистикалық белгілер жүйесі.
- •66.Визуалды қатынас («көз байланысы»)
- •67. Проксемика.
- •68. Қатынастың интерактивті және перцептивті жақтары.
20. Қиялдың түрлері: пассивті (енжар), активті (белсенді). Эмпатия.
қиялдың түрлеріне толықтай тоқталуымыз қажет. Қиялдың төмендегідей түрлерін бөліп көрсетуімізге болады. Әрекет дәрежесіне орай қиял енжар (пассив) және белсенді (актив) болып, екіге бөлінеді. Енжар қиялдан тұрмысқа аспайтын, қажетсіз не болуы мүмкін емес бейнелер қалыптасады. Қиял мұндайда адамды толық баурап, шын әрекет қажеттігінен ажыратады. Бұған мысал ретінде жатып алып, бос қиял мен нәтиже бермес арманға шомған Н.Гогольдің "Өлі жандар" поэмасындағы Манилов бейнесін келтіруге болады. Ш.Айтматовтың "Ақырет" романындағы Авдий Каллистратов та осындай кейіпкерге меңзес.Енжар қиял ниеттелген не ниетсіз болуы мүмкін. Ниеттелген енжар қиял ерік күшімен байланыспаған бейнелер пайда етеді. Мұндай бейнелер әлі болары не болмасы белгісіз армандаудан келіп шығады, ол жеке адамның қажетсінуіне байланысты. Мысалы емтиханға бара жатқан студент не армандайтыны не айтпаса да түсінікті.Енжар қиялдауда адам, әдетте, тек өзіне жағымды, ұнамды арманға түседі. Ал егер мұндай арманшылдық өнімді іс-әрекетпен ұштаспай, адамның психикалық өмірінде басымдау келсе, онда тұлға дамуының қандай да кесапатқа ұшырағаны.Ниетсіз енжар қиял сана қызметьінің босаңсып, не зақымдануынан, мүлгіген хәлде, ұйқыда және т.б. жағыдайларда белгі береді. Ниетсіз қиялдың аса жарқын көрінісі галлюцинациялық кейіпте, адамның жоқ затты бар етіп, одан шошынып, не қорқып, күйзеліске түскенінен байқауға болады.
21. Антициптрлік қиял. Фантазия мен арман. Қиялдың ерекше түрі – арман. Армандау өзімізге ұнаған болашақ бейнелерді қиял ету, әзірге қол жетпес, бірақ келешекте орындалса деген адамның өмірлік мүддесін қанағаттандыруға қажет зат не әрекет. Арман – адам үшін өзінің шығармашыл күш-қуатын жүзеге асыруға бағыт беретін жұлдыз сипатты. Арманды сөз еткенде оның іске асатынын не аспайтынын ескерген жөн. Болар арман сол арманға жету әрекетінен ажырамайды, оның мақсаты анық, мазмұны мен орындау жолдары қиялдаушыға толық түсінімді. Ал болымсыз арманның мазмұны анық болғанымен, іске асу жолдары белгісіз. Көп жағыдайда мұндай арман қиял бейнелері дәрежесінен аспай, адамды әрекетке ынталандырмайды. Болымды арман әрдайым белсенді келеді, боларына сенген адам дегеніне жетпей, тыным таппайды. Адам еңбегінен туындаған қалаған зат (қағаз, қалам, машина және т.б.) көптеген ұрпақтар арманының жемісі емес пе?Арман жүйрік, оған жету мүмкін емес, жеткен күнде даму тоқтайды. Орындалған арман жаңа қажеттілік туындатады, тың қажеттілік және бір, енді жоғарлау деңгейдегі арманға себепші болады. антициптрлік қиялға, фантазия мен арманға сипаттама беру керек. Қиялдың бұл түрі адамның өзінің әрекеттерін алдын ала көре білу қабілеті негізінде жатыр. Осы қиялдың негізі болып фантазия мен арман жатыр. Олар адамның іс-әрекетінің идеясы мен көздеген мақсатына жетуге бағыттайды. Сонымен қатар адамның психикасын оятатын күш болып табылады. Елес заттың бейнелерін есте сақтауға, сол заттардың типік, басты белгілерін көрсететін ой –тәсілдеріне (анализ, синез, салыстыру т.б.) көшуге, оның мәнін танып білуге көмектеседі. Елестердің түрлері де түйсіктер мен қабылдаудың бөлінісіне ұқсас. Мысалы, адам заттың түсңн, пішінін, көлемін көру елестері арқылы, музыкалық шығармаларды, таныс адамның дауысы, т.б. есту арқылы елестетсек, тікенек шөпті т.б. сипап сезу арқылы елестетміз . Біздің елестеріміз – жеке қабылдаулардың жалпылауының нәтижесі.Елестер жалпылау дәрежесінің әр түрлі болғандығына қарай жалпы, жеке болып бөлінеді. Көп жалпыланған елестерді жалпы елестер дейді. Мысалы, адамның өзен туралы елесі жалпы елес. Ертіс өзені- жеке елес.
Сонымен қатар елес ес елесі және қиял елесі болып екіге бөлінеді.
22. Қиялдың жас ерекшелігіне байланыстылығы. қиялдың жас ерекшелік өзгерісіне тоқталу қажет. Қиялдың бірінші формасы балаларда 2 жастан бастап пайда болатынына көңіл аудару керек және бұл еріксіз сипатта болады.
Үш жастың соңында төрт жастың басында балаларда қайта жасалу қиялы пайда болады. Мұны бөбектерді қызықты ертектерді шын ықыласымен тыңдаудан, ертегілердегі оқиғаны шые көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады. Себебі бала санасында кез келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да, бұдан керемет қиял көрністері құралады. Баланың өмір тәжрибесі өсе келе қиялы да шындыққа бір табан жақындап отырады. Мәселен, бала шимайлап қағазға бір нәрсе салады да, осыны шындыққа бір нәрсеге ұқсайды деп ойлайды.
Мектеп – бала қиялын дамытуда үлкен роль атқарады. Мұндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен «еститіндей» күйге түседі.
Өмір тәжрибесінң артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын да дамыта түседі. Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтанне нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын қалыптастырып отыруы қажет.
Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту – олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу, табиғатқа, өндіріс орнындарында экскурциялар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербес орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.
Көптеген тәжрибелердің көрсетуінше қиял арқылы ағзада әртүрлі физиологиялық өзгерістер туғызуға болады. Сонымен қатар, қан қысымының жоғарлағанын, пульстің жиілегенін байқауға болады. Ауырсынуды елестеткен кезде кардиограмма өзгереді, терінің гольванилік рефлексі, электрокардиограмма өзгереді.
