- •1. Психология және психика туралы жалпы түсінік. Психиканың ғылыми түсінігі.
- •2. Сана және психиканың даму кезеңдері.
- •3. Физиологиялық және психикалық бейнелеу. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері. Белсенділік – психикалық бейнелеудің маңызды ерекшелігі ретінде.
- •4. Сананың нейрофизиологиялық механизмдері
- •5. Психикалық құбылыстардың классификациясы: психикалық процестер, психикалық қасиеттер, психикалық кейіп.
- •6. Түйсік туралы түсінік.
- •7. Анализаторлар түйсіктің мүшесі ретінде. Анализаторлардың құрылымы.
- •8. И. Шеррингтон бойынша түйсіктің жүйелі жіктелуі.
- •9. Түйсіктердің жалпы қасиеті. Түйсік табалдырығы.
- •10. Сезгіштіктің өзгеруінің негізгі формалары: адаптация, синестезия.
- •11. Түйсік түрлері.
- •12. Қабылдау заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі ретінде және оның физиологиялық негізі.
- •13. Қабылдаудың қасиеттері: заттылығы, тұтастығы, мағыналылығы, апперцепция константтылығы, қабылдаудың таңдамалылығы.
- •20. Қиялдың түрлері: пассивті (енжар), активті (белсенді). Эмпатия.
- •23. Қиялдың клиникалық-психологиялық мәні.
- •25. Ес туралы жалпы түсінік,
- •26. Ес теориялары: ассоциативті, нейрондық, биохимиялық.
- •27.Естің типтері: (бейнелік, логикалық, механикалық т.Б.).
- •29. Естің негізгі процестері және олардың ағымдарының заңдылықтары.
- •30. Зейіннің анықтамасы. Зейіннің физиологиялық механизмі.
- •32. Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінушілігі, ауысуы, көлемі. Зейіннің алаңдаушылығы және шашыраңқылық.
- •33. Ойлау туралы жалпы түсінік.
- •34. Ойлаудың физиолоиялық механизмі.
- •35. Ойлау мен сөздің байланысы. Сөз және оның қызметі.
- •36. Ойлаудың негізгі операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, абстракция, клиникалық ойлауды қалыптастырудағы олардың бірлігі мен маңызы.
- •37. Ойлаудың формалары: ұғым, пікір, ой қорытынды (индукция, дедукция).
- •40.Эмоция түрлері: жоғарғы, төменгі, жағымды, жағымсыз.
- •41.Эмоцияның жасқа байланысты ерекшелігі.
- •42. Эмоцияның ішкі және сыртқы белгілері .Эмоцияның ауруға әсерлілігі.
- •43. Көңіл-күй, оның түрлері.
- •45. Сезім. Эмоция мен сезімнің айырмашылығы.
- •46. Ерік туралы ұғым. Ерік сатылары.
- •Еріктік-амалдың кезеңдері
- •47. Адам санасының табиғаты.
- •48.Сананың негізгі формалары: жеке, топтық, қоғамдық.
- •49. Өзіндік сана адамның өзін -өзі сезінуі ретінде. Өзіндік сана деңгейі.
- •50. Өзіндік бағалау және оның түрлері.Өзіндік бағалаудың қалыптасуына әсер етуші негізгі факторлар.
- •51. «Мен» концепциясы туралы түсінік. Шындық «Мен» мен идеалды «меннің» айырмашылығы.
- •52.«Мен» концепциясының жасқа байланысты өзгеруі.
- •53. Тұлғаның психологиялық қорғанысы.
- •54.Тұлғаның мінез- құлық ерекшелігінің типологиясы.
- •55.Темперамент тұлғаның биологиялық негізі ретінде. Темпераменттің жалпы белсенділігі, іс-әрекеттілігі, эмоционалдылығы.
- •56.Гиппократ пен Гален бойынша темпераменттің типтері. И.П. Павловтың темпераменттердің физиологиялық негіздері.
- •57. Темпераменттің негізгі қасиеттері: көңілшектік, эмоционалдық, импульсивтік, үрейшілдік.
- •58. Мінез-тұлғаның қасиеті ретінде. Темперамент пен мінездің байланыстылығы. Мінездің типтері.
- •59. К.Кречмер бойынша мінездің жіктелуі.
- •60. У.Шельдон бойынша мінездің жіктелуі.
- •61. Э.Фромм бойынша мінездің жіктелуі.
- •62.К.Леонгард бойынша мінездің жіктелуі.
- •63.А.Е. Личконың мінез типологиясы.
- •64.Адам әрекетінің негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек, қатынас.
- •65. Вербалды және вербалды емес қатынастар. Паралингвистикалық және экстралингвистикалық белгілер жүйесі.
- •66.Визуалды қатынас («көз байланысы»)
- •67. Проксемика.
- •68. Қатынастың интерактивті және перцептивті жақтары.
13. Қабылдаудың қасиеттері: заттылығы, тұтастығы, мағыналылығы, апперцепция константтылығы, қабылдаудың таңдамалылығы.
Ары қарай қабылдаудың жалпы қасиеттеріне мінездеме берейік, олар: заттық тектілігі, қабылдау тұтастығы, қабылдау тұрақтылығы (константтығы), қабылдаудың мағыналылығы, апперцепция.
Қабылдаудың заттық тектілігі. Қабылдаудың бұл қасиеті оның объектив болмыстық көрнісімен түсіндіріледі, яғни сыртқы дүниеден алынатын ақпарат көзі осы объектив дүниенің өзінде болуы. Заттай қабылау адамның тума қасиеті емес, ол өмір бойы қалыптасып, іс-әрекеттің барша саласында бағыттау – реттеу қызметін атқарады. Қоршаған дүниені заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процестерінің негізінде орнығады. (И.М.Сеченов). Қозғалыс болмаған жерде біздің қабылдауымыз заттық қасиетінен айрылып, сыртқы ортамен байланысқа келе алмаған болар еді.Қабылдаудың заттық негізді болуы әрекет-қылықты реттеуде үлкен маңызға ие. Әдетте, біз нақты нысанды басқалардан түрі мен сипатына қарай бөлмейміз, біз үшін бұл жағдайда ең қажеттісі оның тұрмыстық қажеттіліке жарайтын негізгі қасиеттері. Мысалы: пышақ кесуге жараса – пышақ, әншейін метал. Қабылдаудағы басты міндет осы қасиеттерді тану.Қабылдау тұтастығы. Түйсік жоғарыда айтқанымыздай, заттардың жеке қасиеттерінен ақпарат жинауға қажет, ал қабылдауда сол заттардың қарапайым бөлшектері жөніндегі біліктерді біріктіру арқылы тұтастай бейне жаратамыз .Тұтастық қабылдаудың құрылымды болуымен байланысты. Қабылдау көп жағдайда біздің мезеттік түйсінуімізге тура келе бермейді, әрі сол түйсіктердің қарапайым өосындысынан жасалмайды. Адам, әдетте, нақты түйсінуден дербестеніп, дерексізденген қортынды құрылымды қабылдайды, ал бұл қортындыға келу біршама уақыт өтуін талап қылады. Қабылдаудың тұтастығы мен құрылымдылығы бейнелеуші қоршаған дүние нысандарының шындыққа сай өзіндік ерекшеліктерінен туындайды.Қабылдау тұрақтылығы (константтығы). Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген жағдайларға қарамастан заттың кейбір қасиеттерінің бір текті сақталуын айтамыз.Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мәні сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі – тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану және даралап тану болып бөлінеді. Жалпылап тануды нәрселердің жай жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануды заттар мен құбылыстарды айырыу анық әрі толық түрде жүреді.Апперцепция.Қабылдау нәтижесінің жеке адам психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелділігі апперцепция деп аталады. Қабылдау барысында адамның өткен өмір тәжрибесі үлкен рөл ойнайды. Сондықтан да бір заттың өзін әрқилы адамдар (біліміне, тәжрибесіне, тәрбиеленген ортасына, жасына, ұлтына, қызметтік дәрежесіне, т.т. орай) әрқилы қабылдайды.Қабылдау мазмұны адамның алдына қойған мақсат, мүддесіне орайлас келеді. Ниет көңіл шарпуларының (эмоция) ықпалымен қабылдау мазмұны уақытша өзгеріске түсуі мүмкін. Мұндай уақытша апперцепция адамның әртүрлі алдануы - иллюзия салдарынан жаңсақ пікірлер туғызатын жағдайларда болады.Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелер туындайды.Мұндай қабылдау – галлюцинация деп аталады. Түйсікпен салыстырғанда қабылдау процесі ми қызметінің ең жоғарғы талдау – бірігу формасы. Талдау болмай, қабылданатын зат не құбылыстың мән жайына жету мүмкін емес.
Ары қарай қабылдаудың жалпы қасиеттеріне мінездеме берейік, олар: заттық тектілігі, қабылдау тұтастығы, қабылдау тұрақтылығы (константтығы), қабылдаудың мағыналылығы, апперцепция.
Қабылдаудың заттық тектілігі. Қабылдаудың бұл қасиеті оның объектив болмыстық көрнісімен түсіндіріледі, яғни сыртқы дүниеден алынатын ақпарат көзі осы объектив дүниенің өзінде болуы. Заттай қабылау адамның тума қасиеті емес, ол өмір бойы қалыптасып, іс-әрекеттің барша саласында бағыттау – реттеу қызметін атқарады. Қоршаған дүниені заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процестерінің негізінде орнығады.
Қабылдау тұтастығы. Түйсік жоғарыда айтқанымыздай, заттардың жеке қасиеттерінен ақпарат жинауға қажет, ал қабылдауда сол заттардың қарапайым бөлшектері жөніндегі біліктерді біріктіру арқылы тұтастай бейне жаратамыз .
Қабылдау тұрақтылығы (константтығы). Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген жағдайларға қарамастан заттың кейбір қасиеттерінің бір текті сақталуын айтамыз.
Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мәні сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі – тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану және даралап тану болып бөлінеді. Жалпылап тануды нәрселердің жай жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануды заттар мен құбылыстарды айырыу анық әрі толық түрде жүреді.
Апперцепция. Қабылдау нәтижесінің жеке адам психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелділігі апперцепция деп аталады. Қабылдау барысында адамның өткен өмір тәжрибесі үлкен рөл ойнайды. Сондықтан да бір заттың өзін әрқилы адамдар (біліміне, тәжрибесіне, тәрбиеленген ортасына, жасына, ұлтына, қызметтік дәрежесіне, т.т. орай) әрқилы қабылдайды.
Қабылдаудың түрлері:
Кеңістікті қабылдау – күрделі процесс. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан.Олардың әрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар: ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, үлкен-кіші. Олар бізден түрлі қашықтықта орналасқан.
Тек адамның нақтылы тәжрибесі, жан-жақты білімі арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдауға болады. Адам заттардың бірінен бірінің қашықтығын, бет алысын, көлемін, рельефін, бағдарын және формасын қабылау арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдайды.
Уақытты қабылдау – уақыт та материя өмір сүруінің объектив формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңістік пенуақыт ішінде қозғалыста болып, оларда бірнеше қабылдау бірліктері арқылы, құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді, қарқын дәрежесімен өлшенеді. Қарқын – уақыттың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші.
Уақыт пен кеңістікті қабылдау екеуі қосылып қозғалысты қабылдауды береді. Қозғалысты қабылдау өте күрделі процесс, оның табиғаты әлі де түсініксіз. Қозғалысты қабылдауды 2 түрге бөлуге болады.
1.Салыстырмалы. 2.Қатыссыздық.
14. Кеңістікті қабылдау – күрделі процесс.Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан.Олардың әрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар: ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, үлкен-кіші. Олар бізден түрлі қашықтықта орналасқан.Тек адамның нақтылы тәжрибесі, жан-жақты білімі арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдауға болады. Адам заттардың бірінен бірінің қашықтығын, бет алысын, көлемін, рельефін, бағдарын және формасын қабылау арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдайды.Кеңістікте орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көрудің (бинокулярлық көру) маңызы зор. Ал бір көзбен көру (монокулярлық көру) тереңдік жөнінде мағұлымат бере алмайды. Бинокулярлық қарауда екі көзге түсетін кескін қосылып кетеді де, нәрсенің беделі айқын сезіліп, бір ғана кескінге айналады. Нәрсенің көлемдік қарамын қабылдау үшін оның бірігіп, қосылып көрінуі маңызы роль атқарады.екі көзбен көруде түрлі заттардың тұтасып көрінуі оның қашықтығы мен қоршауын, шамасы мен түсін, рельефін жан-жақты қабылдауға мүмкіндік туғызады.Қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы, яғни екі көздің көрілетін затқа бірдей болып әрекет етуі қажет болады.Көздің түрлі қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомадация деп атайды.
15. Уақыт пен кеңістікті қабылдау екеуі қосылып қозғалысты қабылдауды береді. Қозғалысты қабылдау өте күрделі процесс, оның табиғаты әлі де түсініксіз. Қозғалысты қабылдауды 2 түрге бөлуге болады. 1.Салыстырмалы. 2.Қатыссыздық.
16. Уақытты қабылдау – уақыт та материя өмір сүруінің объектив формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңістік пен уақыт ішінде қозғалыста болып, оларда бірнеше қабылдау бірліктері арқылы, құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді, қарқын дәрежесімен өлшенеді. Қарқын – уақыттың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші.Уақытты қабылдауда субъективті мезеттер ерекше орын алады. Өткен шақ жылдам, қысқс мерзімде өткен сияқты. Оны дәуір, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейді. Соған орай өткен уақиғалар көмескі болып қабылданады. Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн, сағатпен өлшенеді. Ол нақтылы ізбен қабылданады. Өткен шақтың тез өтуі, клер шақтың ұзақ болып көрінуі субъектив жағыдайларға байланысты. Уақыт қызықты болса тез өтеді, қызықсыз болса, ұзаққа созылады.
17. Уақытты қабылдау – уақыт та материя өмір сүруінің объектив формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңістік пенуақыт ішінде қозғалыста болып, оларда бірнеше қабылдау бірліктері арқылы, құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді, қарқын дәрежесімен өлшенеді. Қарқын – уақыттың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші.
Уақыт пен кеңістікті қабылдау екеуі қосылып қозғалысты қабылдауды береді. Қозғалысты қабылдау өте күрделі процесс, оның табиғаты әлі де түсініксіз. Қозғалысты қабылдауды 2 түрге бөлуге болады.
1.Салыстырмалы. 2.Қатыссыздық.
18. Елес, оның түрлері. Елестің зейінге, еске, тұлғаның ерекшеліктеріне тәуелділігі Қиял елес мен ойлардың жаңа формаларының құрылуы. Қиялдың қабылдаудан ерекшелігі оның бейнелері әрқашан шындықпен сәйкес келе бермейді. Қиял басқа да психикалық процестер сияқты үлкен жарты шарлар қыртысының қызметі болып тапбылады. Негізінен қиял оң жарты шарлардың қыртысымен тығыз байланысты, бірақ екі жарты шардың да қызметі өте маңызды. өйткені олардың әр қайсысы өз қызметін атқарады. Оң ми сыңары дүние көрністерін қарапайым түрге келтіріп, олардың біртұтастығы мен үйлесімділігінен, композициялық бірлестігінен хабар береді, осыдан адамда әр қиды бейнелер негізінде эстетикалық сезімдер өрістейді. Ал сол тараптағы ми сыңары келіп түскен ақпараттарды реттеп, оларды сөзбен өрнектеу қызметін атқарады, осыдан бейне мен ой ажырамас бірлікте екенін байқаймыз. "Ақылдан ажыралған фантазия құбыжық тудырады, ақылды арқау еткен фантазия - өнер атасы, ғажайыптар бұлағы" (Ф.Гойя).Қиялдың физиологиялық негізі жүйке байланыстарының іске қосылуы, бұзылуы, қайта түзілуі мен жаңа жүйелерге бірігуі. Осының арқасында бұрынғы тәжрибеден өзгеше, бірақ одан мүлде ажырап кетпеген, жаңа бейнелер келіп шығады. Қиялдың осынша күрделі болуы, алдын ала оның мазмұндық сипатын болжастырудың қиындығы, қиял жасаушы органикалық процестермен аса тығыз байланысқан әрі оларды әсерлі өзгерістерге келтіріп отырады. Қапелімде қиялына бірдеме түсіп кетіп, адамның өзіне-өзі шошынып, терге малынып, қызарып- бозарып, дірілдей қалатынын байқаған боларсыз. Осындай қиялдың әсеріненкей кезде адам өзін сырқатқа да ұрындырады. Тіпті, дәрігерлік институттардың төменгі сынып студенттеріоқылып жатқан дәрістердің әсерінен қиялға еніп, өздерінде болмаған аурулардың белгілерін іздеп әлек болады. Мұндай өзін-өзі қияли сендірудің әсерінен адам қатерлі жағыдайға душар болуы мүмкін. Сонымен бірге, қиял бейнелерінг орынды, дұрыс қолдану арқылы адам денесінде жүріп жатқан табиғи процестерді басқарып, дамытуға болады.Қиял күшін арқау еткен француз аптекарі Эмиль Куэ "Саналы сендіру арқылы өзін -өзі басқару мектебі" деп аталған жаңа емдеу әдісін ашқан. Сырқат адам өзіне қолайлы жағыдайға жайғасып (жатып не отырған күйі), өзін ешқандай сырқат жоқтай сезініп, 20-30 мәрте өзін -өзі сендіру келесідей формуласын қайталайды:"Мен тәуір боламын, мен тәуірмін..... .Сырқат бәсеңдеді. Сырқат кетті... ." Бірнеше минутқа созылған осындайсеанстар күніне 3-4 рет, әсіресе ұйықтар алдында сабырға түсіп, босаңсыған күйде орындалады. Осы күндегі аутогендік емдеу әдісі осы Эмиль Куэ жаңалығына негізделген. тетіктердің тек ми қабығында ғана емес, мидың тереңғ тар бөліктерінде жайғасатынын пайымдады.Сонымен бірге мида пайда болған бейнелер шеткі (перифериялық) процестердің қызметтерін өзгертумен, оларға реттеу ықпалын жасайды. Бұл тұрғыдан барша психикалық процестердің арасында қиял денедегі . Елес заттың бейнелерін есте сақтауға, сол заттардың типік, басты белгілерін көрсететін ой –тәсілдеріне (анализ, синез, салыстыру т.б.) көшуге, оның мәнін танып білуге көмектеседі. Елестердің түрлері де түйсіктер мен қабылдаудың бөлінісіне ұқсас. Мысалы, адам заттың түсңн, пішінін, көлемін көру елестері арқылы, музыкалық шығармаларды, таныс адамның дауысы, т.б. есту арқылы елестетсек, тікенек шөпті т.б. сипап сезу арқылы елестетміз . Біздің елестеріміз – жеке қабылдаулардың жалпылауының нәтижесі.Елестер жалпылау дәрежесінің әр түрлі болғандығына қарай жалпы, жеке болып бөлінеді. Көп жалпыланған елестерді жалпы елестер дейді. Мысалы, адамның өзен туралы елесі жалпы елес. Ертіс өзені- жеке елес.
Сонымен қатар елес ес елесі және қиял елесі болып екіге бөлінеді.
19. Қиял туралы ұғым, оның физиологиялық негіздері. Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарадыҚиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды.
Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. «Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бүрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың түсі, -деп жазды И. П. Павлов, — бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы».
Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы өрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, галымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялга жатады. Творчестволық қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Қүнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр.
Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мүның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман творчестволық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың бірінші дайындық сатысы.
