- •1. Психология және психика туралы жалпы түсінік. Психиканың ғылыми түсінігі.
- •2. Сана және психиканың даму кезеңдері.
- •3. Физиологиялық және психикалық бейнелеу. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері. Белсенділік – психикалық бейнелеудің маңызды ерекшелігі ретінде.
- •4. Сананың нейрофизиологиялық механизмдері
- •5. Психикалық құбылыстардың классификациясы: психикалық процестер, психикалық қасиеттер, психикалық кейіп.
- •6. Түйсік туралы түсінік.
- •7. Анализаторлар түйсіктің мүшесі ретінде. Анализаторлардың құрылымы.
- •8. И. Шеррингтон бойынша түйсіктің жүйелі жіктелуі.
- •9. Түйсіктердің жалпы қасиеті. Түйсік табалдырығы.
- •10. Сезгіштіктің өзгеруінің негізгі формалары: адаптация, синестезия.
- •11. Түйсік түрлері.
- •12. Қабылдау заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі ретінде және оның физиологиялық негізі.
- •13. Қабылдаудың қасиеттері: заттылығы, тұтастығы, мағыналылығы, апперцепция константтылығы, қабылдаудың таңдамалылығы.
- •20. Қиялдың түрлері: пассивті (енжар), активті (белсенді). Эмпатия.
- •23. Қиялдың клиникалық-психологиялық мәні.
- •25. Ес туралы жалпы түсінік,
- •26. Ес теориялары: ассоциативті, нейрондық, биохимиялық.
- •27.Естің типтері: (бейнелік, логикалық, механикалық т.Б.).
- •29. Естің негізгі процестері және олардың ағымдарының заңдылықтары.
- •30. Зейіннің анықтамасы. Зейіннің физиологиялық механизмі.
- •32. Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінушілігі, ауысуы, көлемі. Зейіннің алаңдаушылығы және шашыраңқылық.
- •33. Ойлау туралы жалпы түсінік.
- •34. Ойлаудың физиолоиялық механизмі.
- •35. Ойлау мен сөздің байланысы. Сөз және оның қызметі.
- •36. Ойлаудың негізгі операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, абстракция, клиникалық ойлауды қалыптастырудағы олардың бірлігі мен маңызы.
- •37. Ойлаудың формалары: ұғым, пікір, ой қорытынды (индукция, дедукция).
- •40.Эмоция түрлері: жоғарғы, төменгі, жағымды, жағымсыз.
- •41.Эмоцияның жасқа байланысты ерекшелігі.
- •42. Эмоцияның ішкі және сыртқы белгілері .Эмоцияның ауруға әсерлілігі.
- •43. Көңіл-күй, оның түрлері.
- •45. Сезім. Эмоция мен сезімнің айырмашылығы.
- •46. Ерік туралы ұғым. Ерік сатылары.
- •Еріктік-амалдың кезеңдері
- •47. Адам санасының табиғаты.
- •48.Сананың негізгі формалары: жеке, топтық, қоғамдық.
- •49. Өзіндік сана адамның өзін -өзі сезінуі ретінде. Өзіндік сана деңгейі.
- •50. Өзіндік бағалау және оның түрлері.Өзіндік бағалаудың қалыптасуына әсер етуші негізгі факторлар.
- •51. «Мен» концепциясы туралы түсінік. Шындық «Мен» мен идеалды «меннің» айырмашылығы.
- •52.«Мен» концепциясының жасқа байланысты өзгеруі.
- •53. Тұлғаның психологиялық қорғанысы.
- •54.Тұлғаның мінез- құлық ерекшелігінің типологиясы.
- •55.Темперамент тұлғаның биологиялық негізі ретінде. Темпераменттің жалпы белсенділігі, іс-әрекеттілігі, эмоционалдылығы.
- •56.Гиппократ пен Гален бойынша темпераменттің типтері. И.П. Павловтың темпераменттердің физиологиялық негіздері.
- •57. Темпераменттің негізгі қасиеттері: көңілшектік, эмоционалдық, импульсивтік, үрейшілдік.
- •58. Мінез-тұлғаның қасиеті ретінде. Темперамент пен мінездің байланыстылығы. Мінездің типтері.
- •59. К.Кречмер бойынша мінездің жіктелуі.
- •60. У.Шельдон бойынша мінездің жіктелуі.
- •61. Э.Фромм бойынша мінездің жіктелуі.
- •62.К.Леонгард бойынша мінездің жіктелуі.
- •63.А.Е. Личконың мінез типологиясы.
- •64.Адам әрекетінің негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек, қатынас.
- •65. Вербалды және вербалды емес қатынастар. Паралингвистикалық және экстралингвистикалық белгілер жүйесі.
- •66.Визуалды қатынас («көз байланысы»)
- •67. Проксемика.
- •68. Қатынастың интерактивті және перцептивті жақтары.
3. Физиологиялық және психикалық бейнелеу. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері. Белсенділік – психикалық бейнелеудің маңызды ерекшелігі ретінде.
Психиканың даму кезеңдерін, физикалық, физиологиялық және психикалық бейнеленуін ашу керек.Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы мәселелер өзара тығыз байланысты. Сондықтан да психиканың дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерекшеліктерімен сипатталады. Психика тек адамға ғана тән қасиет. Психиканың дамуы ұзақ сатылардан өтті .
Психологияның дамуы 4 кезеңнен өтті:
1 кезең (психология жан туралы ғылым). Психологияға мұндай анықтама осыдан 2000 жыл бұрын берілді. Адамның өміріндегі түсініксіз құбылыстарды жан арқылы түсіндіруге тырысты.
2 кезең (психология сана туралы ғылым). ХҮІІ ғасырда жаратылыстану ғылымынң дамуымен байланысты.Ойлай алу, сезе алу қабілетін сана деп атады.
3 кезең (психология мінез-құлық туралы ғылым). ХХ ғасырдан басталады. Психологияның міндеті- адамның реакциясын, мінезін және іс-әрекетін (қылығын) бақылау. (Іс-әрекетті туғызушы мотивтер ескерілмеді)
4 кезең (психология психиканың механизмдерін, заңдылықтарын оқытатын ғылым). Дүниеге материалистік көз-қарас негізінде қалыптасты.
Психология – психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зеріттейтін ғылым.
Айналадағы затар мен құбылыстардың адам миында бейнеленуі жануарлардан бөлек, өзгеше жолмен, белсенді түрде сөздің көмегімен жүреді. Адам қоғамдық-әлеуметтік өмірдің жемісі болғандықтан, оның бейнеленуі ұғым, пікір, ой қорытындысы түрінде көрінеді. Ол белсенді әрекеттені негізінде, әр түрлі объектілермен қатынас жасап, өзі солардың бейнеленуіне мүмкіндік туғызады. Бейнелеу- заттың миға әсер етуінен болатын бір жақты құбылыс емес, адам мен сыртқы орта байланысының нәтижесі. Бейнелеу ми қабаты жықрылдарында адамның жас мөлшері, білім, дағды, икемі, тәжірибесіне орай түрлі деңгейде көрініп отырады.
Бейнелеу формаларының шығуына құрамында белоктық заттары бар тіршіліктің пайда болуы шешуші роль атқарады. Тітіркенушілік, яғни тірі ағзаның сыртқы әсерге жауап бере алу қабілеті, жүйке жүйесі күрделі сипат алған сайын ағзаның сыртқы ортамен байланысында елеулі орын ала бастайды. Мысалы: балықтардың миы өте мардымсыз болса, сүтпен қоректенушілердің миы бұған қарағанда жақсы дамыған. Жануарлар миының алдыңғы жағы (маңдай бөлігі) өскен сайын олардың сыртқы ортамен байланысының дәрежесі, яғни бейнелеу мүмкіншілігі арта түседі.
4. Сананың нейрофизиологиялық механизмдері
Орталық жүйке жүйесі арқа және бас миынан тұрады. Ми бөліктері сан алуан жүйке қызметін орындайды. Олардың орындалу деңгейі жоғарылаған сайын, оның қызметі де күрделене түседі. Бәрінен төмен жайласқан арқа миы, оның қызметі – бұлшық ет топтары мен ішкі мүшелер қызметін реттеу. Оның үстінде мишықпен бірге сопақша ми орналасқан. Сопақша ми дененің күрделі қызметтерін орайластыра басқарады. Бұлардан жоғарылау орталық жүйке бөлігінің күрделі қозғалыстар мен бүкіл дене қалпын реттеуге қатысатын – орта ми жайғасқан. сопақша ми мен орта ми бас миының бағаналы бөлігін құрайды. ОЖЖ ең жоғарғы бөліктері бас миының үлкен жарым шарларына біріккен. Үлкен жарым шарлар құрамына қабық асты түйіндер деп аталатын тереңдегі жүйке клеткаларының тұтас жиынтығы кіреді. Жарым шарлардың үстіңгң бетінде жүйке жасушалар қабаты – бакс миы қабығы көмкерілген. Жүйке жүйесінің барша бөлімдері өзара тығыз байланыста. Бірақ олардың әрқайсысынң ролі бірдей емес. арқа миы мен мидың бағаналы бөлігі – сопақша ми, орта мимен қосыла тума рефлестер орталығына бірігеді. Бас миының бағаналы бөлігі мен арқа мидың рефлекторлық қызметі организмнің жауап әрекеттерінің біршамасын қамтиды. Адамның саналы әрекетін реттеп, басқарушы орган – үлкен ми сыңарларының қабығы, сондықтан да адам психикасы мен үлкен ми сыңарлары арасындағы байланыс, қатынас мәселесі – маңызды мәселелерден, осыдан ғылымда психикалық қызметтердің ми қабығында мекендеуі болу теориясы көтеріліп жүр. Жан процестерінің миға қатынасы психикалық әрекеттердің заттасқан негізі болған мидың жұмыс принциптеріғылым дамуының әр кезеңінде әрқилы сипатталады. Мұның себебі адамның психикалық процестеріне, олардың негізі – миға деген түсінік, көзқарастардың біркелкі болмауынан еді.
