
- •1. Психология және психика туралы жалпы түсінік. Психиканың ғылыми түсінігі.
- •2. Сана және психиканың даму кезеңдері.
- •3. Физиологиялық және психикалық бейнелеу. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері. Белсенділік – психикалық бейнелеудің маңызды ерекшелігі ретінде.
- •4. Сананың нейрофизиологиялық механизмдері
- •5. Психикалық құбылыстардың классификациясы: психикалық процестер, психикалық қасиеттер, психикалық кейіп.
- •6. Түйсік туралы түсінік.
- •7. Анализаторлар түйсіктің мүшесі ретінде. Анализаторлардың құрылымы.
- •8. И. Шеррингтон бойынша түйсіктің жүйелі жіктелуі.
- •9. Түйсіктердің жалпы қасиеті. Түйсік табалдырығы.
- •10. Сезгіштіктің өзгеруінің негізгі формалары: адаптация, синестезия.
- •11. Түйсік түрлері.
- •12. Қабылдау заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі ретінде және оның физиологиялық негізі.
- •13. Қабылдаудың қасиеттері: заттылығы, тұтастығы, мағыналылығы, апперцепция константтылығы, қабылдаудың таңдамалылығы.
- •20. Қиялдың түрлері: пассивті (енжар), активті (белсенді). Эмпатия.
- •23. Қиялдың клиникалық-психологиялық мәні.
- •25. Ес туралы жалпы түсінік,
- •26. Ес теориялары: ассоциативті, нейрондық, биохимиялық.
- •27.Естің типтері: (бейнелік, логикалық, механикалық т.Б.).
- •29. Естің негізгі процестері және олардың ағымдарының заңдылықтары.
- •30. Зейіннің анықтамасы. Зейіннің физиологиялық механизмі.
- •32. Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінушілігі, ауысуы, көлемі. Зейіннің алаңдаушылығы және шашыраңқылық.
- •33. Ойлау туралы жалпы түсінік.
- •34. Ойлаудың физиолоиялық механизмі.
- •35. Ойлау мен сөздің байланысы. Сөз және оның қызметі.
- •36. Ойлаудың негізгі операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, абстракция, клиникалық ойлауды қалыптастырудағы олардың бірлігі мен маңызы.
- •37. Ойлаудың формалары: ұғым, пікір, ой қорытынды (индукция, дедукция).
- •40.Эмоция түрлері: жоғарғы, төменгі, жағымды, жағымсыз.
- •41.Эмоцияның жасқа байланысты ерекшелігі.
- •42. Эмоцияның ішкі және сыртқы белгілері .Эмоцияның ауруға әсерлілігі.
- •43. Көңіл-күй, оның түрлері.
- •45. Сезім. Эмоция мен сезімнің айырмашылығы.
- •46. Ерік туралы ұғым. Ерік сатылары.
- •Еріктік-амалдың кезеңдері
- •47. Адам санасының табиғаты.
- •48.Сананың негізгі формалары: жеке, топтық, қоғамдық.
- •49. Өзіндік сана адамның өзін -өзі сезінуі ретінде. Өзіндік сана деңгейі.
- •50. Өзіндік бағалау және оның түрлері.Өзіндік бағалаудың қалыптасуына әсер етуші негізгі факторлар.
- •51. «Мен» концепциясы туралы түсінік. Шындық «Мен» мен идеалды «меннің» айырмашылығы.
- •52.«Мен» концепциясының жасқа байланысты өзгеруі.
- •53. Тұлғаның психологиялық қорғанысы.
- •54.Тұлғаның мінез- құлық ерекшелігінің типологиясы.
- •55.Темперамент тұлғаның биологиялық негізі ретінде. Темпераменттің жалпы белсенділігі, іс-әрекеттілігі, эмоционалдылығы.
- •56.Гиппократ пен Гален бойынша темпераменттің типтері. И.П. Павловтың темпераменттердің физиологиялық негіздері.
- •57. Темпераменттің негізгі қасиеттері: көңілшектік, эмоционалдық, импульсивтік, үрейшілдік.
- •58. Мінез-тұлғаның қасиеті ретінде. Темперамент пен мінездің байланыстылығы. Мінездің типтері.
- •59. К.Кречмер бойынша мінездің жіктелуі.
- •60. У.Шельдон бойынша мінездің жіктелуі.
- •61. Э.Фромм бойынша мінездің жіктелуі.
- •62.К.Леонгард бойынша мінездің жіктелуі.
- •63.А.Е. Личконың мінез типологиясы.
- •64.Адам әрекетінің негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек, қатынас.
- •65. Вербалды және вербалды емес қатынастар. Паралингвистикалық және экстралингвистикалық белгілер жүйесі.
- •66.Визуалды қатынас («көз байланысы»)
- •67. Проксемика.
- •68. Қатынастың интерактивті және перцептивті жақтары.
34. Ойлаудың физиолоиялық механизмі.
35. Ойлау мен сөздің байланысы. Сөз және оның қызметі.
сөз бен ойлаудың байланыстарына, сөзге және оның қызметіне тоқталу керек. Сөйлеумен тығыз байланыста болып отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Адамның ойы әрқашан сөз арқылы беріледі. Ой толық сөз күйінде білдіргенде ғана айқындалып, дәйектелініп дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес.Ой- сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз- ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтр жинаған тәжрибе мен білімді сақтап қала алады, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланады.Сөйлеумен тығыз байланыста жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Ойлау адамның сыртқы дүниеме қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегендігін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түседі. Тіл мен ойдың тығыз байлансыта екенін халық ертеден –ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың «Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түімде» деген мақалды басындағы ойы тілінен көрінетінін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білумен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.
36. Ойлаудың негізгі операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, абстракция, клиникалық ойлауды қалыптастырудағы олардың бірлігі мен маңызы.
Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Ойлау түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі.Анализ дегеніміз- ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу.Синтезде ой арқылы заттың, құбылыстың барлық элементтері біріктіріледі.Анализ бен синтез бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі – бірінен-бірі ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қабат, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді.Ойлау операциясының күрделі түрі – абстракция мен жалпылау.Шындықтағы затар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограмма деген сөзді «төрт бұрыш» деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады.Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды.Нақтылау- абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Нақтылау абстракцияға қарағанда ұғымды, көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді.Жалпылау дегеніміз- бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Мәселен, алма, өрік, жүзім т.б. ұқсас белгілері жиналып келіп, «жеміс» деге жалпы ұғымды береді. Жалпылау арқылы шындықтағы затар мен құбылыстарды белгілі бір принцип бойынша орналастыруды жүйелеу дейді. Жүйелеудің жоғарғы түрі – классификация. Мәселен, жануарлар – типке, типтен класқа, кластан отрядқа, оьтядтан- отбсына, отбасына текке, тектен түрге бөлінеді жүйеленеді.