Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Дәрменсіз пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру (бір медбике орындайды)

Қарсы көрсетілімдері: омыртка жотасы жарақаты; омыртқа жотасына жасалған ота;

эпидуральды анестезия.

  • Пациентке шараның орындалуын түсіндіру, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

  • Айналадағы жәйттерді бағалаңыз. Тұтқаларды төмен түсіріп (егер олар болса), кереует тежегішін бекітіңіз.

  • Пациенттің кереует ортасында көлденең жатқанына көз жеткізіңіз. Пациенттен басын көтеруді сұраңыз, егер оның жағдайы болмаса, сақтықпен басын көтеріп, жастығын алып, басты кереует бас жағына қарай төмендете түсіріңіз.

  • Орнын ауыстыру шарасы пациенттің аяқ жағынан басталады:

  • пациент аяғы тұсында 45°бұрыш деңгейінде тұрыңыз;

  • аяқтарды 30 см-дей арақашықтыққа қойыңыз;

Дәрменсіз пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру

  • бас жаққа жақын тұрған аяқты сәл кейін қойыңыз;

  • тізелеріңізді, қолдарыңызды пациент аяғы тұсына келгенше бүгіп,

кері қойылған аяққа салмақты ауыстырыңыз;

  • пациенттің аяқтарын қиғаш (диагональ) бойынша бас жаққа ауыстырыңыз.

  • Тізелерді бүгіп пациент кеудесі деңгейіне жеткенше қолдарды ауыстырыңыз.

  • Қиғаш (диагональ) бойынша пациент жамбасын бас жаққа ауыстырыңыз.

  • Бір қолды пациент мойнының астына жіберіп, иығын сүйемелдеу, екінші қолды арқа астына қойыңыз.

  • Басты, кеуденің жоғарғы бөлігін қиғаш (диагональ) бағытымен бас жаққа жылжытыңыз.

  • Бүйірдегі тұтқаны көтеріп (егер ол болса), кереуеттің екінші жағына шығып, тұтқаны түсіріңіз.

  • Кереуеттің бір жағынан екіншісіне шығып, пациент денесі қажетті биіктікке көтерілгенше аталған шараларды қайталау.

  • Алма кезек дененің жоғарғы бөлігін, жамбасын, аяқтарын жылжытып пациентті төсектің ортасына ауыстырыңыз.

  • Пациент басын, иықтарын көтеріп, жастық салыңыз. Оның ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз.

Пациентті кереует шетіне орнын ауыстыру (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)

Қолдану көрсетілімдері: басқа орын ауыстырудың алдыңғы сатысы.

Қарсы көрсетілімдері: омыртка жотасы жарақаты; омыртқа жотасына жасалған ота;

эпидуральды анестезия.

  • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

  • Айналадағы жәйттерді бағалаңыз. Тұтқаларды төмен түсіріп (егер олар болса), кереует тежегішін бекітіңіз.

  • Пациенттің кереует ортасында көлденең жатқанына көз жеткізіңіз. Медбике тұрған жақ қапталындағы тұтқаны түсіріңіз.

  • Пациенттен басын көтеруді сұрап, жастығын алып, басты кереует бас жағына қарай төмендете түсіріңіз.

  • Пациенттің бас жағында тұрып, аяқтарды 30см-дей арақашықтықта қойыңыз, тізелерді бүгіп, бірақ алға қарай еңкеймеу керек.

  • Пациент шынтақтарын қусыра ұстауын сұраңыз.

  • Бір қолды пациент мойны мен иығы астына, екіншісін арқаның жоғарғы бөлігі астына жіберіңіз.

  • «Үш» деп санағанда денені бұрып, пациент арқасының жоғарғы өзіңізге қарай тартыңыз.

  • Қолдар қалпын ауыстыру: бір қолды белге, екіншісін санның астына

қойыңыз.

  • «Үш» деп санағанда денені бұрып, пациент кеудесінің төменгі бөлігін өзіңізге қарай тартыңыз.

  • Қолдарды пациент тақымы мен аяқ басы астына қойып және «үш» деп санағанда, өзіңізге қарай жылжытыңыз.

  • Пациентке басын көтеріп, жастық салыңыз, қапталдағы белдікті көтеріңіз (егер ол болса).

  • Орын ауыстыру себебіне байланысты шараны орындаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]