Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Өлікті жайғастыру ережелері

Мақсаты: паталогоанатомиялық бөлімге (ПАБ) өлікті жіберуге

дайындау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың өлімі.

Дайындаңыз: сабынды, жеке сүлгіні, қолғапты, бинтті, ақ жайманы,

қаламсапты, ПАБ жолдама бланкілерін, контейнерді.

Іс-әрекет алгоритімі:

1. Қолыңызды жуып, жеке сүлгімен кептіріңіз. Қолғапты киіңіз.

2. Өлікті шешіндіріп, жастықсыз арқасымен аяқтарын жазылған күйінде жатқызыңыз.

3. Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз.

4. Өлікті ақ жаймамен жабыңыз, төсекте 2 сағатқа қалдырыңыз (биологиялық өлімнің белгілерін айқындау үшін).

5. ПАБ жолдама толтырыңыз (өліктің аты-жөнін, ауру тарихының нөмері, диагнозын, өлген күнін).

6. ПАБ-қа жіберер алдында өліктің санына (аты-жөнін, ауру тарихының нөмерін) жазыңыз.

7. Өлімнің анық белгілерін анықтаңыз: өлік дақтарын, сіресіп қатып қалуын, көз алмасының жұмсаруын (биологиялық өлімді анықтау).

8. Өлген адамның туыстарына хабарлаңыз.

9. Дәрігердің қатысуымен өліктен бағалы заттарын шешіп, тізімін құрастырыңыз. Оларды сақтауға аға мейірбикеге немесе туысарына қол қойып беріңіз.

10. Егерде бағалы заттарын шешуге мүмкіндік болмаса, онда ауру тарихына тіркеңіз.

11. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: үйде өлген науқастың өлімін учаскелік дәрігер анықтайды,

клиникалық диагнозын және өлу себебін көрсетілген анықтаманы береді.

115

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]