Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Көз майын қаттыстырып жағу

Мақсаты: емдік

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: көз майын (дәрігердің тағайындауы бойынша), (шыны көз қалақшаларын), дәке тампондары, мақта шариктерін, қолғапты, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, тюбиктің бүтіндігін анықтаңыз).

3. Шыны таяқшаның бүтіндігін тексеріңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

5. Науқасты ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, басын артына қарай шалқайтып, науқастың көз қарасы жоғарыға қарай бағытталған болу керек.

6. Оң қолға шыны қалақшаны алып, оның жалпақ шетіне майды жағып алыңыз. Ол бүтін қалақшаны жабу керек.

7. Шыны таяқшаны самай бетінен көздің ішкі бұрышына қарай жақындатыңыз (оң көзді сол қолмен, сол көзді оң қолмен).

8. Қалақшаны көзге көлденең орналастырыңыз, жалпақ шетімен кеңсірікке.

9. Сол қолға дәке тампонын алып, төменгі қабақты төмен тартыңыз және оған қалақшадағы майды көз алмасына қаттастырып салыңыз, ал бос беті қабаққа қарай бағытталуы керек.

10.Төменгі қабақты жіберіңіз, науқастан сәл қабақтарын қағуын сұраңыз.

11. Қабақтарын қағудан кейін самай бағыты бойынша қалақшаны алыңыз. Сәл қабақтарды уқалаңыз, май көздің шырышты қабығына бір қалыпты таратылуы тиіс.

12.Екінші көзіне де майды осы реттілікпен салыңыз.

13.Көз майын тікелей тюбиктен де салуға болады.

14.Сол қолыңызға дәке тампонын алып, төменгі қабақты тартыңыз.

15.Тюбикті көздің ішкі бұрышына ұстап, одан майды төменгі көздің сілемейлі қабығының іркістеріне сығып шығарыңыз, майдың цилиндрі ұзын бойына барлық қабаққа орналастырылады.

16.Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

17.Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, дәке тампондарын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

18.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Теріге майды жағу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілік майын,

залалсыздандырылған қалақты немесе шпательді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекег алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрілік препараттын жарамдылығын тексеріңіз (майдын атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).

3. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

4. Емшараны жүргізу үшін науқасқа қолайлы жағдай жасауға көмектесіңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

6. Науқасқа қажет мөлшердегі майды тюбиктен шпательге сығып шығарыңыз.

7. Шпательді қолдана отырып, теріге жіңішке қабатпен майды жағыңыз (оны қолмен жасамаңыз, кейбір майлар зақымдалмаған тері арқылыда сорылады).

8. Науқастан май жаққан тері бетін 10-15 минуттай ашық ұстауын сұраңыз.

9. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Шпательді зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

10.Теріні қарап, майдың сіңгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

11.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]