- •Медбикенің жұмыс орнындағы қауіпсіздігі
- •1.1 Сурет: а-жотасына жүктемені әр түрлі (сол жақта) және бірқалыпты (оң жақта) бөлу;
- •Қосымша көтеру құралдары және көтеру құрылғылары
- •Пациентті көтеру
- •1.4 Сурет. Пациентті сүйемелдеу әдістері пациентті «қолынан ұстау» әдісімен сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті «шынтақ көтерген кезде ұстау» әдісімен сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті «қолтық астынан ұстау» әдісімен сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті белден ұстап сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті жүрген кезде сүйемелдеу (бір медбикемен орындалады)
- •Пациенттің иықтары мен басын көтеру (бір медбикемен орындалады)
- •Кереуетте өзгерген биіктіктен «иықпен көтеру» әдісі (австралиялық көтеру) (екі не одан да көп адам орындайды, пациенттің көмектесуіне болады)
- •Өзгерген биіктіктен керілген ақжайма көмегімен пациентті кереуеттен көтеру (екі не одан да көп адам орындайды, пациент көмөк бере алады)
- •Енсіз кереуетте пациентті көтеру, бас жағына қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды)
- •Кең кереуетте пациентті көтеру, бас жағына қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды)
- •Өзгерген биіктіктен пациентті төселген жаялық көмегімен кереует шетіне қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды)
- •Пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды, пациент көмектесуіне болады)
- •Пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру (бір медбике орындайды, пациент көмектесуіне болады)
- •Бас жағы түсірілетін кереуеттің басына қарай пациентті ақжайма көмегімен орнын ауыстыру (бір медбикемен орындалады)
- •Дәрменсіз пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру (бір медбике орындайды)
- •Пациентті кереует шетіне орнын ауыстыру (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті қырымен жатқан қалпынан, аяқтарын түсіріп түрегеп отыру қалпына ауыстыру (бір медбике орындайды)
- •Пациентті кереуеттен отырғышқа (кресло-каталкаға) ауыстыру, екі не одан да көп адам «иықтан көтеру» әдісімен орындайды, (пациент отыра алады, бірақ өздігінен жүре алмайды)
- •Пациентті теңселту арқылы отырғыштан көтеру және креслоға (кереуетке) орнын ауыстыру, (бір медбике орындайды)
- •Пациентті кәдімгі кереуеттен каталкаға ауыстыру (және керісінше), үш адам орындайды
- •Пациентті аудару және оны қырына жату қалпында орналастыру. Биіктігі өзгеретін кереуетте орындалады (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті «ішімен жату» қалпында аудару және орналастыру, дәрігер тағайындауы бойынша бір медбике орындайды; пациент көмектесе алмайды
- •Науқасты фаулер қалпына жатқызу (жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)
- •Науқасты симса қалпына жатқызу (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)
- •Науқасты ішімен жатқызу
- •Науқасты арқасымен жатқызу
- •Науқасты қырымен жатқызу
- •Науқастың бойын өлшеу
- •Науқастың дене салмағын өлшеу
- •Науқастың көкірек шеңберін өлшеу
- •Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту
- •Душтың астында жуындыру
- •Гигиеналық ваннаны жүргізу
- •Науқасты тасымалдау
- •Қолды әлеуметтік деңгейде өңдеу
- •Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу
- •Қолды антисептикпен өңдеу
- •Залалсыздандырылған қолғапты кию
- •Қолғапты шешу
- •5% Гипохлорид кальций негізгі (маточный) ерітіндісін даярлау
- •Медициналық тағайындау бұйымдарын тазарту кезеңдері
- •I кезең медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру
- •II кезең құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу
- •Азопирам байқауы
- •III кезең медициналық тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру
- •Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу.
- •Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (ұзынынан жасалатын әдіс)
- •Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (көлденең әдіс) (екі медбикемен орындайды)
- •Науқастың ішкі киімдерін ауыстыру
- •Халі ауыр науқастың шашын күту
- •Мұрын қуысын күту
- •Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту
- •Науқасты ылғалдап сүрту
- •Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу
- •Қолдағы тырнақты қиып алу
- •Аяқтағы тырнақты қиып алу
- •Науқасты қырындыру
- •Халі ауыр әйелдің жыныс мүшесін жуу
- •Ер адамның жыныс мүшесін жуу
- •Дәрет ыдысын беру
- •Зәр қабылдағышты беру
- •Дәрет ыдысын, зәр қабылдағышты зарарсыздандыру /дезинфекциялау/
- •Халі ауыр науқасты тамақтандыру (қасық пен поильник арқылы)
- •Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі /зонд/ арқылы тамақтандыру
- •Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру
- •Гастростоманы күту
- •Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
- •Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны (қоспалы сұйық дәріні) қолдану
- •Тұрындыны, экстракты (шырсөл) қолдану
- •Науқасқа ұнтақты қолдану
- •Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану
- •Мұрынға дәрілік тамшы тамызу
- •Көзге тамшы тамызу
- •Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
- •Көз майын қаттыстырып жағу
- •Теріге майды жағу
- •Сеппе (присыпка) дәріні сыртқа қолдану
- •Пластырьді (жабысқақ дәрілік қыздырғышты) салу
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу
- •Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу
- •Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері
- •Инсулинді енгізу
- •Тері ішіне инъекцияны қою
- •Тері астына инъекцияны орындау
- •Бұлшық етке инъекцияны орындау
- •Көк тамырға иньекцияны орындау
- •Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау
- •Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін бір рет қолданылатын жүйені құрастыру
- •Вакуумды жүйе көмегімен веналық қанды алу
- •Лабораториялық зерттеуге саусақтан қан алу
- •Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу бір реттік шприцпен
- •Ылғалды қыздыру және дәрілік компрестерді қою
- •Ыстық ылғалды компресті қою
- •Салқын компресс қою
- •Жылытқышты қолдану
- •Мұзды мұйықты қолдану
- •Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу
- •Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды анықтау
- •Қан қысымын өлшеу
- •Дем алу қозғалысының жиілігін есептеу
- •Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау
- •Нечипоренко әдісімен зәрді жинау
- •Зимницкий бойынша байқауға зәрді жинау
- •Диастазаға зәрді жинау
- •Қантты анықтауға зәрді жинау
- •Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу
- •Іш құртыныңі жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу
- •Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу
- •Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу
- •Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау
- •Атиптік жасушаларға қақырықты жинау
- •Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау
- •Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
- •Жұтқыншақтан жағынды алу
- •Мұрын қуысынан жағынды алу
- •Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (әйелдерден)
- •Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу
- •Бактериологиялық зертеуге «ашық нәжістен» нәжісті шыны түтікке алу
- •Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті қоректі ортасы бар петри табақшасына алу
- •Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау
- •Науқасты колоноскопияға даярлау
- •Науқасты бронхоскопияға даярлау
- •Науқасты цистоскопияға даярлау
- •Науқасты ультрадыбыстьіқ зерттеулерге дайындау іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек
- •Науқасты ирригоскопияға дайындау
- •Асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге науқасты дайындау
- •Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру
- •Мұрын катетері арқылы ылғалды оттегіні беру
- •Тәуліктік диурезді және су балансын анықтау, есептеу
- •Асқазанды жуу
- •Тазарту клизмасын қою
- •Сифонды клизманы қою
- •Майлы клизманы қою
- •Тұзды (гипертониялық) клизманы кою
- •Дәрілік клизманы қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •Катетерді әйел жыныс мүшесіне қою
- •Ер адамның қуығын катетерлеу
- •Өкпе жүрек реанимациясы өлім жағдайдағы медбикенің іс-әрекет алгоритмі
- •Әлсіреген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету
- •Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін науқаска қамтамасыз ету
- •«Ауыздан ауызға» жасау әдісі
- •Өлікті жайғастыру ережелері
Тұзды (гипертониялық) клизманы кою
Мақсаты: ішектің созылып, керіліп, жиырылуын күшейту және мол сұйықтықтың ішек тесігіне жиналу арқылы жуан ішектің төменгі бөлігін нәжістен және желден босату.
Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейінгі кезеңде, атониялық іш қатуда, жуан ішектің шырышты қабығының қабыну процесінде, әр түрлі ішек ісінуінде.
Қарсы көрсетілімдері: жуан ішектің төменгі бөлігіндегі қабыну, ойық жара процесінде, анус аймағының сызатында, асқазан-ішектен қан кеткенде, қанаған геморройда.
Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: тұзды ерітіндіні (10% натрий хлорид 100-200 мл), алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, лотокті, қысқышты, салфеткаларды, клеенканы, шпательді, қолғапты, жаялықты, вазелин майын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
2. Кушетка үстіне клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз, науқасты кермемен қоршаңыз.
3. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
4. «Су» моншасында t-38°С дейін жылытылған 150-200 мл тұзды ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.
5. Жел шығаратын түтіктің ұшына вазелин майын 20-30 см ұзындығына жағыңыз.
6. Науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бугілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.
7. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
8. Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына жалғастырып, жаймен тұзды ерітіндіні енгізіңіз.
9. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.
10.Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарып алыңыз.
11.Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап қысып оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.
12.Аналь тесігі аймағын тазартыңыз.
13.Науқасты арқасына бұрылып жатуын сұраңыз. Науқастың қал жағдайын сұраңыз.
14.Ұштыкты, жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
15.Қолғапты шешіңіз.
16.Қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 17Қолыңызды, жуып кептіріңіз.
Дәрілік клизманы қою
Мақсаты: емдік: жуан ішекте орналасқан (жергілікті әсері) қабыну процесінде немесе ағзаға толығымен әсер ету (жалпы әсері) мақсатымен, басқа да әдістерімен дәрілерді енгізуге мүмкіншілігі болмаса тік ішек арқылы дәрілік затты енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: тік ішекке жергілікті әсер етуге (қантышқақ, бейспецификалық ойық жаралы колит), жалпы әсерін тигізу үшін құрысып-тырысуда, қозуда, дәрілік затты тік ішекке енгізу.
Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кетуде, жуан ішек және анус аймағындағы жедел қабыну немесе ойық жара процесінде. Тік ішектің қатерлі ісігінде, ас- қорыту жүйесіне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағының сызатында немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.
Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: 50-100 мл дәрілік ерітіндіні, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, вазелинді, клеенканы, халатты, ал жапқышты, су термометрін, шпательді, қолғапты, жаялықты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, қолғап, халатты, ал жапқышты киіңіз.
3. Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.
4. Дәрілік клизма қояр алдында 20-30 минут бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.
5. «Су» моншасында t-38°С дейін жылытылған 50-100 мл дәрілік ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.
6. Жел шығаратын түтіктін домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.
7. Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғы тізе буынан бүгілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.
8. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жел шығаратын түтіктің домалақ ұшын абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен анал тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
9. Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шпринінен алдын-ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтікке жалғастырып, дәрілік ерітіндіні жаймен жел шығаратын түтікке аз мөлшерде кішкене қысыммен еңгізіңіз.
10. Жел шығаратын түтіктің ұшына қысқышты салыңыз не қолмен қысыңыз.
11. Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесс Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарыңыз.
12. Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап кысып , оң қолымен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.
13. Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
14. Анал тесігі айналасын тазартыңыз.
15. Науқасты ескертіңіз: дәрілік клизма жасағаннан кейін, ол төсекте 1 сағаттай арқасымен немесе сол жақ қырымен жатуы қажет.
16. Халатты, ал жапқышты, қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: емшара алдында науқас қуығын босатуы керек, іш қатпасы болса алдымен тазалау клизмасы жасалауы тиіс.
