Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Қантты анықтауға зәрді жинау

Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.

Қолданукөрсетілімдері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.

Қажеттілерді дайындау: сыйымдылығы 3л және 200 мл таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты шыны таяқшаны, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, медбикенің қолы), қолғапты.

Іс- әрекет алгоритмі:

1.Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

2.Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет.

3.3литрлік банкада мөлшер белгісі қойылған (өлшемді флакон көмегімен 100 мл суды құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз 100, 200, 300 мл әрі қарай).

4.Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).

5.Қолғапты киіңіз.

6.3 литрлік банкідегі бөлінген бір тәуліктің ішіндегі зәрдің жалпы мөлшерін өлшеңіз.

7.3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.

8.100-150 мл зәрді 200 мл банкіге құйыңыз және жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз.

9.Жиналған зәрді клиникалық зертханаға апарыңыз.

10.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

Қалыптағы зәрде глюкоза іздің түрінде болады, 0,02% промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.

Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).

Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.

Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу

Мақсаты: нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу, ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу.

Қолдану: ас-қорыту мүшелерінің аурулары.

Қажеттілерді дайындау: таза құрғақ 20-50 мл кең мойынды ыдысты, судноны, шыны қалақшаны, жолдаманы жазып ыдысқа жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, медбикенің қолы), резеңке қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Зерттеу алдында науқасқа емшара барасы мен мақсатын түсіндіріңіз.

2.3 күн зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көкөністің барлық түрлері) тағам заттары шығарылады деп науқасқа мәлімет беріңіз. Нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және ішектің жиырылып, күшейтетін дәрі-дәрмектерді, магний, висмут, йод, бром бар дәрілік заттар беру тоқтатылады. 4-ші күні нәжіс зерттеуге алынады.

3.Қажет болған жағдайда, тамақтың сіңіру дәрежесін зерттеуге арнайы емдәмді қолданылады, дәл мөлшердегі анықталған азық-түлік жиынтығы (Шмидт және Повзнер емдәмі) нәжіс зерттеуге 5 күн қалғанда. 6-шы күні зерттеуге нәжіс алынады.

4.Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады.

5.Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекеттін науқасқа үйретіңіз:

- нәжісті жинар алдында науқас қолғапты киюі қажет;

- ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10 г нәжісті алады және даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабады.

6.Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып, құрғатады.

7.Ыдысты нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз.

Ескерту:

- тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дәрігердің тағайындауы бойынша Шмидт немесе Повзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленніп анықталған азық-түлік жиынтығы бар;

- клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]