Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Пациентті кереуеттен отырғышқа (кресло-каталкаға) ауыстыру, екі не одан да көп адам «иықтан көтеру» әдісімен орындайды, (пациент отыра алады, бірақ өздігінен жүре алмайды)

  • Пациентке шаранын орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіңіз және орындауға келісімін алыңыз.

  • Кереует қасына отырғыш қойыңыз, айналадағы жәйттерді бағалаңыз.

  • Пациентке кереует шетіне таман аяғын төмен түсіріп отыруға

  • көмектесіңіз.

  • Пациент бетіне қарап екі жағынан түрегеп тұрыңыздар.

  • Екі мейірбике де қолдарын пациент саны астына жіберіп, бірін-бірі «білезіктен ұстау» әдісімен /2.10 суретті қараңыз/ сандарды сүйемелдей ұстаңыз.

  • Екі медбике де иықтарын пациент иығының астына тірейді, ал ол қолдарын медбикелердің арқасына қояды.

  • Бос қолды шынтақтан бүгіп, онымен кереуетке тірейді.

  • Аяқтары алшақ, тізеден бүгілген.

  • Медбикенің бірі басқарады.

  • «Үш» деп санағанда тізелерін және шынтақтарын жазып түрегелгенде, пациентті көтереді.

  • Бос қолымен отырғышқа (кресло-каталкаға) жеткенше пациентті арқасынан сүйемелдеңіз.

  • Медбикенің әрқайсысы сүйемелдеген қолдарын креслоның шынтақ тіреуішіне не отырғыш арқалығына қояды, тізесі мен шынтағынан бүгіп пациентті отырғышқа жайлы отырғызыңыз.

  • Пациентті бірге бір сәтте отырғызғаныңызға көз жеткізіңіз.

  • Отырғыш кері шалқаламауы керек: медбикенің біреуі отырғыш арқалығын сүйемелдейді.

  • Пациентті отырғышқа қолайлы жайғастырыңыз.

ПАЦИЕНТТІ КЕРЕУЕТТЕН ШЫНТАҚ ТІРЕУІШІ, НЕ АРҚАЛЫҒЫ ЖОҚ

ОТЫРҒЫШҚА АУЫСТЫРУ, ЕКІ НЕ ОДАН ДА КӨП АДАМ

«ҚОЛЫ АРҚЫЛЫ ҰСТАУ» ӘДІСІМЕН ОРЫНДАЙДЫ,

(пациент отыра алады, бірақ өздігінен жүре алмайды)

  • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз. Орын ауыстырушылардың бәрін таныстырыңыз.

  • Кереуетті отырғыш биіктігімен теңестіріп, айналадағы жағдайды бағалаңыз.

  • Пациентке отыруға (аяқтары төмен түсірілмейді) көмектесіңіз.

  • Медбикенің бірі пациент артынан тұрады: бір тізесін кереуетке қояды және «қолы арқылы ұстау» әдісін орындайды.

  • Пациентті кереует шетіне жылжытады. Артқы жақтан еденге екі аяғымен тұрып, пациентті сүйемелдейді.

(2.32-сурет)

  • Екінші медбике отырғышты ыңғайлы етіп, кереуетке жақын, отырғышка отырғанда пациент кереуетке сүйене алмайтындай етіп қояды.

  • Осы медбике пациентке қарсы қарап түрегеп тұрады. Аяқтары тізеден бүгілген («жүресінен отыру» қалпы), бір аяғы алда.

  • Осы медбике қолдарын пациент тақымы астына қояды және «үш» деп санағанда, аяқтарды кереует шетіне сүйреп ауыстырады, ал екінші медбике оның кеудесінен көтереді және өз тізесін бүгіп, пациентті отырғышқа отырғызыңыз.

  • Пациентті отырғышқа жайлы отырғызыңыз.

Пациентті теңселту арқылы отырғыштан көтеру және креслоға (кереуетке) орнын ауыстыру, (бір медбике орындайды)

Егер пациент орнын ауыстыруға қатыса алса және басы мен қолдары қалпын бақылай алса; пациентті отырғыштан кресло- каталкаға немесе басқа отырғышқа 90° бұрышпен орнын ауыстыру қажеттігі болғанда қолданылады.

  • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

  • Айналадағы жағдайды бағалаңыз. Екі отырғышты қатар қойып, тежегіштерін бекітіңіз, отырғыштардың (креслоның) бүйіріндегі жақтауын алыңыз.

  • Пациентке қарап /бетін бері бұрып/ тұрыңыз.

  • Аяқтарды иық еніндей етіп қойып, бір аяқтың басымен пациент аяғын, екіншісімен – отырғыш аяғын тіреңіз.

  • Пациенттен иығы медбике кеудесіне жеткенше алға еңкеюі сұраңыз.

  • Аяқты алға қойып, пациентті екі жаққа теңселтіп, отырғыш шетіне ауыстырыңыз. Пациент тізесі 90 °С бұрыш деңгейінде, тізелері мен аяқ бастары бірге.

  • Бір аяқты пациентпен қатар қою, екіншісімен оның тізесін тіреңіз.

  • Өз денесінің салмағын алға-артқа ауыстырып, пациентті өзіңмен бірге ұстап, біртіндеп теңселту.

  • Пациентті «үш» деп санағанда сіз теңселту арқылы орнын оның тұруына көмектесетініңізді ескертіңіз.

  • Пациентті 90 °С бұрыш бағытында көтеріп, басқа креслоға (отырғышқа) орнын ауыстырыңыз.

Пациентті отырғыштан креслоға теңселту арқылы орнын ауыстыру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]