- •Медбикенің жұмыс орнындағы қауіпсіздігі
- •1.1 Сурет: а-жотасына жүктемені әр түрлі (сол жақта) және бірқалыпты (оң жақта) бөлу;
- •Қосымша көтеру құралдары және көтеру құрылғылары
- •Пациентті көтеру
- •1.4 Сурет. Пациентті сүйемелдеу әдістері пациентті «қолынан ұстау» әдісімен сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті «шынтақ көтерген кезде ұстау» әдісімен сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті «қолтық астынан ұстау» әдісімен сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті белден ұстап сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті жүрген кезде сүйемелдеу (бір медбикемен орындалады)
- •Пациенттің иықтары мен басын көтеру (бір медбикемен орындалады)
- •Кереуетте өзгерген биіктіктен «иықпен көтеру» әдісі (австралиялық көтеру) (екі не одан да көп адам орындайды, пациенттің көмектесуіне болады)
- •Өзгерген биіктіктен керілген ақжайма көмегімен пациентті кереуеттен көтеру (екі не одан да көп адам орындайды, пациент көмөк бере алады)
- •Енсіз кереуетте пациентті көтеру, бас жағына қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды)
- •Кең кереуетте пациентті көтеру, бас жағына қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды)
- •Өзгерген биіктіктен пациентті төселген жаялық көмегімен кереует шетіне қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды)
- •Пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды, пациент көмектесуіне болады)
- •Пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру (бір медбике орындайды, пациент көмектесуіне болады)
- •Бас жағы түсірілетін кереуеттің басына қарай пациентті ақжайма көмегімен орнын ауыстыру (бір медбикемен орындалады)
- •Дәрменсіз пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру (бір медбике орындайды)
- •Пациентті кереует шетіне орнын ауыстыру (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті қырымен жатқан қалпынан, аяқтарын түсіріп түрегеп отыру қалпына ауыстыру (бір медбике орындайды)
- •Пациентті кереуеттен отырғышқа (кресло-каталкаға) ауыстыру, екі не одан да көп адам «иықтан көтеру» әдісімен орындайды, (пациент отыра алады, бірақ өздігінен жүре алмайды)
- •Пациентті теңселту арқылы отырғыштан көтеру және креслоға (кереуетке) орнын ауыстыру, (бір медбике орындайды)
- •Пациентті кәдімгі кереуеттен каталкаға ауыстыру (және керісінше), үш адам орындайды
- •Пациентті аудару және оны қырына жату қалпында орналастыру. Биіктігі өзгеретін кереуетте орындалады (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)
- •Пациентті «ішімен жату» қалпында аудару және орналастыру, дәрігер тағайындауы бойынша бір медбике орындайды; пациент көмектесе алмайды
- •Науқасты фаулер қалпына жатқызу (жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)
- •Науқасты симса қалпына жатқызу (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)
- •Науқасты ішімен жатқызу
- •Науқасты арқасымен жатқызу
- •Науқасты қырымен жатқызу
- •Науқастың бойын өлшеу
- •Науқастың дене салмағын өлшеу
- •Науқастың көкірек шеңберін өлшеу
- •Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту
- •Душтың астында жуындыру
- •Гигиеналық ваннаны жүргізу
- •Науқасты тасымалдау
- •Қолды әлеуметтік деңгейде өңдеу
- •Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу
- •Қолды антисептикпен өңдеу
- •Залалсыздандырылған қолғапты кию
- •Қолғапты шешу
- •5% Гипохлорид кальций негізгі (маточный) ерітіндісін даярлау
- •Медициналық тағайындау бұйымдарын тазарту кезеңдері
- •I кезең медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру
- •II кезең құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу
- •Азопирам байқауы
- •III кезең медициналық тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру
- •Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу.
- •Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (ұзынынан жасалатын әдіс)
- •Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (көлденең әдіс) (екі медбикемен орындайды)
- •Науқастың ішкі киімдерін ауыстыру
- •Халі ауыр науқастың шашын күту
- •Мұрын қуысын күту
- •Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту
- •Науқасты ылғалдап сүрту
- •Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу
- •Қолдағы тырнақты қиып алу
- •Аяқтағы тырнақты қиып алу
- •Науқасты қырындыру
- •Халі ауыр әйелдің жыныс мүшесін жуу
- •Ер адамның жыныс мүшесін жуу
- •Дәрет ыдысын беру
- •Зәр қабылдағышты беру
- •Дәрет ыдысын, зәр қабылдағышты зарарсыздандыру /дезинфекциялау/
- •Халі ауыр науқасты тамақтандыру (қасық пен поильник арқылы)
- •Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі /зонд/ арқылы тамақтандыру
- •Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру
- •Гастростоманы күту
- •Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
- •Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны (қоспалы сұйық дәріні) қолдану
- •Тұрындыны, экстракты (шырсөл) қолдану
- •Науқасқа ұнтақты қолдану
- •Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану
- •Мұрынға дәрілік тамшы тамызу
- •Көзге тамшы тамызу
- •Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
- •Көз майын қаттыстырып жағу
- •Теріге майды жағу
- •Сеппе (присыпка) дәріні сыртқа қолдану
- •Пластырьді (жабысқақ дәрілік қыздырғышты) салу
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу
- •Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу
- •Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері
- •Инсулинді енгізу
- •Тері ішіне инъекцияны қою
- •Тері астына инъекцияны орындау
- •Бұлшық етке инъекцияны орындау
- •Көк тамырға иньекцияны орындау
- •Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау
- •Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін бір рет қолданылатын жүйені құрастыру
- •Вакуумды жүйе көмегімен веналық қанды алу
- •Лабораториялық зерттеуге саусақтан қан алу
- •Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу бір реттік шприцпен
- •Ылғалды қыздыру және дәрілік компрестерді қою
- •Ыстық ылғалды компресті қою
- •Салқын компресс қою
- •Жылытқышты қолдану
- •Мұзды мұйықты қолдану
- •Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу
- •Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды анықтау
- •Қан қысымын өлшеу
- •Дем алу қозғалысының жиілігін есептеу
- •Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау
- •Нечипоренко әдісімен зәрді жинау
- •Зимницкий бойынша байқауға зәрді жинау
- •Диастазаға зәрді жинау
- •Қантты анықтауға зәрді жинау
- •Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу
- •Іш құртыныңі жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу
- •Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу
- •Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу
- •Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау
- •Атиптік жасушаларға қақырықты жинау
- •Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау
- •Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
- •Жұтқыншақтан жағынды алу
- •Мұрын қуысынан жағынды алу
- •Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (әйелдерден)
- •Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу
- •Бактериологиялық зертеуге «ашық нәжістен» нәжісті шыны түтікке алу
- •Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті қоректі ортасы бар петри табақшасына алу
- •Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау
- •Науқасты колоноскопияға даярлау
- •Науқасты бронхоскопияға даярлау
- •Науқасты цистоскопияға даярлау
- •Науқасты ультрадыбыстьіқ зерттеулерге дайындау іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек
- •Науқасты ирригоскопияға дайындау
- •Асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге науқасты дайындау
- •Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру
- •Мұрын катетері арқылы ылғалды оттегіні беру
- •Тәуліктік диурезді және су балансын анықтау, есептеу
- •Асқазанды жуу
- •Тазарту клизмасын қою
- •Сифонды клизманы қою
- •Майлы клизманы қою
- •Тұзды (гипертониялық) клизманы кою
- •Дәрілік клизманы қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •Катетерді әйел жыныс мүшесіне қою
- •Ер адамның қуығын катетерлеу
- •Өкпе жүрек реанимациясы өлім жағдайдағы медбикенің іс-әрекет алгоритмі
- •Әлсіреген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету
- •Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін науқаска қамтамасыз ету
- •«Ауыздан ауызға» жасау әдісі
- •Өлікті жайғастыру ережелері
Іш құртыныңі жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу
Мақсаты: нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу.
Қолдану көрсетілімдері: гельминтоздар түрлерін және ішек құртын анықтау.
Қажеттілерді дайындау: 20-50 мл кең мойынды құрғақ таза ыдысты, судноны, горшокты, қалақшаны (ағаш, шыны), жолдама жазып, флаконның сыртына желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, медбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.
2.Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу болар алдында дайындықсыз таңертең нәжісті жинауды.
3.Нәжіс жинау іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз:
- науқас нәжіс жинар алдында қолғапты киюі қажет;
- үлкен дәретке сусыз судноға отырған соң, нәжістің әртүрлі үш жерінен 30-50 г нәжісті қалақшамен алып, даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабады.
4.Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып және құрғатуы қажет.
5.Ыдыстың ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық лабораторияға апарыңыз (30 минут) кешіктермей.
Ескерту: құртқа қарсы дәрілерді қабылдаған күндері емді бақылау үшін зерттеуге нәжістің барлық үлесін жинайды.
Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу
Мақсаты: ас қорыту жолдарынан жасырынды қан ағуды айқындау.
Қолдану көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарындағы ойық жара, қабыну және қатерлі ісік процестері.
Қажеттілерді дайындау: 20-30 мл кең мойынды құрғақ таза ыдысты, жолдама жазып, флаконның сыртына желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, медбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. Алда болатын анализге дейін науқас 3 күн бойы арнайы диетада болуы қажет. (рационынан ет, балық, көкөністің барлық түрлері, граната, қызанақ, жұмыртқа, қызылша, құрамында темір, магний, висмут, йод, бром бар дәрілік заттар, сол сияқты карболен шығарылады).
2.Науқасқа түсіндіріңіз, нәжіс зерттейтін күні таңертең алынады.
3.Науқастан немесе жанұя мүшелерінен біліңіз, басқа жақтан қан кету көзі болмағанын анықтаңыз (тістің қызыл етінен қан кетуін, қан қақыру, тік ішек айналуы, етек кір), болған жағдайда жалған нәтиже береді.
4.Егерде жауап дұрыс болса нұсқау беріңіз, нәжіске қанның түспеуін болдырмайтын:
- 3 күн бойы тісін щеткамен тазалауға болмайды;
- егер науқастың мұрынынан немесе геморройынан қан кету болса, онда зерттеу жүргізілмейді.
5.Науқасқа нәжісті жинау іс-әрекетін түсіндіріңіз.
6.Нәжіс жинау алдында резеңке қолғап киіңіз.
7.Науқасқа түсіндіріңіз, ішті босату унитазда емес, сусыз дәрет ыдысында (суднода) болу керек екенін.
8.Үлкен дәретке отырған соң 5-10 г нәжісті алып, даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабыңыз.
9.Ыдысты ішіндегі нәжіспен лабораторияға жіберіңіз.
10.Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
11.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу
Мақсаты: диагностикалық: 12-елі ішектің және өт қалта ішіндегі өтті зертханалық зерттеуге алу, қысқартылатын сипатын зерттеу және өт қалтасы қызметінің шоғырландырып сақталуын және қысқыш (айналшық, сфинктер) жағдайын бағалау; емдік - өт қабының моторлы қызметі төмендегенде өтті сорып алу (өт қабының қабынуы әлсіздігінде, холестатикалық гепатитінде), дәрі- дәрмектерді енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: өт қалтасының, бауыр, өт шығару жолдарының аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары, өңеш тамырының кеңеюі, порталды гипертензия қатерлі ісіктің қаңсырауы, асқазан және 12-елі ішек ойық жарасы, өкпе-жүрек жетіспеушілігінде, жедел холецистит және панкреатит, бронхиалды астма және т.б.
Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: ұлтабар сүңгісін, Жане шприцін, 20 мл шприңті, лотокті, штативті белгіленген пробиркаларымен, қысқышты, сүлгіні, салфеткаларды, қолғаптарды, жылытқышты, жұмсақ көпшікті, аласа орындықты, өт қабығының қоздырғыштарын - 33% магний сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісі 40-50 мл немесе өсімдік майы 20-25 мл t-40-60°С жылытылған, 8-10 тамшы 0,1% атропин ерітіндісін, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Зерттеу таңертең ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіңіз.
2. Науқасқа емшара тәртібі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
3. Зерттеу алдында 18 сағаттан кешіктірмей кеште науқасқа жеңіл тамақ беріңіз.
4. Науқасқа ұйықтар алдында 2 таблетка спазмолитиктер немесе балы бар шайды беріңіз, оң жақ қабырға асты аймағына жылытқышты қойыңыз.
5. Емшара алдында науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұраңыз (егерде болса).
6. Науқасты орындыққа дұрыс және ыңғайлы, яғни арқасы орындықтың арқасына тығыз болуын, науқастын басын сәл алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз.
7. Науқастың кеудесіне сүлгіні жабыңыз.
8. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.
9. Залалсыздандырылған ұлтабар сүңгісін пинцетпен алып, сүңгі оливасының канюлясына орнықтылау сапасын тексеріңіз (тұрақты).
10.Науқас жұтатын сүңгінің ара қашықтығын өлшеңіз:
- бірінші белгі төменгі күрек тістен кіндікке дейін;
- екінші белгі науқастың ашылған бір алақанындай арақашықтықты қосыңыз.
11.Оң қолға сүңгіні олива жағынан 10-15 см қашықтықта қалам ұштай алып ұстаңыз, ал сол қолмен оның бос шетін ұстаңыз.
12.Науқастан аузын ашуын сұрап, ылғалдатылған оливаны тілдің түбіріне салып, науқасты мұрынмен терең дем алуын сұраңыз, жұту қозғалысын бір мезгілде жасап сүңгіні бірінші белгіге дейін енгізіңіз (егерде науқас жөтелсе, онда жылдам сүңгіні шығарып алыңыз). Сүңгінің бос шетін кыскышпен қысыңыз.
13.Асқазан ішіндегі сүйықтықты шприцпен сорып алу арқылы, асқазандағы сүңгінің қалпын тексеріңіз.
14.Науқас 10-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, сүңгіні екінші белгіге дейін ақырындап жұтуын сұраңыз.
15.Науқастың басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына қойып, оған тізесінен аяғын бүгуін сұраңыз, жамбастың астына жұмсақ жастықты салыңыз, осындай жату калпында оливаның асқазан қақпашығынан өтуін жеңілдетеді, оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты салыңыз.
16.Наукастың бас жағында кушетканың қасындағы аласа орындықка штативті пробиркалар қойыңыз.
17.Қысқышты босатып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз.
18.Асқазаннан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық кышқылды қосындысы бар сөл), сосын 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық-сары сұйықтық, сілтілі қосындысы жиналады (ұлтабардағы өт «А» үлесі). Сүңгінің ұшына қысқышты салыңыз.
19.Науқасты арқасына жатқызып, қысқышты алыңыз және Жане шприцімен 30-50 мл жылы магний сульфат ерітіндісін (немесе басқа да өт қабығының қоздырғыштары) сүңгі арқылы енгізіп, сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа кысып қойыңыз.
20.Науқасты оң жақ қырына жатқызып, қысқышты босатып алып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз, бұған қою, қоңыр - зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі (өт қабығындагы өт «В» үлесі).
21.Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз, мөлдір алтын-сары түсті сұйықтық пайда болғанда (бауыр өті «С» үлесі) алынады. Сүңгі арқылы 300 мл жылы газсыз минеральды суды енгізіңіз.
22.Салфеткамен сүңгіні шығарып алып, зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
23.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
24.Қолданылған қолғапты, салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
25.Әрбір үлестері бір пробирканы белгілеп, жолдаманы толтырып, зертханаға жіберіңіз.
26.Науқасты палатаға апарып, 1,5-2 сағаттан кейін тамақтандырыңыз.
Ескерту:
- емшара барысында шығарылған сілекейді салфеткаға түкіру қажет;
- зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын, іш кептіретін тағамдарды алып тастау ұсынылады (қырыққабат, картоп, сүт, майлы және қуырылған тағамдар);
- асқазандағы сүңгі қалпын шприцпен сорып алу арқылы тексереді. Шприцке лайланған сұйықтық қышқыл қосынды түседі. Егерде шприцке сүйықтық түспесе, онда сүнгінің асқазанда оралып қалғаның айтады. Сүңгіні аз ғана тартыңқырап және оны науқасқа қайта жұтынуын ұсыңыңыз;
- асқазандағы сүңгі оливасының қалпын шприц арқылы ауаны сүңгіге енгізіп тексереді және сүңгі оливасы асқазанда болса, онда науқас ауаның түсуін сезінеді, ерекше «құрылдаған» дыбыс естіледі;
- бактериологиялық зерттеуге өт, залалсыздандырылған үш пробиркаға АВС үлестерімен алынады;
- егерде ұлтабарды сүңгілеу лямблия құртын табу мақсатында жүргізілсе, онда түнде жылтқыш қойылмайды;
- зертханаға үлестер жылы күйінде апарылады, ол үшін стакандағы жылы суға пробирканы салып қояды.
НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ АСКАЗАНДЫ ФРАКЦИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖІҢІШКЕ СҮҢГІМЕН СҮҢГІЛЕУДІ ЖҮРГІЗУ
Мақсаты: диагностикалық: асқазан ішіндегі сөлді алу, асқазанның секреторлы, қышқылды бөлу және қозғалыс қызметтерін зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: диагностикалық: қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуінде асқазанның қызметін анықтау.
Қарсы көрсетілімдері: өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагит, асқазан ойық жарасының өршу кезеңі, порталды гипертензия стенокардия, бронхиальді астма, гипертония, жүктіліктің 2 жартысы, науқастың халі ауыр жағдайы.
Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүңгісін, таза лотокті, асқазан сөлі үлестерін бөлек-бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдысты (белгіленген банка немесе пробиркалар), 20 мл шприцті, қысқышты, сүлгіні, қолғапты, клеенкалы алжапқышты, салфеткаларды, парентеральды тітіргендіш ас - 0,1% гистамин ерітіндісі немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі, лабораторияға жолдама жазыңыз, оған науқастың аты жөні, бөлімшесі, палатасы, зертеу күні, үлестердің нөмері көрсетіледі.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Зерттеуді таңғы уақытта аш қарынға жүргізіңіз.
2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
3. Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ыңғайлы және дұрыс отырғызыңыз, оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз. Басын сәл алдына қарай еңкейтіңіз.
4. Науқастың кеудесін, ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз, ал мойынына және кеуде үстіне сүлгіні жабыңыз.
5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.
6. Ағатын сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокты беріңіз.
7. Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз.
8. Сүңгінің жұтатын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық - бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз - екінші белгі).
9. Залалсыздандырылған сүңгіні пакеттен пинцетпен алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.
10.Залалсыздандырылған сүңгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз, ал сол қолмен екінші ұшынан ұстаңыз.
11.Науқасты ауызын ашуын сұраңыз, суландырылған сүңгінің саңылаулы ұшын тілдің түбіріне салып сосын терең жұтқыншаққа қарай енгізіңіз.
12.Науқастың мұрын арқылы терең дем алуын жұтыну қозғалысын жасап, сүңгіні өңешке және асқазанға қарай қажетті белгіге дейін енгізіңіз (егерде науқас жөтелсе онда тез арада сүңгіні шығарып алыңыз).
13.Науқасқа ескертіңіз, сүңгіні тісімен қысуға болмайды және сілекейін жұтпай сүлгіге түкіріп тастауы керек.
14.Сүңгінің бос ұшына шприцті қосыңыз.
15.Ашқарындағы асқазан сөлін алыңыз (№ 1 үлес - «ашқарындағы» сөлдену).
16.Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып асқазан сөлін алыңыз (№ 2, № 3, № 4, № 5 үлестік - «өзекті» сөлдену).
17.Асқазан сөлін бөлетін парентеральды тітіргендіргішті енгізіңіз: 0,1% 0,01 мг гистамин ерітіндісін тері астына немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі 1 кг дене салмағы есебіне 6 мкг.
18.10 минуттан кейін 10 мл асқазан сөлін алыңыз (№ 6 үлес).
19.Тағы да 15 минуттан кейін барлық асқазан сөлін алыңыз (№ 7 үлес).
20.Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып, асқазан сөлін алыңыз (№ 8, № 9, № 10, № 11 - үлестері «ынталандару» сөлдену).
21.Салфетканың көмегімен асқазаннан сүңгіні шығарып алыңыз, науқастың аузын шайқаңыз, ауыз айналасы терісін салфеткамен сүртіңіз.
22.Қолданылған сүңгіні, қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
23.Барлық 11 үлестердегі асқазан сөлін жолдамамен бірге және қоздырғышын көрсетіп зертханаға жіберіңіз.
Ескерту: едәуір мөлшерде қан көрінсе онда зерттеуді тоқтату қажет.
Асқынулар: асқазаннан қан кету, талып қалу, коллапс және т.б.
