Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Пациентті кәдімгі кереуеттен каталкаға ауыстыру (және керісінше), үш адам орындайды

Қолдану көрсетілімдері: отадан кейінгі кезеңде немесе шарасыз пациентті ауыстыру,

  • Каталканы кереует шетіне 60 °С шамасындай етіп (аяқ жағынан) қойыңыз.

  • Каталка мен кереует тежегіштерін бекітіңіз.

  • Үш адам да бірдей кереует бойымен тұрады:

  • ең күшті медбике ортада тұрады (физикалық күш ортаға түседі) ;

  • бір аяқ алға шығарылады, тізе бүгіледі, ал екінші аяғы кері артқа қойылады.

  • Қолды шынтаққа дейін пациент астына жіберіледі:

  • бас жақтағы медбике пациенттің басын көтереді, иықты және арқаны жоғарғы бөлігін сүйемелдейді;

  • ортадағы медбике арқаның төменгі бөлігін және бөксені сүйемелдейді;

  • пациент аяғы жағындағы медбике санды және балтырды сүйемелдейді.

Ескерту. Егер пациент өте ауыр болса, адам көбірек керек, онда жүктеме қайта бөлінеді.

  • Пациентті көтеру:

  • лидер командасы бойынша «үш» дегенде өз денеңіздің салмағын артқа қойған аяққа ауыстырылады;

  • пациенті біртіндеп кереует шетіне тартылады;

  • сәл үзіліс беріледі;

  • қайтадан «үш» деп команда берілгенде, пациентті өздеріне қарай ауыстырып, қыса ұстап ол көтеріледі, тізелер және арқа жазылады (пациентті жазылған қолмен ұстамау керек!).

Пациентті кәдімгі кереуеттен каталкаға және керісінше ауыстыру

  • Каталкаға бетімен бұрылу үшін сәл артқа жүру:

  • аяқ тұсындағы медбике қадамдары кеңдеу алады;

  • пациент басын мен иығын және арқасын ұстаған медбике каталкаға бетімен бұрылады, оның қадамдары кеңдігі аз.

  • Каталкаға қарай жүріп.

  • «Үш дегенде тізелерді бүгіп, еппен пациентті каталкаға түсіріңіздер.

ПАЦИЕНТТІ ҚЫРЫНА “БӨРЕНЕНІ БІРГЕ АУДАРУ” ЖӘНЕ ОСЫ ҚАЛЫПТА ОРНАЛАСТЫРУ

Қолдану көрсетілімдері: ішкиім ауыстырғанда; қырына жатуға орналастырғанда; басқа ауыстырудың алдыңғы сатысы.

  • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз;

  • Пациенттің жағдайын және айналадағы жәйттерді бағалаңыз.

  • Кереует тежегіштерін бекітіңіз.

  • Көмекшінізден өзіңізбен қатар тұруын сұрайсыз.

  • Басының астындағы жастықты алып, бас жаққа қоясыз.

  • Өз қолыңызды пациент басы мен иығы астына қоясыз.

  • Көмекшіңізден қолдарын пациент саны астына қоюын сұрайсыз.

  • Бір аяғыңызды екіншісінің алдына қойыңыз, «үш» деп санағанда кері теңселіп алып, дененің салмағын артқы аяққа ауыстырасыз және пациентті кереует шетіне жақындатасыз.

Пациентті қырына бөренені бірге аударылу әдісімен аудару

  • Кереуетті төмен түсіріп, бір тізені кереует үстіне тізерлеп (протекторға) қойыңыз, екінші аяғы нық тығыз еденде тұрады.

  • Көмекшіңізбен кереуеттің екінші жағына шығыңыз. Жастықты пациент аяқтары арасына салыңыз, ал қолдары кеуде алдына айқастырылсын.

  • Медбикенін екеуі де кереует шетіне протектор қойып, бір тізесін осы протектор үстіне қояды.

  • Бір қолы пациенттің иығына, екіншісі — пациенттің жамбасына қойылады, көмекші де қолдарын пациент саны мен балтырына қояды.

  • «Үш» деп санағанда пациентті бетімен өзіңізге қарай аударасыз, басын, арқасын және аяқтарын сүйемелдеп бір сызық бойында ұстайсыз.

  • Жоғарғы аяғы сәл бүгіледі.

  • Жастық пациенттің аяқтары арасында екеніне көз жеткізесіз.

  • Астында жатқан аяқ табанына тірек қоясыз.

  • Осы қалыпты сақтау үшін, міндетті түрде пациент арқасы астына жастық қоясыз.

  • Сол сияқты жоғарыда жатқан қолы астына жастық қоясыз.

  • Мүмкін болса, кішкене жастық пациент басының астына салынады.

  • Пациентті жабыңыз.

  • Бүйірдегі белдемелерді көтеріңіз.

  • Пациент өзін жайлы сезінетініне көз жеткізіңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]