Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру

Гастростома - асқазан мен іш пердесінің алдынғы қабырғасын жалғастыратын асқазан тесігі.

Тыртықталып тарылу, жаңа өспе, күю немесе жарақаттану салдарынан болатын өңеш түйнелісі бар науқастардың асқазанына тесік жасалады. Гастростома арқылы енгізілген түтік бойынша науқасқа тамақтандыру жүргізіледі.

Өте сирек, асқазан арқылы тамақтандыру мүмкін болмаса, онда аш ішекке ұқсас тесік - еюностома салынады. Екі жағдайда да қуысты мүшеге (асқазан, аш ішек) іш пердесінің алдынғы қабырғасына тігілген, резеңке түтік енгізіліп, іш пердесінің алдынғы қабырғасына - тігіспен немесе ұзындығы 15-16 см жалпақ жабысқақ пластырьмен бекітіледі.

Лапаратомиялық жараның негізіне жақындатып тас жабық тігілген түтік енгізіледі. Таңуды жасаған уақытта қадағалау қажет. Екі жараның арасында жанасу болмау керек, неге десең лапаротомиялық жара бірден оң бітумен жазылуы керек, ал түтік шығарылған жерде біраз уақыт өткен соң ұлпаларды бөгде затпен тітіркендіру нәтижесінде резеңке түтік іріңдей бастайды. Кейде түтік жанында ішперде қабырғасындағы канал бойынша асқазан және ішек ішіндегі заттар өтеді.

Тану процесінде түтіктің қалпын ұқыпты қадағалау қажет. Түтікті бекіткенде әсіресе жалпақ бинтті ауыстырған уақытта. Оны орнында ұстап тұруды. Егерде түтік түсіп қалса, онда тез дәрігерге хабарлау қажет. Күтімнің қиындығы мынада, гастростома және еюностома айналасында тері былжырайды.

Мақсаты: науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: ас қорыту жолының ауыз қуыс-асқазан учаскесінің өткізгіштігінің бұзылуының барлық жағдайлары; жақ-бет операциясы және жарақаты; ауыз қуыс, жұтқыншақ және өңештің жарақаттануы; бас-ми, жарақатында қатерлі ісіктерде зақымдануында жұтынудың бұзылуы; өңештің күйгінде.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: шыны құйғыны, резеңке түтікті, сүрткілерді (500 мл көлеміндегі) ыдысты сұйық тамақпен 35-45°С дейін жылытылған, қысқышты, жабысқыш пластырді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2.Науқасты алда болатын тамақтандыруға дайындаңыз.

3.35-45°С дейін жылытылған жартылай сұйық тамақты даярлаңыз.

4.Науқасқа жоғаргы Фаулер қалпын беріңіз.

5.Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

6.Резеңке түтіктен кіретін тесікті жабатын салфетканы және қысқышты алыңыз.

7.Резеңке түтікке шыны құйғыны жалғастырыңыз.

8.Құйғыны сәл қырына науқасқа қарай еңкейте отыра, жоғары көтеріңіз.

9.Даярланған тамақты аз порциямен асқазанға құйғы арқылы енгізіңіз.

10.Шайді ішкізіп болған соң құйғыны және резеңке түтікті жуыңыз.

11.Құйғыны алып, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

12.Резеңке түтіктің шетіне залалсыздандырылған сүрткіні салыңыз, қысқышпен қысыңыз.

13.Гастростомаға күтімді жүргізіңіз (гастростоманы күту стандартын қараңыз).

14.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Гастростоманы күту

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейнгі жағдай.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 3-4 дана пинцеттерді, Кунер қайшысын, таңғыш материалды, қолғапты, лотокті, Жане шприцін, 0,5% калий перманганат ерітіндісі бар флаконды, шпательді, жылытылған түрдегі Лассар пастасын; лейкопластырді, пайдаланған таңғыш материалдарға арналған лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекег алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Ұзындығы 15-16 см кем емес кішкене жабысқыш пластырьді даярлаңыз, түтікті терінің үстінен ораңыз және науқастың терісіне пластырдің шетін желімдеңіз.

4. Тесіктің айналасындағы теріні 0,5 % калий перманганат ерітіндісімен суландырған мақта шаригімен тазартыңыз, құрғақ шарикпен мұқият кептіріңіз.

5. Қалың қабатты жылытылған Лассар пастасын шпательмен тесіктің айналасындаы теріге жағыңыз.

6. Пастаның үстінен «кішкене ыштан» түрі бойынша кесілген залалсыздандырылған салфеткаларды салыңыз (1-салфетканын кесілген жағы төмен, 2-кесілген жағы жоғары, 3-сол жағы, 4-оң жағы).

7. Залалсыздандырылған салфетканың үстінен ортасында тесігі бар үлкен салфетканы салыңыз (түтікті шығару үшін).

8. Үлкен салфетканың тесігі арқылы шығарылған резеңке түтікті жолақ бинтпен тығыз бел айналасына, белбеу сияқты екі түйінге байлаңыз. Осы белбеуді екінші жолақ бинтпен бекітіңіз.

9. Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

10.Қолғапты шешіңіз, қолғапты, таңғыш материалды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

11.Таңуды жасап болған соң түтіктің өткізгіштігіне және асқазанга баратынына көзіңізді жеткізуіңіз қажет, ол үшін Жане шприцімен немесе құйғыш арқылы түтікке аз мөлшерде залалсыздандырылған ерітінді қүйылады. Егерде түтіктен өтпесе немесе резеңке түтік тесіктен түсетін болса, онда дәрігерге хабарлауыңыз қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]