Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Науқасты қырындыру

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: қалі ауыр жағдайдағы науқас.

Қарсы көрсетілімдері: беттің жарақаты.

Қажеттілерді дайындау: суға арналған ыдысты, компресс жасауға арналған салфетканы, сүлгіні, қырынуға арналған станокты, жаққышты, қауіпсіз ұстараны, қырынуға арналған сықпаны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қолғаптарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғаптарды киіңіз.

2. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

3. Үлкен салфетканы ыстық суға салып (40°-50°С) ылғалдатып, сығып оны науқастың бетіне 1 минутқа қойыңыз, сосын оны алыңыз.

4. Науқастың бет терісіне қырынуға арналған сықпаны арнайы жакқыш көмегімен жағыңыз.

5. Терісін тартыңқырап ұстараның бағытынан кері бағытқа жылжытып, науқасты қырындырыңыз.

6. Науқастың бетін ылғалды салфеткамен сүртіңіз, сосын құп-құрғақ қылып құрғатыңыз.

7. Қырындырған заттарды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, қолғапты және салфеткаларды ҚЖАК салыңыз.

8. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Халі ауыр әйелдің жыныс мүшесін жуу

Мақсаты: жыныс мүше аймағын тазалықта ұстау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр бөліп шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын-алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр халі.

Қажеттілерді дайындау: жылы (t-37-380С) әлсіз калии перманганат ерітіндісі, 1: 5000 фурациллин ерітіндісі немесе жылы суы бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасы, корнцангті, залалсыздандырылған салфеткаларды, клеенканы, дәрет сауытын (судноны), қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, клеенкалы алжапқышты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2.Науқас әйелді кермемен оңашалаңыз.

3.Науқас әйелдің жамбасының астына клеенканы, жаялықты төсеңіз, оның үстіне дәрет сауытын қойыңыз.

4.Науқасқа шалқасынан жатуға көмектесіңіз, аяқтары тізесінен бүгіп, аздап екі жаққа ажыратыңыз.

5.Ішінде жылы суы (антисептикалық ерітіндісі) бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын дайындаңыз.

6.Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Халаттың үстіне клеенкалы алжапқышты және қолыңызға қолғаптарды киіңіз.

7.Науқас әйелдің оң жағында тұрып, құмыраның немесе Эсмарх крушкасының ұштығын сол қолыңызға ұстап, ал оң қолыңызға дәке салфекткасы қыстырылған корнцангті ұстап, антисептикалық ерітіндіні немесе жылы суды сыртқы жыныс мүшелеріне құйыңыз, ал салфекткамен жоғарыдан төмен қарай (қасағадан аналь тесігіне қарай) қимыл жасап, сүрте жуыңыз. Сыртқы жыныс мүшелерін келесідегідей ізбе-ізділікпен жуыңыз: қасаға аймағы, бұтаралығы аралығы және үлкен жыныс ернеуі, кіші жыныс ернеуі, аналь тесігі аймағы, әрбір қозғалыс жоғарыдан төмен түскен қимылдардан кейін сүрткілерді ауыстырып отырыңыз.

8.Құрғақ сүрткімен жыныс мүшелерін және бұтаралықтың терісін тура жоғарыдағыдай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіңіз.

9.Базданудың алдын-алу үшін салфекаға салынған вазелин майын немесе басқа заттарды шат іркестеріне және аналь тесігі аймағына жағыңыз.

10. Корнцангты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа, судноны өзіне белгілеген зарарсыздандару ертінідісі бар ыдысқа салыңыз және клеенканы жинап алып, 2 қайтара арасы 15 минуттан зарарсыздандыру ерітіндісімен сүртіңіз.

11. Қолданылған салфекаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12. Қолғаптарды шешіңіз, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

13. Науқасты көрпемен жауып қойыңыз.

12. Кермені жинап алыңыз.

13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]