Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Көзге тамшы тамызу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: лотокті, дәке тампондарын, дәрілік ерітіндіні (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрінің сыртқы түрін бағалаңыз). «Су» моншасында 36-37 С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.

3.Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

5.Науқасты бетін жарыққа қаратып, басын аздап қана артқа қарай шалқайтып отырғызыңыз немесе шалқасынан көпшіксіз жатқызыңыз.

6.Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған көз тамшыларын қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз және тамызғанда оның қабырғасын басыңыз.

7.Оң қолыңызбен тамызғышты ұстаңыз.

8.Сол қолыңызға дәке тампонын ұстап, көздің төменгі қабағын төменге қарай тартыңыз және науқасқа жоғары қарауын сұраңыз.

9.Дәрілік ерітіндінің бір тамшысын көздің астыңғы қабына, кірпікке және қабаққа тамызғышты тигізбей, көздің ішкі бұрышына жақынырақ, тамызғышты көзден 1,5см қашықтықта ұстап тамызыңыз.

10.Науқас көзін ақырын ғана жауып, көз алмасын айналдыруын сұраңыз (дәрілік ерітінді ақпауы тиіс) бірнеше секундтан кейін, екінші тамшыны осы көзге тамызыңыз.

11.Көздің ішкі бұрышында қалған тамшыны тампонмен сүртіңіз.

12.Екінші көзінде тамшыны сол реттілікпен тамызыңыз.

13. Пайдаланған дәке тампондарын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

14.Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:

- екі тамшыны бір көзге бір мезгілде тамызғанда әдетте 1 тамшы ағады;

- бір науқасқа тамызғыштың саны дәрілік ерітіндінің санымен байланысты: әрбір дәрі үшін жеке тамызғыштар болуы керек;

- егер де көзде іріңді бөліністер бөлінсе, әуелі көзді жуыңыз, сосын дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.

Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша құлақтағы ауру сезімі және қабыну процессі.

Қажеттілерді дайындау:залалсыздандырылған: лотокты, тамызғышты, мақта шариктерін және турундаларын, дәрілік ерітінділерді (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз; дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

3. «Су» моншасында 36-37°С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

5. Науқасты отырғызыңыз немесе қырына қаратып жатқызыңыз.

6. Науқастың басын сау қырына қарай бұрыңыз.

7. Құлақтан бөлініс болса, құлақ жолын мақта турундасымен тазалаңыз.

8. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған құлақ тамшысын қолданғанда, оны төңкеріп аударып, тамызғанда оны қабырғасынан қысыңыз.

10.Оң қолға тамызғышты ұстап, дәрілік ерітіндіні оған сорып алыңыз.

11.Сол қолмен науқастың құлақ сырғалығынан артқа қарай және жоғары қарай тартып, ал оң қолмен тамызғышты ұстап құлаққа 2-3 тамшы дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.

12.Сыртқы құлақ ішіне тамызғышты немесе флаконның тамызғышын енгізбеңіз.

13.Науқастың сыртқы құлағына мақта шаригін енгізіп, 1,0-1,5 минуттай басын еңкейген қалыпта ұстап тұруын сұраңыз, кейін осы құлақты залалсыздандырылған мақтамен сүртіңіз.

14.Құлақ пердесіне тамшының жанасуын күшейту үшін құлақ қалқанын бірнеше рет саусағыңызбен басыңыз.

15.Науқастың басын ауыратын құлақ жағына енкейтіңіз, құлақ жолын мақта шаригімен құрғатыңыз.

16.Қолғапты шешіңіз.

17.Пайдаланған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

18.Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]