Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау

Мақсаты: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.

Қажеттілерді дайындау:

- таза құрғақ, кең ауызды 50-100 мл банкіні;

- банкінің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палатасының №, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні);

- 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы 37°С.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның рұқсатын алыңыз.

2. Қақырық таңертең (ашқарынға) ерте асқа дейін алынады.

3. Науқастан сұраңыз:

- таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;

- тұп-тура қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;

- тік тұруды немесе тік отыруды;

- қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында банкіні ұстауды; оған жанаспай, терең дем алуды және дем шығаруды жасап, сосын жөтелуді; қақырықты 3-5 мл мөлшерде банкіге жинаңыз;

- қақырығы бар банкіні қақпақпен жабыңыз.

4. Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде зертханаға жіберіңіз.

Ескерту:

- егерде жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-ден аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет;

- қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа ескерту қажет.

Атиптік жасушаларға қақырықты жинау

Мақсаты: қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары, қатерлі ісік ауруларына күдік болған жағдайда.

Қажеттілерді дайындау:

- таза құрғақ, кең ауызды 50-200 мл банкіні;

- банкінің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палата нөмірі, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы мәліметті айтып, оның рұқсатын алыңыз.

2. Қақырық ерте таңертең (ашқарында) асқа дейін жиналады.

3. Науқастан сұраңыз:

- таңертең, қақырықты 2 сағаттай жинамас бұрын тісін тазалауды;

- ауыз қуысы мен жұтқыншақты қайнатылған сумен тұп-тура қақырық жинар алдында шаюды;

- тік тұруын немесе тік отыруын;

- қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында банкіні ұстауды;

- бірінші рет терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді.

4. Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты банкіге жинап, оны қақпақпен жабыңыз.

5. Жиналған қақырықты тез арада кешіктірмей оны жылы күйінде зертханаға жіберіңіз, себебі атиптік жасушалар жылдам бұзылады.

Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау

Мақсаты: туберкулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.

Қажеттілерді дайындау: көп рет немесе бір рет қолданылатын 3 түкіргішті немесе тығыз бұрандалы қақпағы бар контейнерлерді, таза құрғақ мөлдір әйнектен жасалған кең ауызды 50-200 мл банкіні қақпағымен, жолдаманы жазып банкіге желімдеңіз (науқастың аты жөні, туған жылы, жиналған күні, науқастың теңестіру нөмерін, жолдама Ф-ТБ-05).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

2. Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.

3. Масканы, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.

4. Таңертең таңғы асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз. Науқасқа ашық түкіргішті немесе контейнерді беріңіз.

5. Науқасты тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.

6. Науқастың артынан тұрып, аузына түкіргішті немесе контейнерді жақындатуын сұраңыз.

7. Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшерінде қақырық-ты түкіргіштің немесе контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.

8. Түкіргішті (контейнерді) қақпағымен жабыңыз.

9. Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.

10. Таңертеңгі жиналған қақырықты лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.

11. Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін толтырыңыз.

Ескерту:

- емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды;

- ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады:

- қақырықтың I байқауы - науқас емханаға таңертең қаралғанда медициналық қызметкерінің бақылауымен жинастырады;

- қақырықтың II байқауы - келесі күні таңертең үйде жиналып, лабораторияға апарылады;

- қақырықтың III байқауы - сол күні емханада медициналық қызметкерінің бақылауымен науқастың қақырығын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде);

- қақырықты жинау міндетті түрде медициналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;

- көп рет пайдаланатын түкіргіштер немесе контейнерлер зарарсыздандырылуға және залалсыздандырылуға тиісті;

- бір рет қолданылатын түкіргіш пайдаланып болғаннан кейін жойылуға тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]