Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Пациентті «қолтық астынан ұстау» әдісімен сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)

Қолдану көрсетілімдері: көмектесуге мүмкіндігі бар пациентті сүйемелдеу және

орнын ауыстыру.

  • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріңіз, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

  • Пациент жағдайын және айналадағы жәйттерді бағалаңыз.

  • Отырғышта (төмен кереуетте) отырған пациенттің бүйір жағынан бетіне қарсы тұрып, бір аяқты отырғышқа қатар қойып, екінші аяқ басын сәл бұрып, пациент аяқтары алдына, тізесіне тіреп қойыңыз.

  • Қолды пациент қолтығына енгізу: бір қол басын алдынан артқы бағытта, алақанды жоғары жаққа, бас бармақ қолтықтан тыс орналастырылады; екінші қол – артқы жақтан алға қарай, алақан жоғары жаққа, бас бармақ сыртынан қолтықтан тыс орналастырылады. 2-13 сурет.

  • Сіз өз денеңіздің салмағын еркін бір аяқтан екіншісіне ауыстыра алатыныңызға және ыңғайлы тұрғаныңызға көз жеткізіңіз.

  • Пациеттен алға қарай еңкейіп, сізге жақын тұрған иығымен сіздің кеудеңізге қатты тіреуін сұраңыз (не оған көмектесіңіз).

Пациентті белден ұстап сүйемелдеу (бір медбике орындайды, пациент көмектесе алады)

Қолдану көрсетілімдері: көмектесуге мүмкіндігі бар пациентті сүйемелдеу және

орнын ауыстыру.

  • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріңіз, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

  • Пациент жағдайын және айналадағы жәйттерді бағалаңыз.

  • Пациенттің бетіне қарай бүйір жағынан тұрыңыз. Бір аяқты пациент аяғының алдына, тізесіне тіреп қойыңыз.

  • Пациентің белдегі белбеуіне (юбкасына) екі қолдың бас бармағын қойыңыз, әрі қарай барлық саусақтармен киімінен ұстаңыз. 2-14 сурет (пациентке қосымша жалпақ белбеу салуға болады).

  • Белбеудің сенімді тағылғанына көз жеткізіңіз.

  • Пациент сіздің беліңіз тұсынан ұстауын, не сіздің белбеуіңізден ұстауын сұраңыз.

Пациентті жүрген кезде сүйемелдеу (бір медбикемен орындалады)

Қолдану көрсетілімдері: жарақаттан не инсульттан және т.б. кейін адамнын жүруіне

көмектесу.

  • Пациентке ұстау, сүйемелдеу мәнін түсіндіріп, оның түсінгеніне көз жеткізіңіз.

  • Пациент жағдайын және мүмкіндіктерін бағалаңыз:

  • ол өздігінен не жасай алады;

  • ол қандай колдауды қажет етеді;

  • оған қосымша құралдар керек пе (таяқ, балдақтар, жүруге көмектесетін жабдықтар).

  • Айналадағы жағдайды бағалаңыз (еден ылғалдығы, жеңіл аяқкиім, едендегі бөгде заттар, пациент жолында тұрған аспаптар).

  • Пациентпен қатар тұрыңыз.

  • «Бас бармақпен алақанды ұстау» әдісін қолданып; пациенттің оң қолын өзіңіздің оң қолыңызбен (не сол қолын сол қолыңызбен) ұстап: пациент қолы тіке, алақанымен медбике алақанына тірелген, бас бармақтар «кілттенгендей» жабылған (2.15 –сурет) түрде.

  • Пациентті оң қолмен шынтақ астынан, қолтығынан не белінен сүйемелдеңіз.

  • Пациентке мүмкіндігінше жақын тұрып, егер пациент өзіне сенімсіз болса, оның тізесін (егер медбике оң жағынан тұрған болса) оң аякпен тіреңіз (2.16-сурет).

Пациент өзіне сенімсіз болса, онымен бірге жүріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]