Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру (бір медбике орындайды, пациент көмектесуіне болады)

Қолдану көрсетілімдері: пациенттің шарасыздығы.

  • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

  • Айналадағы жәйттерді бағалап, тұтқаларды төмен түсіріп (егер олар болса), кереует тежегішін бекітіңіз.

  • Пациенттің кереует ортасында көлденең жатқанына көз жеткізіңіз. Пациенттен басын көтеруді сұрап, егер оның жағдайы болмаса, сақтықпен басын көтеріп, жастығын алыңыз; басын кереуетке бас жағына қарай түсіріңіз.

  • Медбике яқтарын ені 30 см-дей қашықтыққа алшақтатып, кереует басы жағында тұрған аяқ басын, бас жаққа қарай бұрып қою қажет.

  • Пациенттен тізелерін бүгіп, аяқ басын және алақандарын төмен қаратып матрацка тығыз қоюын сұраңыз.

  • Медбике бір қолын пациент иығы астына, екіншісін — бөксесі астына жіберу керек. Алға қарай еңкеймей, арқаны түзу ұстап аяқтарды тізеден бүгіңіз.

  • Пациенттен алдын ала іштен дем шығарып, «үш» дегенде кереуеттен аяқ басымен, алақандармен итеруін сұраңыз, немесе қолдарымен кереует басынан ұстауын сұраңыз; «үш» дегенде, іштен дем шығарып, медбикеге көмектсіп, өзі жоғары тартылуын сұраңыз.

  • Сәл теңселіп, «үш» деп санағанда дененің салмағын кереует бас жағында тұрған аяққа ауыстырып және пациент орнын сол бағытта ауыстырыңыз.

  • Пациент қажетті жеріне орналасқанша осы қимылдар қайталанады.

  • Арқасын зақымдамау үшін пациент біртіндеп аздап жылжытылады.

  • Пациент басын, иықтарын көтеріп, жастық салыңыз. Оның ыңғайлы және қажетті қалыпта жатқанына көз жеткізіңіз.

Пациентті бір медбике көмегімен кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру

Бас жағы түсірілетін кереуеттің басына қарай пациентті ақжайма көмегімен орнын ауыстыру (бір медбикемен орындалады)

Қолдану көрсетілімдері: пациенттің шарасыздығы; көмекшінің жоқтығы.

  • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

  • Айналадағы жағдайды бағалау. Кереует бас жағы тым қатты болмауы және қабырғадан әрірек болуы тиіс. Кереуетті тежегішпен бекітіңіз (егер олар болса).

  • Пациенттен (мүмкін болса) көмектесе алатынын сұраңыз.

  • Матрац астынан ақжайма шеттерін суырып шығарыңыз.

  • Жастық алынып қасына қойып, кереует бас жағы төмен түсіріңіз.

  • Пациент көлденең жатқанына көз жеткізіңіз.

  • Медбике аяқтарын ені 30 см-дей қашықтыққа алшақтатылып, бір аяқ алға таман қойылады. Кереует басына қарай еңкеймеу керек.

  • Пациент басы мен иығы тұсындағы ақжайма жиналады. Одан тізесін бүгуді (егер мүмкін болса) және аяқ басын матрацқа тіреуін сұраңыз.

  • Алақанды жоғары қаратып, бас жақтан жиналған ақжайма екі қолмен екі жақтан ұсталады.

  • Өз аяғыңызды тізеден бүгесіз, арқаны түзу ұстаңыз.

  • Орын ауыстырарда пациенттен көмектесуді сұраңыз. Алдымен іштен дем шығарылады, «үш» деп санағанда, денені артқа сәл шалқайтып алып, пациентті кереует басына қарай тартыңыз.

  • Пациент басын, иықтарын көтеріп, жастық салынады, ақжаймасы түзетіледі. Оның ыңғайлы жатқанына көз жеткізіледі.

Пациентті ақжайма көмегімен кереует бас жағына қарай орнын ауыстыру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]