Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Өзгерген биіктіктен пациентті төселген жаялық көмегімен кереует шетіне қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды)

Қолдану көрсетілімдері: ішкиім ауыстыру, басқа орын ауыстырулардың алғашқы сатысы.

Кері көрсетілімдері: омыртқа жотасы жарақаты; омыртқа жота отасы; эпидуральды анестезия.

  • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз. Орын ауыстыруға көмектесетін адамды таныстырыңыз.

  • Пациент жағдайын және айналадағы жәйттерді бағалаңыз.

  • Кереует тежегішін бекітіңіз.

  • Пациенттің кереует ортасында көлденең жатқанына көз жеткізіп, тұтқаларды төмен түсіріңіз (егер олар болса).

  • Сіз көмекшіңізге кереуеттің екінші жағынан тұру қажеттігін айтыңыз.

  • Пациенттен басын көтеруді сұрап (егер оның жағдайы болмаса, сақтықпен басын медбике көтереді), жастықты алыңыз. Жастықты кереует бас жағына қойыңыз.

  • Төселген жаялық шетін пациент бағытына қарай, қолыңыз пациент денесіне тигенше шиыршықтап жинаңыз.

  • Өзіңіз алдыңызға, кереуеттің босаған бөлігіне, пациент денесі бойына көпшікті (протектор) қойыңыз.

  • Сіздің көмекшіңіз екі аяғын ені 30 см-дей қашықтықта қойып түрегеп тұрады, бір аяғы алда, тізелері сәл бүгілген.

  • Мүмкіндігінше кереуетке жақын тұру: бір тізе кереуетте жатқан протекторға қойылады, екіншісі еденде орнықты тұрады.

Пациентті орнынан төселген жаялық көмегімен ауыстыру

  • Алақанды жоғары бағытта ұстап, шиыршықталған жаялықтан ұстаңыз.

  • Іштің, бөксенің және арқа бұлшық еттері қатайтылады. «Үш» деп санаған сәтте пациентті ептеп көтеріңіз және кереует шетіне төселген жаялықты пайдаланып жылжытыңыз.

  • Кереует үстінде жылжытылмай, пациентті жеткілікті мөлшерде төсектен жайлап жұлқымай көтеріп пациенттің орнынан ауыстырыңыз.

  • Көтерген кезде өз салмағыңыз еденде тұрған аяқтан, кереует үстінде тұрған тізеге ауыстырыңыз.

  • Сіздің көмекшіңіз өз салмағын алға созылған аяқтан, артта қалған аяғына ауыстырады.

  • Пациентке басын және мойнын көтеруге көмектесіңіз және басының астына көпшік салыңыз.

  • Төселген жаялық шетін түзетіңіз.

  • Әрі қарай пациентті кереует шетіне ауыстыру себебіне байланысты шараларды орындаңыз.

Пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнын ауыстыру (екі адам орындайды, пациент көмектесуіне болады)

  • Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз. Орын ауыстыруға көмектесетін адамды таныстырыңыз.

  • Айналадағы жәйттерді бағалаңыз. Тұтқаларды төмен түсіріп (егер олар болса),

кереует тежегішін бекітіңіз.

  • Пациенттің кереует ортасында көлденең жатқанына көз жеткізіңіз, пациенттен басын көтеруді сұрап, (егер оның жағдайы болмаса), сақтықпен басын көтеріп, жастығын алыңыз; кереуеттің бас жағына қарай пациентті көтеріңіз, ол үшін:

  • Екі медбике де бірдей екі жағынан тұрып, қолдарын пациент иығы астына, екінші қолдарын — санының астына қояды (әдіс қауіпсіз емес);

  • Немесе бір медбике пациенттің кеудесінің жоғары бөлігі тұсында тұрып, қолын пациенттің мойны мен иығы астына өткізіп, екінші қолымен пациенттің қасында жатқан қолы мен иығынан ұстайды.

  • Екінші медбике пациент кеудесінің төменгі бөлігі тұсында тұрады және қолдарын оның белі мен санының астына жібереді.

Пациентті кереуеттің бас жағына қарай орнынан ауыстыру

  • Медбике яқтарын ені 30 см-дей қашықтыққа алшақтатып қояды,бір аяқ сәл кері тұрады..

  • Пациенттен аяқ басын төсектен көтермей, аяқтарын тізеден бүгуін сұраңыз.

  • Пациенттен иегін кеудесіне тақауды сұраңыз.

  • Пациент аяқ басымен төсекті итеріп, орнын ауыстыруға көмектесе алатынына көз жеткізіңіз.

  • Білектеріңіз науқас төсегі деңгейіне келетіндей етіп, өз аяқтарыңыз тізеден бүгіңіз.

  • Пациенттен «үш» дегенде, іштен дем шығарып, аяғымен төсектен итеріп, кеудесін көтеріп және кереует бас жағына жылжуды сұраңыз.

  • «Үш» дегенде әуелі сәл теңселіп, дененің салмағын артқы жақта тұрған аяққа ауыстырылады. Осы кезде пациент өкшесімен итеріп, кеудесін көтереді.

  • Пациент басын, иықтарын көтеріп, жастық салынады. Оның ыңғайлы және қажетті қалыпта жатқанына көз жеткізіңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]